cart-icon Товаров: 0 Сумма: 0 руб.
г. Нижний Тагил
ул. Карла Маркса, 44
8 (902) 500-55-04

Салт дәстүр әдет ғұрып – Қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері | Sauap.org

Салт-дәстүр — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.[1]

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.

[2]

Салт дәстүр мәселесі Қазіргі таңда салт дәстүр мәселесі алғашқы орындарды тіреп тұр. Қазақ халқында көптеген салт дәстүрлер мен ырымдар бар. Бірақ өкінішке орай адамдардың көбісі ырым мен салт дәстүрді шатастырады екен. Ата баба өсиеті болып келе жатқан салт дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері болса, ырым жырымдар арнайы тыйымдар үшін қолданылған

Дереккөздер:[өңдеу]

  1. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. — 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  2. ↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 — том

kk.wikipedia.org

Дәстүрлер, салттар, әдет-ғұрыптар — Студент

Ұлттар өміріндегі ұлттық психологиямен тығыз байланысты көкейтесті мәселенің бірі- ол ұлттық әдет ғұрыптар, дәстүрлер болып саналады.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жосық, жол-жоралғы, атамекен, аламан,, шежіре , қара шаңырақ, жоқтау, естірту, жұрағат, туажат, жүрежат, әмеңгерлік, жеті ата, ру, тайпа, тектілік, беташар, бата, ерулік, кісілік, ырым, ырыс, ысырап, тиым, қазақ этнопсихологиясының ұғымдары екендігі.

Ұлттық психологияның ерекшеліктері мәдениетте, тұрмыста, сондай-ақ ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде де айқын көрінеді. Әдет ғұрып дегеніміз бұл Әр этносқа тән біртіндеп дәстүрге айналған қоғамдық салт-сана. Дәстүр дегеніміз-әр халықтың әдет ғұрпына әбден сіңген әдет-ғұрпы.

ХІХ ғасырдың 40 жылдары қазақ даласына жіберілген поляк революционері А.Янушкевич халқымыздың дәстүрі,әдет-ғұрыптары мен тұрмысы жайлы деректер жинап қалдырған кісі. Ол бір мерекеге қатысып жырлар мен күйлерді,ақындарды тыңдап,ойын-сауықтарын тамашалап,әсіресе,суырып салма ақындар өнерін ерекше атапты. Сөйтіп,қазақтарға тән айтысты «бұл халықтың ойлау қабілеті таңғажайып екен» деп бағалаған болатын.Айтысөнері халқымыздың әлеуметтік өмірін таразылап отырған,шындық пен жаланы,ақ пен қараны саралаған адамгершілік құдіретінің мкетебі. Қазіргі кезде республикамыздың жер-жерлерінде айтыс дәстүрі қайтадан дами түсуде. Сондықтан мәдениет мекемелері мен тиісті қоғамдық ұйымдар айтыс өнерінің өркен жайып отыруына ат салысып,заман талабына сай талап-тілектерге бейімдеп,тәрбиелік мәнін көтеру міндетін жолға қойулары керек.Әсіресе,айтыс өтетеін орындарға аударма қондырғыларын орнатып,республикада тұратын өзге де ұлыттардың ортақ тәлім-тәрбие ордасына айналдырған жөн.

Осы мәселелерге арналған әдебиеттерде ұлттық әдет ғұрыптардың, дәстүрлердің саяси-әлеуметтік өмірдегі орны мен ролі, оның таптық сипаты, прогрессивтік рухани маңызы әрі еңбекшілерді ұлтаралық досытық рухында тәрбиелеудегі мәніне , ұлттық қатынастардың жетілу процесіндегі ықпалына материалистік тұрғыдан талдау жасалынады. Әйткенмен ғалымдардың тұжырымдарында кейбірулер ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді ұлттық психологияның құрылымдық элементтеріне жатқызса, екінші тобы оның тек психологиялық жағын, негізін қатыстыруды ұсынады. Айтылып отырған құбылысты біздер толығымен тек ұлттық психологияның элементі деп есептесек, онда әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер психологиялық қажеттіліктен пайда болған деген пікір туады.

Әрбір халық өздерінің әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, саль-жораларын ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отырады әрі сақтайды. Олардың ұлттық мәдениетінде, тұрмысында бөлінбестей болып қалыптасады. Әрине, халықтар өмірінің деңгейі өзгеруіне сәйкес дәстүрлер де ауысады, дамиды.

Ұлттық дәстүрлер олардың өмір ерекшеліктеріне сәйкес сол ұлттың көшлік өкілдеріне тиісті болатын қоғамдық даму мен табиғат құбылыстарының қайталану заңдылықтарының нәтижесі. Қоғам басшылыққа алатын әдеттер адамның өзі ұстанатын еркіне тәуелсіз, әйтеуір, бір факторлардың салдарынан пайда болып, сақталады. Сондықтан оларға қалай да тарихи тұрғыдан қарау керек. Олар адамдар арасындағы қатынастарда ойша шамалаудың, топшылаудың, амоционалдық көріністің түрлерімен формалары ретінде пайда болды. Бұл туралы К.Маркс «Егер форма белгілі бір уақыт бойы өмір сүретін болса, ол әдет-ғұрыптармен дәстүр ретінде бекиді де, ақырында ұнамды тәжірибе ретінде қолданылады» деп атапкөрсеткен еді. Айтылған қағидада түрлі әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің пайда болуы мен өмір сүруінің мәні көрсетіліп отыр. Материалық өндірістік деңгейіне байланысты болатын тұтынудан шығатын дәстүрлер мен әдет ғұрыптар адамдар арасындағы қатынастардың нормалары, әдісімен формалары болып есептеледі.Материалдық алғышарттардың өзгеруіне лайық ұлттардың әдет-ғұрыптары, дәстүрлері белгілі уақытқа дейін адамдардың өзара қатынасы ретінде қала береді.

Ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар материалдық өндірістік жағдайына байланысты болғандықтан, оған әрбір қоғамдық тап түрліше қатынаста, қожалықта болуына сәйкес таптық мүддеге бөлінеді. Өздерінің таптық сипатына лайық, дәстүрлермен әдет ғұрыптар сол таптың өкілдерінің пайдасына қызмет етеді. Таихтан белгілі, нәрсе-дін билеуші топтарға бейім жағдайда болып олардың қызметіне тиісті комегін беріп отырған.

Дінге саяси көзқарас күрделі нәрсе. Дін тарихи қалыптасқан адамзат санасының дәстүрлері формасы. Оған біздің елімізде Қазан төңкерісінен соңғы жылдары Заң жолымен қаталдық жасалынды. Шіркеулер мен мешіттер талқандалып дінге сену ресми айыпталуға ұшырады, тарихи қалыптасу заңдылығы ескерілмеді. Діни сенім біржақты ғана бағаланып адамдардың ішікі рухында «жасырын» өмір кешті. Қазақ ұлтының рухани игілігіндегі мұсылман діні де имандылық, ізетшілікдік пен қайырымдылық сияқты жалпы адамзаттық қасиеттерді насихаттаудан қашты. Осының бәрі жастар өміріндегі ұлттық дәстүрдің тәлімдік мәнін кемітіп сенімсіздікке ұшыратты. Жаңаша саяси ойлау, республика егемендігі мұндай қателіктерді орнына келтіруге қадам жасауға бет бұруда. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңы республика Конституциясында, сондай-ақ адам құқықтары туралы халықаралық актілер мен келісімдерде баянды етілген азаматтардың діни сенім бостандығы жөніндегі құқықтарын іске асыруға кепілдік береді. Білім беру мекемелерінде нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік төзбеушілік пен алабөтендікті насихаттауға,халықаралықжәне адамгершіліктің жалпы жұрт таныған принциптеріне қайшы келетін милитаристік және өзге идеяларды таратуға тиым салынған. Осындай игілікті ұмтылыстар халқымыздың сана-сезімін,ұлыттық рухын жетілдіре түсуге жөн сілтейді.

Айтып өткеніміздей,әдеп-ғұрыптардың жақсысы да,жаманы да бар екені даусыз. Қазақ халқында өлікті ел болып бірлесіп,ағайын-туысқан жиналып өкінішті бірге бөлісіп жерлеу теріс ғұрып емес. Жерлеу шығынын жақындары ортасынан көтеріп,кейін киімін ескертіп бір-бірден бөлісіп алу қауымшылдықтың жақсы белгісі болатын.Осы күнгің өзінде кей жерлерде құнықан қулар, өлген кісі өлгені болмаса да, арандары ашылып, барды місе тұтпай, тіпті «жаңа ішік, тон, пальто мыңдаған ақша салыңдар сүйегіне» деп, шаруасы шағын отбасына да қиғылық салатынды шығарыпты. Әрине, бұл жағдайда қазақтың туысқандарына киім беру дағдысы кінәлі емес. Бұл дүние қуалаған кейбір қожа-молдалардың арсыздық қылығы.Осындай жанжалдардың ертеректегі көрінісін белгілі жазушы Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер» трилогиясында ерекше анық суреттейді. Осы тұста кейбір зерттеушілер әдет-ғұрыптың шиеленісіп, дұрыс ұйымдаспауын «қазақтың өлік жерлеудегі әдетінің оңбағандығы» деп түсінетін көрінеді. Мәселе әдеттің оңбағандығы емес, оның әнін айналдырыпөз құлқына өз құлқынына пайдаланбақшы болған топтардың оңбағандығы екенін ұғынуымыз керек.Аға ұрпақтан дәстүр болып жалғасқан рухани байлығымыздың саралы қасиеттерін бойға сіңіріп үлгі еті

Ұлылардан ұлағат

Адамның асқан сұлулығы оның сезгіштігі.

В.А.Сухомлинский

Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын иісі, тіл дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мұндағы ой-хабар алып, жақсы жаман әр істі сол тексермек.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

baribar.kz

Салт — дәстүрім – таусылмайтын байлығым

Тақырыбы: Салт — дәстүрім – таусылмайтын байлығым.
Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт — дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері.

Барысы:
1 — жүргізуші:
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
2 — жүргізуші:
Қазағымның салт — дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт — дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл — гүл жайнап мына біздің төрімізге.

Өнерлі халық — өміршең халық, қазақтың әдет ғұрпына бағытталған «Салт — дәстүр – асыл қазына» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Ән: «Қазақтың салт — дәстүрлері»
1 — жүргізуші. Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт — дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп өтсек.

Қазақ халқының салт — дәстүрлері:
Отау көтеру дәстүрі
Отбасы, тұрмыс дәстүрі
Еңбек дәстүрі
Тәрбие дәстүрі
Наурыз дәстүрі
Қаза ғұрпы
Ислам тағылымы

1 — оқушы: Тәрбие дәстүрі.
Әр ұлттың, халықтың, діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізгі салт ретінде қалыптасқан. Шілдехана (салт)- жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын — сауық, той. Кіндіккесер (салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс. Бесікке салу (салт)- жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік — қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Қырқынан шығару (салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан. Тұсау кесер (салт)- сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Қазақтың өмір салты, өрен салты т. б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.

2 — оқушы:
Қазақ халқында қалыптасқан ғұрыптар Ат қою (ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған. Айдар (ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қоады. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады. Кекіл (ғұрып). Жас балардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды.
3 — оқушы:
Дәстүр — халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени — тұрмыстық, кәсіптік, салт — сана, әдет — ғұрып, мінез — құлық, тәлім — тәрбие және рухани іс — әрекеттер көрінісі.
Базарлық (дәстүр)- алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.
Байғазы (дәстүр)- балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
Тілашар (дәстүр)- баласы жеті жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу — жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «Тілашар» тойы деп атайды.
Жеті ата (дәстүр)- халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген.
Асату (дәстүр)- ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.
2 — жүргізуші:
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойда,
Керемет рәсім жасайық.
Бала: Сүйінші, сүйінші, дүниеге сәби келді.!
Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой! Сүйінші сұрау шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған, мінекей сүйіншіңді ала ғой.
1 — жүргізуші: Ой қандай керемет, дүниеге бір қазақ келді десейші!. Балаға қандай ат қойсақ болады екен?
Қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою» рәсіміне кезек берейік.
«Балаға ат қою» рәсімі жасалады.
2 — жүргізуші: Енді дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын сияқты. Қызықты үзбей «Бесікке салу» рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты, сен қалай ойлайсың?
«Бесікке салу» рәсімі жасалады.
1 — жүргізуші:
Халқымның қолөнері аса көркем,
Қуанады, сүйсінеді оны көрген.
Қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне бір сәт саяхат жасап қайтсақ қайтеді?!. Бүгінгі кеште ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарын қарашы, қандай керемет! «Шешеден көріп тон пішер, әкеден көріп оқ жанар» демекші біздің сыныптың қыздары кесте тігіп, тоқыма тоқып, көрпе құрап отыр, ұлдарымыз болса қамшы өріп қызу жұмыс үстінде. Бұның өзі қазақтың тұрмысының тамаша көрінісі емес пе?! 2 — жүргізуші; Айтпақшы біз атын қойған кешегі сәбиіміз бүгінде жүруге талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді.
«тұсау кесу»рәсімі жасалады. Әже: Жолың болсын деселік,
Жолыңа нұр төселік.
Жарылқасын алдыңнан,
Тұсауды кесейік,
Күрмеуіңді шешейік.

(Сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.)

1 — жүргізуші: Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.
Батаменен жер көгереді.
Баламызға аталарымыз батасын берсін….

2 — жүргізуші: Қарашы, ана жақта да қазақ жастары уақыттарын қызықты өткізіп жатқан тәрізді. Сол жаққа барып қайтсақ қайтеді…
Қыздар бұл ойнап жатқан ойындарың қандай ойын, қалай аталады?
(Қыздар «Бес тас» ойынын түсіндіріп береді.)
1 — жүргізуші: Жігіттеріміз де қызу ойынға кіріскен тәрізді, ал жігіттер қандай ойын ойнап жатсыңдар?
(Ұлдар «Асық» ойынын түсіндіреді.)
2 — жүргізуші: Бүгінгі кешіміз қызықты өтуі үшін келесі кезекті танымдық ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез — келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен.?

«10» саны
— Он ата шежіресін таратып беріңіз.(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жұмағат)
«3» саны
— Үш мақсатты ата.(жол мақсаты — жету, дау мақсаты — біту, сауда мақсаты — ұту)
— Үш арсыз (ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)
— Үш алыс (кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын)
— Үш биді атаңыз (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
— Үш жүзді атаңдар (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
— Үш даусыз (мінез, кәрілік, ажал)
— Жігіттің үш жақын жұртын ата.(ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)
— Үш арыс (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
— Үш сауап (шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен)
Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
— Үш тәтті (жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)
«4» саны
— Төрт қонақ түрін атаңдар (арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)
— Төрт түліктің пірін атаңыз (түйе пірі — Ойсыл қара, жылқы пірі — Қамбар ата, сиыр пірі — Зеңгі баба, қой пірі — Шопан ата, ешкі пірі — Шекшек ата)
— Төрт қымбат не? (Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт — береке атаң қымбат.
Мейіріміңді анаң қымбат,
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат)
«5» саны
— Бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
— Бес асыл (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
— Бес байлық (Әуелгі байлық — денсаулық.
Екінші байлық — еркіндік.
Үшінші байлық — тіл байлық.
Төртінші байлық — қайрат — күш, ақ жаулық.
Бесінші байлық — балаңыз.)
— Бес қаруға нелер жатады?(мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)
— Бес жақын кімдер? (Тату болса — ағайын жақын,
Ақылшы болса апайың жақын.
Бауырмал болса — інің жақын,
Инабатты болса — келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын – қарындасың.)
«6» саны
— Алты алаш деген кімдер?
(Алаш ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан)
— Алты қиынды атаңдар.(Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын,
Шанышқылаған сөз қиын.
Жазылмаған дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын,
Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен өрт қиын
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас миың)
«7» саны
— Жеті жұт.(құрғақшылық, мал жұтау, оба,(індет), өрт, соғыс, жер сілкіну, сел (тасқын)
— Жеті күнді атаңдар (Бүгін — дүйсенбі.
Ертең — сейсенбі.
Бүрсігүні — сәрсенбі.
Арғы күні бейсенбі
Қасиетті күн жұма
Соңғы күні — сенбі
Азына — жексенбі.)
— Жеті қазынаны атаңыз.(ер жігіт, сұлу әйел, ілім — білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)
Жеті атаны таратыңыз?
(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.)
— Жеті жетімге нелер жатады?
(Тыңдаусыз қалған сөз жетім,
Қиюсіз қалған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу — қазсыз көл жетім.
Елінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол жетім.)
1 — жүргізуші:
Ата — дәстүр абырой көтергенде,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде.!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.
«Сөздің көркі — мақал» деген ұғым бар. Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік. Қане, екі жақтан жарысқа кім шығады? — Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.
— Амансың ба, досым. «Қуыс үйден құр шықпа»деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.
— «Сыйлап берген су сатып алған балдан артық»дегендей жайғассақ жайғасайық.
— «Сыйға сый, сыраға бал»демекші өткенде өздеріңе риза болып қайттық қой.
— «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер»демекші татулық пен ауызбірлікке не жетсін!
— «Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар»деген ғой, о не дегеніңіз?
-«Бірлік түбі — тірлік»деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.
-«Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады»дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.
-«Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер»демекші қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.
-«тау тауға қосылмас, адамға адам қосылмас»деген, әлі кездесерміз, сау бол!
2 — Жүргізуші:
Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шұрайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы. Бұған осы көріністен — ақ көз жеткізген боларсыздар.
1 — Жүргізуші:
Құрметті көрермен қонақтар, сіздерге де көңіл бөлген дұрыс сияқты. Қазақта қонақкәде деген бар. Олай болса сергіту сәтімізде сіздерге қояр тапсырмамыз бар. Мына үзік — үзік сөздерден мақал құрастыру керек.
1. Ұяда ұшқанда (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.)
2. Ата… бала…(Ата — бәйтерек, бала — жапырақ.)
3. Ер… ез…(Ер біл өледі, ез мың өледі.)
4. Өле… бөле…(Өле жегенше бөле же.)
5. Таяқ… сөз…(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)
6. Мал… жер…(Мал баққандікі, жер жыртқандікі.)
7. Тентектің… түстен…(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.)
8… сүйіндіреді,… күйіндіреді…(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)
9. Мысыққа…, тышқанға…(Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.)
10. Мектеп…, білім,(Мектеп — кеме, білім — теңіз.)
2 — жүргізуші:
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты — заман өзгерсе де ұлттық салт — дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт — дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!

www.metod-kopilka.ru

Шығарма: Қазақтың салт-дәстүрлерінің маңызы » ZHARAR © 2019


Райым Ақерке
8 сынып,№2 ЖББОМ
Теміртау қаласы
Жетекшісі:Азирбаева Г. К.


Қазақтың салт-дәстүрлері ежелден келе жатыр.Ол ұрпақтан-ұpпаққа ауыcып отырады.Қоғамдық ұйымдар мен адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен өте тығыз байланысты, cол себептімәдeниеті жоғары дамыған ел- дәстүргe бай. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық,шындық озық дәcтүрлeрге жатады.Дағды, әдeт-ғұрып дeген ұғымдар адaмның мінезі және қанғa сіңгeн қылықтарды білдіpеді. Уақыт өткeн сайын салт-дәстүрге өзгеріс енген.Салт-дәстүр қазақ үшін бұлжымас заңға айналған.
Әдет- ғұрып. Замандар бойы сыннан өтіп келеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата бабадан әулетке мұра болып ауысып, ұрпақтан- ұрпаққа жетіп келген. Онсыз халық болымсыз тас мүсін тәрізді. Қазақтың балаларын үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарауға кішкентайынан бастап үйретеді. Қарттарға деген құрметілігі сонша – отбасында бір қиын мәселелер туындап калса, бәріде ата немесе әжелердің, жалпы айтқанда көпті көрген қарттарымызға көмегіне жүгініп, сөзіне мән беріп тындайды.Ата-аналарымыз кішкентайымыздан «егер қарттарды сыйласаң, құдай сені сыйлайды» деген нақыл сөзді миымызға құйып өсірді және әлі күнге дейін айтып жүреді. Егер үйге ақсақал кіріп келсе,жас адам түрегеліп бас иеді және әзіл қалжыңдар тыйылады.
Ғұрып. Қазақ халқының ұлттық болмысы мен мінезінде, жадында ата-баба ұлы істерінің жақсы үрдісін сақтау және оны дамытуды көздеген, мақсат еткен. Мұны ғұрып дейміз. Ғұрыптың адам санасы мен тәрбиесіне қосқан үлесі өте зор. Ел ішінде мұны сақтап ұрпақ санасына сіңіріп отыратын аталарымыз мен билеріміз, ел ағаларымыз, молдаларымыз, шешендеріміз болған.
Салт-дәстүр түрлері:
Сәлемдесу. Әр елдің өзіне тән амандасу мәнері мен ережесі бар. Сол сияқты біздің елде сәлемдесудің өте сыпайы түрі тараған. Мысалға,жасы кіші адам жасы үлкенге «Ассаламағалейқұм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайқұмассалам!» деп жауап береді. Тек сәлемдескеннен соң егжей-тегжейлі аман-саулық сұрасады. Осылай сәлемдесу тіпті бірін-бірі танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады. Осы амандасуға байланысты қазақта өте көп мақалдар мен ырымдар бар соның бірі: егер амандық сұраған адамға , саулығын айтпай немес амандаспаған адам күнәһар болып саналады, — деген сияқты ата-бабаларымыз сәлемдесуге көп мән берген.
Той. Дүние жүзі бойынша барлық халықтар той жасайды. Қазақ халқының өміpіндe «той» eжелгі зaманнан бастап үлкен орын алғaн. Мысалы, қыз ұзaту, үйлену, шілдехана, сүндет тoйлаpы. Қыз ұзату, үйленy, сүндет тойларына балуaн күpеc, көкпар, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар өткізеді. Тойдың жақcы дәстүрлері бүгінге дейін жақсы сaқталған.Қазақтын үйлену тойында міндетті түрде жар-жар айтылады.
Айттыру — бұл салт қызға құда түсу алдындағы дәстүр .Бірінші жігіттің әкeсі қыздың басы бос екенін, әке-шeшесінің қарсы емес екендігін білeді. Содaн соң қызды рeсми түрде айттырaды.Бұрынғы салт бойынша қызға жігіттің, жігітке қыздың eсімін aтатады. Той қамы, үлкен кісілергеберіледі.
Беташар. «Уә әлеумет! Беташарды тыңдайық!». Жаңа түскен келінді «беташар» дәстүрі бойынша жасалмай келінді ешкім көре алмайдығой. Оны көру үшін әдейі «беташар» жасалады . Оған тойға жиналған туыс туғандар қатысады. Жас келіннің екі жағында сол отбасының екі келіндері тұрады.
«Беташар» жыры айтылып отырғанда, келін оның атасына, енесіне,оның басқа туыстарына таныстырылып, келін оларға сәлем салады. Сәлем салған адамдар «көрімдік» ретінде ақша береді.Бет ашатын жігіт жырды желдірте,көңілді көтере жыр төгуі керек. Мысалға:
Келін келді көріңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Анау мынау демеңіз,
Түсін айтып қойыңыз,-деп бастаған әнші жігіт жас келіннің аталған жақындарына лайық әзіл қалжындарын араластыра «көрімдік» сұрап , жұртты көңілді күлкіге қарық қылады. «Беташар » тойдың басы әрі сәні, жас келіннің жаңа өмірге бет алғанын білдіретін салтанатты, ажарлы дәстүрлердің бірі.
Жаңа әулеттің табалдырығын аттау. Қазақтың салт-дәстүрлері бір болғанымен, Қазақстаннның әр қаласында әр қилы етіп жасайды. Кейбір қалаларда жас келін жаңа отбасының табалдырығын аттағанда ол, барлық уақытта да бәйек болуы тиіс, себебі оның күйеуінің жолдастары келіп,келінді сынамақ ниетпен қалжыңдаса бастайды.
Дәстүр бойынша ол келген жолдастарымен сөйлесуі және сұрақтарына сақтықпен жауап беруі керек. Жас келін қайын атасы мен енесінің қадағалауы бойынша адамдарды жақсы ниетпен қарсы алып, қабақ шытпауы керек.
Шашу.Жаңа туған нәрестенің, жаңа түскен келіннің тойына барғанда, қуаныштың белгіcі ретінде құрт, кәмпит, өрік-мейіз шашaды. Шашуды жастары үлкен әйелдер, әжелер шашады да, оныбалaлар теріп алады. Қазақтардың ежелгі дәстүрі бoйынша,қуанышты той жасаған отбасының үйіне oның жақындары «тойғa шашу» дeп, тәтті тағамдар әкеледі.
Бала тәрбиесі.Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қазақтың тәрбиелік үлгі-өнегелері ұрпақтан -ұрпаққа ауысып отырады.
Адам жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем береді. Алға келген астан алдымен жасы үлкен адам,содан кейін жасы кішіадамдәм татады. Тамақ ішіп отырғанда адам көп сөйлеуге болмайды. Бұл балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлеуге, сақтыққа, адамгершілік қасиеттерге баулиды. Мәселен, «Аққа Құдай жақ»,«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды», «Жақсыда жаттық жоқ», «Жаман үйді қонағы билейді», «Жақсы жігітке жеті өнер де аз» сияқты мақалдардың тәрбиелік маңызы өте зор.
Айдар.Бұл салтта ұлб aлалардың төбе шашын моншақ аpаластыpып өp іп қояды. Бұл ғұрып негізінен ер бaлаға жасалады. Мұны «айдар» деп атайды.
Тұсау кесy . Баланың aяғына ала жіппeн немесe қойдың піскен майлы ішегімен байлап, бала-шағалы, аяғы жeңіл, ақкөңіл aдамға кескізеді. Тұcау кесу құрметіне тағaм дайындaп , көpшілеpді жинап, жеңіл-желпі құрмет көрсетіледі. Тұсау кeскeн адамға сыйлық беріледі.Негізінен бұл салтта бала 11-12айлығында немесе 1жасында жүре бастаған кезде жасалады
Сүйінші — қуанышты хабар әкеліп айтушыға берілетін сыйлық. Дүниe ге жас нәресте дүниеге келгeнде, келін түcкенде, жоғары атақ беpілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуaнышты хабарлаушы адам сүйінші cұрайды, сол кездe бағалы зат немесе ақша берілуі керeк. Сондықтан бұл салтты «сүйінші» деп атаған. Сыйлық — құрмeт сыйластық көрсeту, ол барлық ел араcында ертeден келе жатқан дәстүр. Бұрын қaзақтарда мәртебелі , даpынды ақын-әншілeрге, құдаларға сыйлық беpілген. Сыйлыққа түйеге, атқа мінгізіп, шапан жапқан немеcе бағалы заттар берген. Ал қазіpгі кезде озат адамдарғa, үздік спopтшыға ақшалай cыйлықтар беру әдетке айналған.Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Жалпы қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет екендігін айқындап тұр.
Қымызмұрындық — қымыз ашыту маусымы басталуына байланысты. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында дастарқаннан тамақ жеседі. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдарыбірінші батасын береді екен. Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз уйықтай беруіне әбден болады.
Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тонын алып салатын. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақтардың арасында өте сирек кездеседі.
Сыбаға — қазақтың ежелден келе жатқан кәделерінің бірі. Соғым кeзінде ауыл адамдары біp-біріне сыбаға берген. Сыбаға келген үй әкелген cыбағағa көрші-қолаңдарын, жақын туыcтарын шақырaды. Сыбaға әкелгeн табаққа тиісті сыйлығын сaлып қaйтаpады. Көбінесе отау үйдің aдамдары қаpa шаңырaққа немесе жасы үлкен адамдаpға cыбағa береді.
Бата беру.Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы бұрыннан келе жатыр. Ол әрбір іске кірісер алдында міндетті боп саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы айтқанда жұртқа қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам өзгелерге Жаратушы Алладан жақсылық, табыс,бақытты өмір, денсаулықты тілейді. Батаны жасы үлкен адам беруі тиіс. Бата екі қолды алдыға қарай жоғары созып, екі алақанды өзіне қарата бұрып беріледі. Бата «әумин» деген сөзбен аяқталады.
Бата адамдардың лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, жақсыәрі қайырымды істерге баулиды. Қандай да бір іске кірісерде, дастарқаннан дәм татып отырғанда немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда әркім ақсақалдардан бата алып жүрген. Бата шаңырақ көтерген, жеке үй-жай болғандарға да беріледі. Қазақтар өздерінің балаларына атақты кісілерден, жақсы жетісткке жеткен қонақтардан бата алып қалуға тырысқан. Ислам дінінің таралуына байланысты, бұл дәстүр бұрынғысынан да күшейе түсті. Қайтыс болған адамның үй-іші мен туған-туыстарына көңіл айту кезіде бата беріледі, марқұмның өзіне де, артында қалған түлектеріне де ізгі тілектер білдіріледі.
Қорыта келгенде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан қазақ халқының салт-дәстүрі және ежелден келе жатқан ырымдардың тәрбиелік жағынан болашақ ұрпаққа маңызы өте зор.Біздің міндетіміз сонау ата-бабамыздан келе жатқан осы салт-дәстүр мен ырымдарды өз орнында орындап, насихаттап, маңызын жоғалтпай келешек ұрпаққа жеткізе білу.

Полную версию материала можете скачать через !!!!


www.zharar.com

«Қазақ халқының салт- дәстүрлері»

Тақырыбы: Қазақ халқының салт- дәстүрлері

Мақсатым:1)оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,халық өнегесін үйрету;

2)ата-анамен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.

Көрнекілігі:суреттер,ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,ұлттық бұйым көрмелері.

Барысы:

1-оқушы :

Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

2-оқушы:

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

3-оқушы:

Жиналыппыз,сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз,кәріміз де.

Төрлетіңіз,қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төріміз.

 

Өнер халық- өміршең халық,қазақтың әдет-ғұрпына,салт-дәстүрлеріне бағытталған «Салт-дәстүр-асыл қазына»атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек.

 

Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.

Тәрбие дәстүрі.

Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.

2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.

3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.

Ғұрып.Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.

Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:

1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.

2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды.

Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.

 

Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп,жалғасын және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.

Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.

1)Тыштырма(дәстүр)Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт,ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.

2) Базарлық(дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,көрші-көлем,жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

3) Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.

4)Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны «тілашар»тойы деп атайды.

5( жеті ата(дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген.Олай болса жеті ата:Бала,Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

6) Асату(дәстүр).ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

Оқушы. Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке ,бұл тойда

Керемет рәсім жасайық!

Бала: Сүйінші,сүйінші.дүниеге сәби келді.

Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау-шын қуаныштың белгісі.Қазақ сүйіншіден нені аяған.Мінеки сүйіншіңді ала ғой.

Оқушы:Балаға қандай ат қойсақ болады екен?

Қане қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою»рәсіміне кезек берейік

( «Балаға ат қою» рәсімі жасалады.)

Оқушы:Енді дүниеге келген баланы бесікке салу әжелеріміз де дайын сияқты. Қызықты үзбей «Бесікке салу»рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты. (Бесікке салу)

Оқушы:Халқымның қолөнері аса көркем,

Таң қалып қарап қалар оны көрген,-деп қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне бір сәт саяхат жасап қайтсақ қайтеді. Бүгінгі кеште ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарын қарашы, қандай керемет! «Шешеден көрген тон пішер, әкеден көрген оқ жонар»демекші біздің сыныптың қыздары кесте тігіп,тоқыма тоқып,көрпе құрап отыр, ұлдарымыз болса қамшы өріп қызу жұмыс үстінде.Бұның өзі қазақтың тұрмысының тамаша көрнісі емес пе?

Оқушы: Айтпақшы біз атын қойған кешегі сәбиіміз бүгінде жүруге талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді.Жүр қалып қоймай соны тамашалайық.( «тұсау кесу» рәсімі)

Әже: Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төселік.

Жарылқасын алдыңнан,Тұсауыңды кеселік,

Кірмеуіңді шешелік,-деп сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.

Оқушы:

Баталы құл арымас,

Батасыз құл жарымас.

Батамен ел көгереді,

Жауынмен жер көгереді,-демекші баламызға аталарымыз батасын берсін.

Оқушы: қарашы ана жақтада қазақ жастары уақыттарын қызықты өткізіп жатқан тәрізді.Сол жаққа барып қайтсақ қайтеді.қыздар, бұл ойнап жатқан ойындарын қандай ойын , қалай атайды?( « бес тас»ойыны түсіндіреді)

Оқушы: Бүгінгі кешіміз қызықты өту үшін келесі танымды ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен?

1-сұрақ

Он атаны таратып беріңіз.

( әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жамағат)

2-сұрақ

Үш мақсатты ата.

Жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту, сауда мақсаты-ұту.

3-сұрақ

Үш арсыз.

Ұйқы арсыз , күлкі арсыз, тамақ арсыз.

4-сұрақ

Үш алыс

Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.

5-сұрақ

Үш биді атаңыз.

Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

6-сұрақ

Үш жүзді атаңыз.

Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

7-сұрақ

Үш даусыз.

Мінез, кәрілік, ажал.

8- сұрақ

Жігіттің үш жақын жұртын ата.

Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.

9-сұрақ

Үш арыс

Сәкен Сейфуллин, Бейінбет Майлин, ілияс жансүгіров.

10-сұрақ

Үш сауап

Шөлге құдық қазған.

Өзенге көпір салған.

Жолға ағаш еккен.

11сұрақ

Үш байлық

Денсаулық, ақ жаулық, он саулық.

12-сұрақ

Үш тәтті

Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.

13- сұрақ

Төрт қонақ

Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ,

Қылғыма қонақ.

14-сұрақ

Төрт түліктің пірін атаңыз.

Түйе пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі- қамбар ата,сиыр пірі-Зеңгір баба, қой пірі-Шопан ата, ешкі пірі-Шекшек ата.

15-сұрақ

Төрт қымбат не№

Алтын ұя Отан қымбат,

Құт- береке атаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат.

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

16-сұрақ

Бес дұшпан

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ.

17-сұрақ

Бес асыл

Талап еңбек, терең ой, қанағат .

18-сұрақ

Бес байлық

Әуелі баайлық- денсаулық.

Екінші байлық-еркіндік.

Үшінші байлық- тіл байлық

Төртінші байлық –қайрат-күш,ақ жаулық.

Бесінші байлық-балаңыз.

19-сұрақ

Бес қаруға нелер жатады?

Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.

20-сұрақ

Бес қатер

От, жау, борыш,ауру, сөз.

21-сұрақ

Бес жақын кімдер?

Тату болса- ағайын жақын.

Ақылшы болса-апайың жақын.

Бауырмал болса-інің жақын.

Инабатты болса-келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын

Қимас жақын қарындасың.

22-сұрақ

Алты алаш деген кімдер?

Алаш ханның балалары: қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, өзбек, Түркімен, Жайылхан.

23-сұрақ

Алты қиынды атаңдар.

Арадан шыққан жау қиын

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын.

Жазылмаған дерт қиын.

Іске аспаған серт қиын.

Ақылынан адасып,

Өзің түскен өрт қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды болса бас миың.

24-сұрақ

Жеті жұт

Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс,жер сілкіну, сел (тасқын)

25-сұрақ

Жеті күнді атаңдар

Бүгін-дүйсенбі

Ертең –сейсенбі.

Бүрсігүні-сәрсенбі.

 

Арғы күні-бейсенбі.

Ауыр күні-жұма.

Соңғы күні-сенбі.

Азына-жексенбі.

26-сұрақ

Жеті қазынаны атаңыз.

Ер жігіт,сұлу әйел,ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт,берен мылтық.

27-сұрақ

Жеті атаны таратыңыз.

Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

28-сұрақ

Жеті жетімге нелер жатады?

Тыңдаусыз қалған сөз жетім.

Киюсіз қалған бөз-жетім.

Иесіз қалған жер-жетім.

Басшысы жоқ ел-жетім.

Аққу-қазсыз көл –жетім.

Елінен айырылған ер -жетім.

Замандасы қалмаса,

Бәрінен де сол жетім.

Оқушы

Ата дәстүр абырой көтергенде,

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

«Сөздің көркі –мақал»деген ұғым бар.Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік. Қане екі жақтан жарысқа кім шығады?

1. -Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «АРыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.

2. -Амансың ба, достым? «қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.

3. — «Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық»дегендей жайғассақ жайғасайық.

4. – «Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңеде риза болып қайттық қой.

5. –«Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа жетер» демекші татулық пен ауызбіршілікке не жетсін.

6. -«Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз.

7. -«Бірлік түбі – тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.

8. -«Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.

9. — «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзай емізер» демекші қой қайтатын, мал келетін уақыт болды.

10. — “Тау тауға косылмас, адамға адам косылар” деген, элі кездесерміз, cay бол!

2-жүргізуші: Қарап отырсақ казактың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мэні зор, астарлы. Бұған осы көріністен-ак көз жеткізген боларсыздар.

1-жүргізуші: Құрметті көрермен қонактар, сіздерге де көңіл бөлген дұрыс сиякты. Қазакта конак- кәде деген бар. Олай болса сергіту сэтімізде сізгерге кояр тапсырмамыз: мы на үзік-үзік сөздерден макал құрастыру керек.

  1. Ұяда… ұшқанда …

(Үяда не көрсең, үшцанда соны ілерсің)

  1. Ата… бала…

(Ата — бэйтерек, бала жапырақ)

  1. Ер … ез …

(Ер бір өледі, езмыц өледі)

  1. Өле… бөле…

(Өле жегенше бөле же)

  1. Таяқ… сөз…

(Таяқ ештен өтеді, сөз сүйектен өтеді.)

  1. Мал… жер…

(Мал бащандікі, жер жыртқандікі)

  1. Тентек… акыл…

(Тентектің ацылы түстен кейін кіреді)

  1. Сүйіндіреді… күйіндіреді…

(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді)

  1. Мысык… тышқан…

(Мысыцца ойын керек, тышцанга өлім керек)

  1. Мектеп… білім…

(Мектеп — кеме, білім — теціз)

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың максаты — заман өзгерсе де ұлттык салт -дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттык мұраны кайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дэстүрлерді көкейлеріңізге токып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.

«Токсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпак болашакта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт- дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

Еліміздің жарқын болашағы сіздердің колдарыңызда, құрметті окушылар!

 

Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы — бүгінгі үрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мүра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз.

Өзін қазакпын деп санайтын әрбір жас жеткіншек казақтығын дәлелдей алатын істерімен өзгеге өнеге болуы керек.

Ұлттық қадір-қасиеттер — ұлттық сана-сезімнің өзегі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының жемісі, кісілік қасиеттер жиынтығы.

Қазақ халқы өз үрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді ежелден-ақ өзінің басты мақсаты етіп қойған.

Ұлттық қадір-қасиетттер: әдептілік, қонақ- жайлылық, бауырмалдық, қайырымдылық т.6.

Әдептілік — әдеп сақтау халықтық рэсімге, жол- жоралғыға, тәртіпке қүлдық етіп амалсыз бағынуы емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, дәлірек айтқанда адамгершілік борышты сактау болып табылады. “Әдептілік — әдемілік” дейді халық. Әдеп сақтаудың психологиялық астары терең. Әдептілік — ізеттік, кішіпейілдік, кішілік деген сөз. Қазақ этносында атадан балаға мирас болып келе жатқан әдептілік дәстүрдің бірі — аттергеу, кісіге қосымша ат кою.

Аттергеу — бұл кісіні қастерлеп, оны өз айтылуында атамай құрметпен атау, оны сыйлау, күрметтеу, қадір түту: “Ақ бөпем”, “Үкім”, “Тэмпіш танауым” т.б.

Балалар да жанындай жақсы көргендерін “Ақ әжем”, “Мырза әжем”, “Аппақ апам” деп атаған.

Қазақ эйелдері кайыны, қайын сіңлілеріне ат қоюға шебер. Мәселен, “Ак жігіт”, “Сал жігіт”, “Еркежан”, “Шырайлым” т.б.

Қонақжайлылың. Меймандостық — ата салтымыздың ішіндегі ең бір мақтауға түрарлық мэнді түрлерінің бірі. Қазак меймандостығы ерекше, ата-бабаларымыз бүл жағынан алғанда да басқалардан көш ілгері түрған. Қазақ қонақжайлылығына негізі себеп: бүл қазақтың көшпелі түрмысы. Ен далада кең жайлап отырған ауылға шаруасы жоқ адам бекерден бекер бас сұқпайды.

Қонақжайлылықтың ең үлкен белгісі — ең дэмді тағамын, сусынын, шай-қантын, қонаққа сақтағаны. Халқымыз қонакжайлылық, меймандостық салтында дәм-тұзға ерекше мэн берген. Сыйластық осы дэм татырудан басталады. Мұндай дәстүрдің түрі көп.

Дэм тату дәстүрлері: ерулік, көрімдік, есік көрсету, соғымбасы, үлкенге сыбаға.

Қонақжайлылық, сыйластық салтын бүрынғы ата- бабаларымызша түсініп, соларша дәріптей білсек нүр үстіне нүр болар еді.

Бауырмалдылың. Адамгершілік қасиеттің айрықша бір көрінісі — бауырмалдылық. “Бала бауыр еттен жаралған”, қазақтың бауырмалдылығы баланы әлпештеуден, баланың ата-анасын құрметтеуінен байқалады.

Халқымыздың бауырмалдық сияқты атам заманнан сүйегіне сіңген қасиеті Қүран-Кэрім кағидаларымен де үштасып жатыр. Осы қасиетті кітап адам баласының бір-біріне жат емес, барлық адамзат баласының дос, бауыр екенін айтады. Олай болса “Ақ, қарамыз, сарымыз, дос-бауырмыз бәріміз” деп халықты нәсілге, руға, жүзге бөлмей кішкентай кезден жас үрпақты бауырмалдылыққа баулуымыз қажет. .

Қайырымдылың. * Халық өз үрпағына қайырымдылықты ес біле бастағаннан үйретіп, тиісті талап қою, дағдыландыру арқылы, оны түрмыстық салтқа, адамгершілікке, дәстүрге енгізді.? Қайырымдылықты кей жағдайда кедей-кепшік, жарлы-жақыбайларға көмектесу, қайыр-садақа беруарқылы үштастырған. Адам өміріндегі ең игі істің бірі — қаріп кісілерге қамқорлық көрсету. Үй ішінде үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкенге көмегі, баланың ата-анаға, әке-шешенің бала- шағасына мейір-шапағаты, ер азаматтың елге қызмет етуі — қайырымдылықтың қайнар көзі. Халқымыз өте жоғары бағалаған қасиеттердің бірі — кішіпейілділік. Кішіпейіл кісіні барлық жерде сыйлаған, дәріптеген қасиеттеген, үлгі түтқан. “Кішіпейілділік — кішілік емес кісілік, кішіпейілділік — кісілік көркі”, “¥лық болсаң кішік бол” т.б. осы сияқты нақылдар халқымыздың кішіпейілділікті қаншалыкты қастерлегендігін айқын байқатады. Тәрбиелі адам тағалаған аттай өмірдің небір тайғақ қияларынан қиналмай өткен.

Халқымыздың ұлттық қадір-қасиеті жастарды әдептілікке, бауырмалдылыққа, қонақжайлылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Халқымыздың салт- дэстүр, әдет-ғұрыптарын бойымызға сіңіре отырып өзіндік тұрмыстық-әлеуметтік мәдени дэстүрлерін жалғастырушы — мына отырған жеткіншектер, сендер.Ата-бабамыздың салған сара жолынан таймай ұлттық мэдениетіміздің өркендеуіне өз үлеетеріңді қоса отырып, егеменді еліміздің жалынды жастары екендіктеріңді естен шығармай, оқуда, еңбекте табыстан табысқа жете беріңдер. /

Адалдық — адамгершіліктің ең басты қағидаларының бірі. Ол кез келген істе, әрекетте, сөзде өзінің пендешілік мүддесінен адамшылық мүддесін жоғары қоя білуді білдіреді, яғни бас пайдасы үшін екінші біреудің мүддесіне нүқсан келтірмейді. Ар- үятын жоғары үстайды.

Адалдык өсек-өтірікке жоламауды, біреуді сыртынан ғайбаттамауды аңғартады. Адал болу дегеніміз — жаны, жүрегі таза болу деген сөз.

Адал адам ақиқатты ардак түтады. Шыншылдықты сүйеді. Біреудің мүлкін, беделін, абыройын сырттай саудаламайды.Жақынын,туысын,танысын,достарын, айналасындағыларды ардақтайды. Ешқашан ешкімді сатып кетпейді. Отанына үнемі қалтқысыз адал. Әр кезде иманын қорғай біледі. Иманмен тиянақталған адалдықты кіршіксіз адалдық деп атайды.

Адалдық рухани тазалықтан туындайды. Жан дүниесі, рухани әлемі таза адамның әрқашан абыройы асқақ, беделі жоғары. Ол өтірік айтпайды, үрлық істемейді, біреудің затын рұқсатсыз пайдаланбайды, зәлімдік жасамайды. Адалдық адам баласының ең тамаша қасиеттерінен саналады. Адал адамның- достығы — мэңгілік.

Қазақта айналасындағыларға көмектесуге үнемі эзір, арам пиғылы жоқ, шын ниетімен ақтарылып түратын жандарды ақкөңіл деп атайды. Олар қолында барын ешкімнен аямайды. Қазақта “Ақ көңілдің аты арып, тоны тозбас” деген қанатты сөз содан қалған.

Адал жанның үйқысы тыныш, күлкісі ашык. Оған біреудің жақсылығы мен қуанышын кызғану, көре алмау сияқты қасиеттер жат. Адалдық өзінен өзі келмейді. Ол — тәрбиенің жемісі. Адал болу үшін адам жас кезінен өз жүрегін тыңдай білуі, өзін-өзі тэрбиелеуі қажет.

Амандасу — бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Адам баласы дамуының балаң кезінде амандасу — қолында тасы не басқадай қаруы

жоқтықты көрсету үшін жасалған қауіпсіздік әрекеті, “Міне, көрдің бе, қолымда дэнеңе жоқ” деп оң қолды көтеріп сэлемдесу, “Сенбесең алақанымды үстап көр” деп оң қолды үсынып амандасу бейбіт ықыластың ишарасы. Оң қолды көтеру немесе оң қолды үсыну қару үстайтын оң қолдың бос екендігін, жауластық ниетінің жоктығын аңғартады.

Осындай ізгі ишара біртіндеп амандасу сияқты тамаша әдетке, одан бірте-бірте мінез-қүлық ережесіне айналған,

Қазақ халқында амандасуға айрықша мэн беріледі. Әдетте кіші үлкенге, аттылы жаяуға бүрын амандасады.

Ассалаумағалейкүм (Алланың нүры жаусын!) — амандасудың кең тараған түрі (сәлем беру).

Уағалайкүмассалам! (Саған да Алланың нүры жаусын!) (сәлем алу).

Армысыздар! Бұл амандасудың ежелгі қазақи түрі.

Сәлеметсіз бе? Амандық сұрау, сыпайы сәлем беру.

Сэлемдесу немесе сэлем беру деп кішінің үлкенге алдымен амандасуын айтады. Қатар қүрбылардың бір-бірімен амандасуын да көбінесэлемдесу дейміз.

Қол беріп амандасу шынайы ізгі ниетті білдіреді. Имандылық қағидасы бойынша қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бүрып немесе теріс қарап амандасуға болмайды. Амандасушылар бір- бірінің көзіне тура қарап шын пейілмен, жылы жүзде амандасқандары жөн. Теріс қарапамандасу — менсінбегендіктің белгісі. Әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті емес.

Төс цагыстырып амандасу — ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын, кездесуге қуанышын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана осылай амандасады.

Қолдан сүйіп амандасу  әжелердің немесе апалардың жеткіншектердің, жасөспірімдердің қолынан сүюі. Ол балаларға, жас ұрпакқа деген қүрметті білдіреді. Қолдың сыртынан ғана сүйеді. Алақаннан сүюге болмайды.

Көзден сүйіп амандасу  әжелер немесе апалар өте жақсы көретін немерелерін сағынғанда көзінен сүйіп амандасады.

Иіскеп амандасу-қ ариялар, ақсақалдар кішкентай бөбектерді иіскеп амандасады.

Маңдайдан сүйіп амандасу  үлкен адамдар кішкентай балалардың, жеткіншектердің маңдайынан сүйіп амандасады.

Көпшілікпен амандасу. Көпшілік отырған жерге келген кісі әрқайсысына емес, жүрттың бэріне ортақ

бір ғана сәлем береді. Отырғандардың бірі сәлем алса, ол бәрінің сәлем алғанын білдіреді. Дастархан басында бәрімен қол алып амандасу міндетті емес.

Бір үйдегі отбасы мүшелері де, бірге қонып шыққан адамдар да таңертең бір-біріне “Қайырлы таң!” деп айтып амандасқандары жарасымды,

Уәдеде тұру — адамдық қарым-қатынастардағы аса құнды қасиет. Адамға адамның сенімі сөзін бүлжытпауынан, берген уэдесінде түруынан қалыптасады. Сенім жоқ жерде іс оңға баспайды. Ал сенім — бірлесіп атқарылатын кез келген істің, кез келген шаруаның іргетасы. Сондықтан досыңа, туысқаныңа, танысыңа бір шаруасын орындауға келісім берерде алдымен ойланып алғаның абзал.

Уәдеде тұру адамның өз-өзіне сенімін арттырады, өзгелердің алдында абыройын көтереді. Жүртқа қашанда сыйлы болады. Халқымызда f “Уәде — құдайдың ісі” деген мэтел бар. Ол берілген уэдені қалайда орындау керектігін меңзейді. Уэде берме, берсең өлсең де орында. Айтқан уэдеде тұру — ер жігіттің ісі.

Уәдеде тұруға үмтылу — балалардың өзін- өзі тэрбиелеуіндегі маңызды қадам. Ол адамның табандылық, жауапкершілік, өзгелерге жэне өзіне қүрмет сезімдерін қалыптастырады.

Қолынан келе ме, келмей ме ойланбастан “Мен мына істі қатырамын” деп бөсу ақыры абыройсыздыққа соқтырады. Жүрт “Е, соны койшы, жүрген бір бөспе” деп теріс айналады.

Сондықтан бірден уэде беруден бүрын адам өз мүмкіншілігін есептеп алғаны жөн. Қолынан

келмейтін болса, бірден бас тартқаны жарасымды.

Уәдеде тұрмау адамды аздырады. Айналандағылардың сенімін кемітеді. Адамдық, азаматтық бейнесіне нұқсан келтіреді. Жүрттың мазағынаайналады.

Бұл орайда “мұра” деген қасиетті үғымға тоқталмай кетуге болмайды. Өйткені ата-бабаларымыздан біздерге калган барлық құндылықтар — мұра, аманат. Біз — бүл құндылықтардың мұрагеріміз, олай болса олардан аманат қып алған бұл мұраларға қиянат жасауға еш қақымыз жоқ.

/ “Мұра” деген үғымға Манаш Қозыбаев ағамыз былайша түсініктеме береді: “Байтақ қазақ жері Отанымыз, көшпелі өркениет, мемлекеттік дәстүріміз, салт-санамыз, таңғаларлық қонакжай, кең пейіл, ата сыйлаған, ана сыйлаған мейірбандылығымыз, бір өзі талай Гомерлерді тудырған ұлылар галереясы, сайын даланың сақшысы, жерінің құтын, тәуелсіздігін қорғаған қайраткерлер, дамыған әдебиетіміз, қүлашын әлемге сермеген мэдениетіміз, тіліміз, дініміз — осының бәрі халық мұрасы.

Бір ғажап қазына — азаматтық парасат, тарих алдында адал болу, ата рухын сақтау, туған жердің алдындағы парызын ақтау ата өсиеті болып танылған.

Ары таза, Отан деп шырылдап, жанын шүберекке түйіп шейіт болып кеткен халық перзенттерінің істері

1-халық мүрасының асылы, үлттық мақтанышы. Біз

осындай есімі даңқты ата-бабаларымыздың осы күнгі мұрагеріміз.

Тәрбие сағаты

 

Тақырыбы:Қазақ халқының салт-дәстүрлері

infourok.ru

Бала дәстүрлер — Салт-дәстүр — Bilim

Бесікке салу. «Кең жайлау жалғыз бесік жас балаға». Бесік — баланың ұйықтауына таза болуына өте жақсы. Бесікке ауылдың өнегелі, ұрнағы өскен, ел құрметіне бөленген бәйбішіге (кәртең) салғызады. Бесік жырын айта отырып бөлейді. Баланы бөленген соң қарияға «бесік салу» құрметіне сыйлық беріледі.

Ат қою. Балаға ат қою – қазақта аса салтанатты жағдай. Әдемі, атақты, құрметті адамдардың атын қоюға тырысады. Сол атқа лайықты болуын қалайды. Атты сыйлы құрметті адамға қойғызады. Ат қойған адам сәбиге батасын береді. Ат қою кейде қандай жағдайда, жылдың қай мезгілінде келгеніне байланысты қойылады. Мысалы, наурыз айы болса Наурызбай, ораза уақыты болса – Ораз, Оразалы, айтта туса – Айтбай, Айтгүль, шөп шабу кезені болса — Шөптібай. Қыздар бірінен бірі келсе өмірге — Ұлтуған, Ұлболсын, Ұлмекен, Ұлжан артынан ұл келеді деген үмітте болады. Ылғый ұлдар болса – көз тимес үшін Башай, Қосқұлан, Кептер, Күшік т.б. Бүгін де құрметті адамдардың аттарын қояды: Бауыржан, Абай, Сәкен, Абылай, Фариза, Олжас т.б. Қазақта «ат қою» мен «ат тергеу» бар. Келін күйеу әкесін — «ата», інісін — «қайны», қарындасын — «қайнысіңілім», үлкен ағасы – «ағеке», «мырза қайнаға», «би атам», «еркем» т.б. деп атайды. «Ат тергеу» үлкен кішіге дер құрмет. Үлкендердің атын атау – құрметтің жоқтығы, әдепсіздік болады.

Қырқынан шығару. Қырық күн өткен соң баланы әйелдер суға түсіріп, шашын, тырнағын алады. Суға түсірген әйелдерге сый-құрмет көрсетіліп, рахмет айтады. Жыйналған адамдарды дастарханға шақырады. Қазақта  3,7,41 сандарды ерекше қайырлы сандар деп есептеледі.

Асырап алу. Баласы жоқ адамдар ерлі-зайыпты біреуден бала асырап алады баланың әке-шешесінің келісімі бойынша. Болашақ ана балаға ат қойып, оның оң қолына асықты жілік ұстатады. Содан кейін жиналған адамдарға енді өзінің баласы екенін хабарлайды. Егер бала қайтыс болса, бұл сирек кездеседі, дұға оқығанда өзінің ата-анасының аты аталады.

Сатып алу. Өмірге келген балалар бірінен соң бірі шетіней берсе келесі баланы біреу сатып алады. Дүниеге келген сәбидің үйіне бір тәүіп, шаман келеді де «сен менің баламды ұрлап алдың, бер өзіме» деп ата-анасының қарсылығына қарамай тартып алады. Бір-екі күннен кейін ата-ана баланы сатып алады. Баланы алған кісі сәбиді керегенің астынан береді. Ол баланы сатып алдық деп есептейді. Бұдан басқа жолдары бар. Мысалы, бала ұзақ өмір сүру үшін оны жеті кемпірдің аяғының арасынан өткізеді. Қазақ халқы бала өсіруді бақыт деп санап, әрқашан балалы болуды армандайды.

Бауырына салу. Баланы уақытша тәрбиелеу. Дәстүр бойынша атасы мен апасы, жақын адамдары тәрбиелеуге алады. Осылай уақытша тәрбиелеу «бауырына салу» деп аталады. Осылайша әке-шешесі, атасы мен әжесі баланы тәрбиелейді. Олар баланың өсуіне аса мән береді. Оның нағыз азамат болып, халқының жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне көмектеседі. Есейген соң ата-анасына қосылады, не ата-әжесінде қалады.

Шілдехана

Жарыс қазанның  арты іле-шала не сол күні түнде, ертеңіндегі кеште шілдеханамен жалғасады.Шілдеханаға көбінесе жастар жиналады. Көлігі барлар сән-салтанатпен сәйгүлікпен тебінді, дүбірлі келеді. Бәсіресі, тай-құнаны жоқ балалар үлкендер мінгескен түйенің өркеш арасына симаса мойынына мініп болса да жетеді. Кейбірі тайыншамен, өгізбен жетеді. Келе жатқандар сай-сайды бастарына көшіріп жеткенше ән шырқайды. Жұрттың бас-аяғы жиналған соң ас аяулы, қымыз кысулы болмайды. Аста-ток қошемет көрсетіледі. Өйткені алды жарыс қазан, жалғасы шілдехана болып жатқан үйде бәрі бар ғой. Жастар таң атқанша айтысады. Домбыра шертіп, ән салады. «Қара жорғаны» билейді.Сұлулығы ауыл-аймақты тамсандырған кейбір арулар отырған киіз үйге кіре алмаған жастар соның айдай ақ жамалын бір көрү ұшін киіз үйдің үзіктерін тұс-тұстан тесіп сығалайды.Ол түні жастар таң рауандағанша тарамайды. Қайтқанда да әнге басады.
Жастар осындай думанмен отырғанда шілдехананың дастарханын басқарып журген эйелдер «қалжаға сойылған малдың омыртқасынан ауыз тимедік, ең  құрығанда бірін мұжуға тісімсіз тимеді» деп деп аяқ астынан өкпелейді. Сол үшін іштеріндегі бір шебері он екі омыртқаның  етінен бәріне ауыз тигізу керек, мұнтаздай ғып мұжытуы керек. Тап-тақыр болған омыртқаларды әбден болған соң бір тобылғыға тізіп үйдің ең бір жоғары жеріне ілу керек. Бұнысы – баланың мойны тез бекісін деген салт. Бұл тезілген сүйек тамда болса төбедегі арысқа, киіз үйде болса уықтың қарымына ілінуі керек.Сол күні әлгі өкпеші әйелдер төрдегі бас пен жамбастан ауыз тимесе өкпелемейді.  Ал омыртқаны мұжуға қатыспаса ат кекілін кесуге дейін барады. Мұның себебі әйел затының бәрі де бала табуға құштар.Сондықтан қалжаның омыртқасынан ауыз тиюді, өздері де осы әйел құсап тезірек босанармыз деп ырымдайды. Болмаса жайшылықтағы омыртқаға қарай ма олар. Қарағаны сол, «сүйек-саяқ беріп қорлауын қара» деп лақтырудан ерінбейді. 
Қалжаға арнайы сойылған мал етінің омыртқадан басқасының бәрін босанған әйел өзі жеуі керек. Өйтпесе белі тез бекімейді. Көшпелі тіршіліктің қатты-қайырымына тез қосыла алмайды. 

Бесік тойы
Биесі құлындап, сиыры бұзауласа көтен асып ырым жасайтын тойшыл-думаншыл қазақ сәбиді бесікке салғанда той жасамай, ойын-сауық өткізбей тұра алама? Жиғаны мен тергенін халайық пен қонағына ақысыз-пұлсыз шашатын қазақ бесік тойының шығынына мәу демейді. Қайта аз болады, келгендер ренжіп қайта ма деп кейбір кемкетігіне кейінді. Бесікті арнайы ісмер жасайды. Жөргектен шығарып ит көйлек кигізілген сәбиді бесікке ауылдың кез келген әйелі салмайды. Бұған-да ел-жұртына аяулы, ұрпақты бір бәйбіше лайық.
Бұрынғы шаман дінінің отқа табынған салты бойынша әлгі бәйбіше темірді отқа қыздыртып сәбидің маңына пәле-жала, жын-шайтан жоламасын деп бесіктің арқалығын бірнеше жерден қарайтып тұрып қариды. Басқа бәйбішелер қырандай болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды арқалыққа, кейбірі тұмар жаздырып тағады. Бұл бесік дегеніңіз баланың тазалығы ұшін, көшпелі елдің көші-қоны, ат үсті үшін табылмайтын қолайлы нәрсе. Баланың кәк етуі үшін, кіш етуі үшін түбектен қолайлы нәрсе жоқ. Түбіне күл салынған осы бір киіз түбектің өзі де тым таза. Кәзіргі келіншектер тегене-тегене жөргек жуып былығады да отырады. Мынадай сабынға тапшы заманда бүйтудің өзі оңайға түспейді  ғой. ‘
Бесіктегі бала  көбінесе омыраудан шыққанша жатады. Ит көйлегі тозып, қарын шәші алынған бала талпынып, артынан бақа тірсегі бір бүктеліп, бір созылып еңбектей бастайды. Бұл кезде дөңбекшіп бесікке өзініңде жатқысы келмейді. Бала бүл шамаға келген соң бесікті аса кәдірлейтін қазақ әдемілеп тазалап, келешек ұрпақ тезірек келсін, енді сол жатады деп үйдің ең бір сенімді жеріне сақтайды. Бесікті қазақ құрметтейтіні, сақтайтыны соншалық, атасы жатқан бесікке немерелері жатады. Кейде қазақтың туған жерді де алтын бесік деуі де осы ардақтаудан шыққан болар. Сондықтан да бесік тойы қазақ өмірінде үлкен орын алады. 
Бесікке баланы қырқынан шыққан соң салады. Оғанға дейін бала жөргекте болады. Өйткені оған ит көйлекті кигізу қиын. Бесікке салған күні қарын шәші алынып оған бір молла ат қояды. Атты азанмен жұртқа естірте айтып, онан соң бесіктегі баланың екі құлағына: «Сенің атын пәлен» деп молла айғайлап айтады.

Тұсау кесу
Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады. Ұядан өз қанатымен қалықтап  ұшқан балапандай бала да, ең алғашқы тіршілігін бастайды. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған да мал сойып, жұрт жияды.Баланың анасы ала-құла шуда жіптен екі-үш қарыс дайындап, оны  ауылдағы ең бір желаяқ пысық әйелге: «Ал, тұсауды сен кес. Өзіңдей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсамысша байлап сонан соң ортасынан кеседі. Бала андайдағы апасына қарай тәлтіректей жөнеледі. Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимайлайды. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болу үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы.  Осы арада «баланың аяғында не себепті ала жіпбайланады, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?» деген сұрақ тууы мүмкін. Бұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептеп істейтін кезінен – осы тұсауы  кесілгеннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп  баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдірге алма дегенді әу бастан ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне, ең құрығанда бұзауға моншақ болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам ой кезіксе кесіп-құртұға тырыс дегені. Бұл – екінші себебі. Бірінші бастағы айтқанымыздай баланың келешегіне жол ашу, ақжол тілеу. Жоғарыдағы біз сөз еткен бессалтты қазақ ұлға да, қызға да ортақ істеді де, алдағы ашамай тойы, тоқым қағуға барғанда ұл әкенің, қыз шешенің баулуына бөлініп, тәрбиенің түрі өзгереді.

Сүндет тойы
Атқа міну жасына толған яғни үш жасқа толған ұл балаға тән тағы бір той – сүндет тойы. Баланы сүндетке отырғызу қазақ халқы ислам дінін қабылдағаннан кейін салтымызға кірсе де, келе-келе ол салтымызға мықтап сіңген. Білетіндердің айтуынша бұл өзі адам денесінің тазалығына арналған шаралардың бірі көрінеді. Баланы сүндетке тақ жасында отырғызады. Яғни үш жаста, бес, жеті, тоғыз, тым кешіксе он үш жаста. Бұл жастан кешіктіруге болмайды. Өйткені шариғат бойынша ұл бала 13 жаста, қыз бала 9 жаста балиғатқа толады дейді. Балиғат жасына толған ұл баланың да, қыз баланың да үйленуіне болатын көрінеді. Бірақ бұл шариғат ыстық аймақта мекендейтін адамдарға арналса керек. Қазақ даласында жиі қолданылып келген сүндетке отырғызу тәсілінің екі түрі бар. Олар: кесу және шету. Кесу көбінесе ес тоқтата қоймаған кішкене балаларға қолданылады да, шету ес кіріп, марқайып қалған балаларға қолданылады. Кесу тәсілін қолданғанда баланың үрпіне қабығы аршылып, әбден кептірілген жіңішке жұмыр ағашты сұғып, үрпінің ағаш сұғылған бөлігін ыстық суға қайнатылған не болмаса отқа қарсаланған өткір ұстарамен айналдыра кесіп алады.  Кесілген жерден қан ақпау үшін шөптің немесе ағаш бұтағының салқын күлін кесеге толтырып алып төңкеріп қояды. Кесе сырғып кетпеу үшін оны таза шүберекпен баланың екі санына таңып тастайды. Баланың үстіне көрпе жауып, жаң-жағынан қымтап жанында бір кісі андып отырады. Бала неғұрлым қозғалмай тыныш жатса, салқын тимесе кескен жері тез қара қотырланып, ұзамай жазылып кетеді. Ол үшін баланың сұраған тамағын, жақсы көретін ойыншығын дайындап көз жазбай  андып отыру ләзім. Мұндай жауапты іске үй-іші, көрші-қолаң түгел араласады. Біреу ертегі айтып алдарқатса, енді бірі өлең айтып көңілін аулайды. Баланың сүндетінің жеңіл болуы, біріншіден, баланың күтіміне байланысты болса,екіншіден сүндет жасаған адамның қолының жеңілдігіне байланысты болатын. 
Шету – кесуге қарағанда жеңіл. Мұнда баланың үрпін айналдыра кеспейді, тек оның үстінгі жағын тік тіле салады. Дегенмен есейіп қалған бала бұған да көңгісі келмей әлек салады. Егер өзін сүндетке отырғызатынын естіп қойса атқа мініп қашып кетуден тайынбайтын балалар болған.
Сүндет тойы думанды тойдың бірі. Мұнда баланы арнаулы «Сүндет ат» деп аталатын атқа мінгізіп, сәндеп киіндіріп, үкі тағып, ауыл-аймақты аралатады, баланың өз аузымен тойға шақыртады. Дәстүрлі салт бойынша ойын-сауықтың бар түрі көрсетіледі. Баласы сүндетке отырғанда ата-анасы «балам мұсылман санатына қосылады» деп қуанады.  

Ашамайға мінгізу
Ұл бала қара табан болып жетіге дейінгі жерден жейтін таяғынан құтылып, кез келген қурай мен шыбықты ат қып айнала шаба бастасымен өзі құралпы қыздардан бөліне бастайды. Есі дерті дүзге, малға ауады. Ал қыздар көбелек қуып, қуыршақ жасап сұлу көрініске үйір болып, үйден де ұзамауға тырысады. Қашан да «мал, малды алған соң ал»  деп тағдырын малға сүйейтін қазаққа осы малды бағу үшін бала керек. Бала болғанда- ұл. Ашамай – ердің қарапайым түрі. Ағаштан жасалады. Кеңдігі баланың ауына лайық. Алды-артында ердің қасы сықылды сүйеніші бар. Үзеңгісі жоқ. Үстінде  жұмсақ көпшігі болады. Осыны жуас атқа ерттеп, үстіне баланы мінгізеді. Ауып қалмасын деп басында екі аяғын байлайды. Сонан сон тізгінді балаға ұстатып, біреу атты алдымен арқан бойы жерге, онан соң онан алысқа жетектейді. Сөйте-сөйте баланың өзі жүреді. Бір-екі күннен соң аяқты байламайды бала өз бетімен келеді. Сонымен айналасы бір жеті де атқа жақындық қанында бар қазақ баласы ашамайды тастай сап ертоқымға мінеді. Үзеңгіге аяғы жетпесе таралғыға салады. Өмірінің қақ жартысы аттың үстінде өтіп, ауы ерде тозатын, қамыт аяқ, қайсар қазақ алғашқы ашамайға мінгізу тойын өткізеді. Бұл той әр әке-шешенің шамашарқына қарай болады. Байлар ірі қара сойып кәдімгідей той жасайды. Кедейлері бүйрегі бітеу, ұлтабары толатындай майы бар лағын сойып, көршілеріне ырым жасайды. Әулеттілер күзде бие ағытып, сірге жияр бергенде бір құлынға ен салып, ашамайға мінген баласына  бәсіре атайды.  Жоқтар қолындағы бір биесінің алдыдағы құлынын алдын-ала атап қояды. Қазақ үшін алдымен ашамайға, артынан тай-құнанға міну ат жалын тартты  деген соз. Ат жалын тартты деген сөз – азаматтықтың бастамасы. Өйткені қазақ баласы ұдайы жаугершілікте өскендіктен бе, әлде көшпелі өмірдің өзі қалыптастыра ма өмірге ерте бейімделеді. Ерте үйленеді. Мал соңына ерте ілеседі. Бұл тіршіліктің  бәрі қазақта атпен бітеді. Сондықтан ашамайға мінгізу ерекше аталады. Осы ашамайға мінгеннен бастап ат құлағында ойнау, кебенек киіп елдің шеті, боранның өтіне шығу, сауыт киіп, садақ ұстап жаумен шайқасу, бәрі-бәрі ашамайға мінуден кейінгілер.   Ашамайға баланы мінгізіп көрші-қолаң, жақын-жуық жиналғанда бұрынғы даналардың жоғарыдағыдай көсем сөздері көп айтылады. Ондай ынжықтарға ұқсамасын деп үлкендер балаға бата береді. Ашамайға мінгізудің бір жағы осы батаны алу….

Тоқым қағу
Ашамайға мінген соң іле-шала бәсіресіне мінген бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылаған да әке-шешесі бір малын сойып, оның тоқым қағарын өткізеді. Ал тоқым қағу ақ инеттен, адал көңілден міндетті түрде атқарылатын әдет. Міне, осыдан кейін қазақ бұл балаға  арнайы айыл-тұрман, ер-тоқым, жүген-ноқта, шідер мен кісен, арқан дайындайды.Былайша айтқанда бәсірені жабдықтау шарт. Сүйтетіні  осыдан бастап баланы баулу, еңбекке тәрбиелеу –анығырақ айтқанда оқыту басталады. Қазақта мектеп те жоқ. Медіресе аз. Надан, балалары тәрбиесіз деп кеудесімен ат басып кете жаздап жүргендер – шетінен дөйдала, пілге үрген иттер. Олар қашаннан бері қанша үрсе де түйенің үстіндегі қазақты қаба алған жоқ. «Тоқым қағу» соларға қаққызбаудың, соғысса жеңілмеудің алғашқы сабағы. Біз осы «тоқым қағарға» дейін баланың он жас айналасындағы кезін сөз еттік.  Бұған дейінгінің бәрін қазақ балалық кез дейді. Жүген-құрықсыз дербес шақ дейді де, оннан аса еңбек мектебіне кіргізеді, оқытады. Біз бұны қазақтың жасты бөлуімен түсіндірейік.  

Қыз баланың құлағын тесу
Екі-үш жасқа келген соң-ақ қыз бала өз табиғатына тартып қуыршақ жасап, үй жасап ойнауға әуестенеді. Жылтырауық заттарға, қызылды-жасылды киімге қызығады. Осы тұста қыз балаға арналған жаңа бір қуаныштың сәті түседі. Ол – қызша киіндіріп, құлағын тесу. 
Құлағын тесетін күні қыз балаға қос етек көйлек, кестелі камзол, үкілі тақия кигізеді. Ауыл әйелдері түгел жиналып, ең қолы жеңіл деп танылған әйелге жол береді. Құлақ тесудің  де екі түрлі әдісі болған. Оның бірі – күміс инемен тесу, екіншісі – тарымен тесу. Күміс инемен тескенде иненің ұшын қарсалып, әбден салқындаған кезде бала сезбей қалатындай шапшаңдықпен тесіп, орнына жіңішке жібек жіп, не болмаса жіңішке күміс сым өткізіп қояды. Инемен тескен жер әбден жазылып, жіптің не күміс сымның орны бітеліп қалмайтындай болған кезде жеңіл сырға тағылады.  Тарымен кесу ұзақ уақыт алса да оны бала қызық көреді, кейде өзі-ақ тесіп тастайды. Ол үшін ақталған тарының екі түйірін құлақтың майлылығының екі жағына тұспа-тұс келтіріп қойып, бас бармақпен сұқ саусақтың арасына салып жайлап уқалайды. Шеміршегі қатпаған уыз ет пен теріні екі түйір тары лезде тесіп шығады. Мұнда құлақтан қан да шықпайды. Кесілген жерге жібек жі, не жіңішке күміс сым, кейде тіпті жеңіл сырғаның өзін өткізіп тастайды.
Ұл мен қызды ежелден қос көзінің қарашығындай  санаған халқымыз қыз балаға арналған бұл қуанышқа ақтарыла қуанып, ұлан-асыр той жасайтын. Бұл қыз баланың өміріндегі өзіне тән дара қуаныштың  алды. 

Көгентүп. Қонаққа келген туысқандары, не жақсы дос, жолдасы келсе баласымен оларға деген құрметі мен сыйластығы үшін баласына құлын, не бұзау, не қозы береді. Бұл «көгентүп» балаға туыстық қатынасты білдіреді.

Жеті ата. Жеті атаға дейін қазақ туыстық қатынасты үзбейді. Сондықтан жеті атаға дейінгі ұл-қыздарға үйленуге рухсат етілмейді.

Айдар. Ұлбалаға арналған сән үлгісі. Ұл баланың төбесіне шаш қалдырып, бір бұрым қылып өріп қояды. Әдемі көрінеді.

Кекіл. Баланың шашын әдемілеп алып, маңдай тұсына шаш қалдырады, маңдайына сәл түсіріп қояды. Мұны кекіл дейді. «Кекіл» ұлбалаға жарасып тұрады.

Тұлым. «Айдар» мен «кекіл» сияқты әдемілеп алып, екі жағынан бірдей желкесіне қарай аз шаш қалдырады. Тұлым қыз балаларға тән,  кейде ұлдарға қояды.

Асату. Табақтан ет алып беру. Бұдан кейін қалған етті ақсақалдар жинап алып, өз қолдарымен береді. Бұл дәстүрді жазушы Сәбит Мұқанов жақсы көрген. Мұның бәрі жақсы ниетпен істелген.

Селтеткізер. Наурыз мейрамымен бірге келетін ұлттық салт-дәстүр. Жүрегін махаббат отымен жауылған ғашығына бұл күні серілеріміз «селтеткізілерге» тазалықтың, пәктіктің нышаны (белгісі) ретінде айна, тарақ иісу сыйлаған екен.

Ұйқыашар. Бойжеткендер (қыздар) бозбаланы көңілі хош көрсе, жас малдыңетіне уыз қосып, дәмді тағам дайындаған. Астарлап пісірілген дәмнің аты. «Ұйқыашар» деп айтылған.

Аузына түкіру. Қазақ халқы өзінің батырларын, атақты ақындарын, билерін,шешендерін өте жоғары бағалап отырған. Әрбір ата-ана өз баласынң соларға ұқсағанын жақсы көрген. Сол себепті сондай адамдардан баласының «аузына түкіруді» сұраған. Баласының бойынан сол адамдарға ұқсағанын көргісі келген.

Тыйым. Басқа да халықтар секілді қазақтарға тыйым салынатын болады. Мысалы: тізе құшақтап отыру демек бұдан былай ешкімді құшақтамау. Үй ішінде ысқырмау, жер таянуға, бүйірін таянуға болмайды. Жолдасынан, не баласынан айрылғанда әйелдер бүйір таянады. Табалдырықты басуға болмайды, жақын адамдарына пышақ, ит сыйлауға болмайды — жауығып кетуі мүмкін дейді. Үлкен адамдардың жолын кеспеу – бұл әдептілік.

Қозы жасы — қазақ ұлды оннан асысымен қозы  жасы атайды. Бұл шақта баланың міндеті, істейтіні – қозыны бағу. Бұл еңбекке баулудың  қазақша бастауыш класы іспетті. Қозы жасы аталуы да содан. Жоғарыдағы өзіміз сөз еткен кереғарлар айтқандай, қағаз-қалам ұстап партада отырған оқушысы болмағанымен, өрісте қолына ақ таяқ ұстап, еңбекке шынығып жүрген баласы бар қазақ бір жағынан зиян тартса, бір жағынан пайда тауып жатты. Түбінде оқу-ғылым теріс емес қой. Бірақ түйенің өзі- түйе, құмалағы түйе болмайтынындай оқығанның бәрі ойлаған жерден шыға бермейді.. Ал ана қозы жасы деп аталатын еңбек  мектебіндегілер шөгелдікке қанша айтқанмен бейім келеді. Бұл арада біз оқудан ат-тонды ала қашүдан аулақпыз. Бүйту  қате. Әңгіме  қазақтың ертедегі әлқиссасы жөнінде болып отырған соң, сол кездегі қазақтардың бала тәрбиесі – оқытуы болмады дегендерге ескерту жасау ғана. Өйткені қазақ балаға жастайынан қатал қараған, баули білген. Кей халықтың қозы жасын дағылары сары далада сарылып қозы бақпақ тұр ғой, жеңіл-желпі киініп есік алдына шықса ауырып қалады.  Алматының кейбір биік үйінен басқаны көрмеген он жасты қойып, жиырмадағы баласы ауылға келгенде отын бұта, не жар деп қолына балта берсең балтаны көрмеген ондай қатты қайырым еңбекті істеп көрмегендіктен балтаны ағашқа емес, аяққа тигізіп жараланып қалғанын  көргенбіз. Қазіргі халыққа қозы жасындағы балаға неше жүз қозыны ит арқасы қиянға апарып жаю өте қиын көрінгенімен, ол кезде ол жастағыларға онан жеңіл жұмыс жоқ.  Малдың да  бағуға ең оңайы –қозы.

Қой жасы — қозы жасындағы бала он беске – отау иесі делінетін жасқа келісімен бастаушты бітіріп, жоғары класқа көшкен оқушыдый кәсібін  ауыстырады. Отаудың иесі деп үміт күтіп отырған жасты қой бағуға жарамайды деп қазақ ешқашан ойлаған емес. Сондықтада он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы деген ертеде. Ал сиыр мен түйеге ие болу кәрі-құртаңның сыбағасы. Қазақтың ертедегі ең көп ұстаған малы жылқы мен қой, онаң соң түйе. Он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы дейтіні бір қора қойды итқұсқа жегізбей, жоғалтпай бағу. Жауын-шашында, боранда аман сақтау, күн шыққаннан қас қарайғанша жалықпай жайып, кең далада жападан жалғыз жүру, осы жастардағы адамның ғана қолынан келеді. Он бестегілердің де өте бір қағылезі болмаса төзуі қиын. Бірақ төзбеуге болмайды. Дала тіршілігінде өсіту заң. Көнбесе басқадай кәсіп кем де кем, күн көре алмайды. Бұл қой жасынан еті тірілер ғана, сенімділер ғана жылқы жасына аусады. Емтиханнан өте алмағандары сол қойдың соңында мәңгі қалады.

Жылқы жасы — қай халықта болмасын жиырма бес жас белдің бекіп, қабырғаның қатқан кемел кезі. Жаулары жылқысын айдап, қызын алып қашатын ертедегі қазақтың ең  үлкен ауыртпалығы мен ең жақсы рахаты да жылқыда болған. Күні де, түні де азапқа толы жылқыны сеніп тапсыру жиырма бес пен қырықтың арасындағыларға ғана лайық. Ат құлағы көрінбейтін  боранда тұмсығына оқтаудай мұз қатқан атпен бірнеше күн жүріп жылқыға не болу, алдынан тосатын, ұлып соңынан қалмайтын қалың  қасқырға  жегізбей, екі күннің бірінде тебініп сақадай-сай жауға бермеу жиырма бес пен қырықтың  арасындағылардың  ғана қолынан келеді.Бұл кезді қазақ халқы сондықтанда жылқының жасы деген, әдіптеп айтсақ бұның өзі бұрынғы қазақтың еңбекке баулудағы жоғары мектепті бітіргені.

Патша жасы —  қазақта патша болыпты дегенді естімедік. Кейбір патшаға бергісіз хандардың болғанын екінің бірі – егіздің сыңары біледі. Қазақтағы патша жасы деген мынадан шықса керек. Жалпы шығыс мұсылмандары жасы толса да, ақылы қалыптаспады деп қырыққа келмегенді қолдарынан келген жағдайда да патша қойғызбаған.  Мөлшері қырықты патша жасы деуді біз солардан үйренсек керек. Әсілі қазақтар қырықты-қынаптан шыққан қылыштай деп ардақтайды.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

bilim-all.kz

Салт, дәстүр, әдет, ғұрыптарға Ислам не дейді?

Ата-бабаларымыз ұзақ ғасырлардан бері, нақтырақ айтсақ сегізінші ғасырдан Ислам дінін ұстануымен қатар ұлттық салт, дәстүр, әдет, ғұрыптарын ұстанып келеді. Алайда соңғы кездерде кейбір бауырларымыз мұны теріске шығарып, шариғатқа қайшы деп санайды.
Алайда, Абай атамыз айтқандай: «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші, әдет пен ғұрыптардың барлығы бірдей емес. Сол үшін, оларға бір жақты қарауға болмайды. Себебі, әдет пен ғұрыптардың ішінде тыйым салынатыны, сондай-ақ рұқсат етілетіні, тіпті орындалуы қажет болып табылатындары да бар. Әрі шариғатта, «әл-`урф» (ғұрып) және «әл-`ада» (әдет) деп аталатын, адамдар арасында қалыптасқан салттар мен дәстүрлерді айқындайтын үкімдер көп. Сондай-ақ, «әл-қоуа`ид әл-фиқһия әл-кубра» деп аталатын, бүкіл ғалымдар бірауыздан келіскен, шариғаттың бес ұлы қағидаларының бірінде: «Әдет пен ғұрыпқа хақысы беріледі» (әл-`ада мухаккамә), — деп айтылған.


Мәселен, имамдар (ғалымдар) жиі тілге тиек ететін: «Егер салт шариғатқа қайшы келмесе, онда оған шынайы көңіл бөлінеді», — деген ережені, Аллаһу Тағала Құранда бізге ескерткен болатын әрі Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны өзінің Сүннетінде бекіткен еді. Аллаһу Тағала Құранда былай дейді: «Кішіпейілдік таныт, жақсылықты (әл-`урф) бұйыр да, надандардан бет бұр!» (әл-А`раф,199). Имам әл-Жассәс бұл аятты тәфсирлегенде: «»Әл-ма`руф» сөзі — бұл, ақылға салғанда, орандалуы жақсы деп есептелінетін, әрі ақыл-есі дұрыс (адамдардың) алдында ол айыпты болып саналмайтын нәрселер», — деп («Әхкәм әл-Қуран» 4/214).


Имам Әбу әс-Су`уд Аллаһтың: «әл-`Урфті бұйыр» деген сөздері жайлы былай деген: «Жақсылықты, яғни, істердің ішіндегі жақсы болып саналатындарды орындауға бұйырады, өйткені осындайларды адамдар қабылдайды да, оны теріске шығармайтын болады» («Тәфсир Әби әс-Сууд» 2/456).


Имам әл-Қарафи осы аятты келтіре отырып: «Әр нәрсенің салт арқылы көрсетілетін айрықша орны бар», — екенін айтқан. (әл-Фуруқ» 3/194).


Аллаһу Тағала тағы да былай деді: «Аллаһ анттарыңдағы бос сөзді есепке алмайды. Алайда біле тұра істеген анттарыңнан жауапкер етер. (Ант бұзсаңдар) Оның төлеуі: үй-іштеріңе жегізетін орта есеппен он міскінді тамақтандыру, не оларды киіндіру, немесе бір құл азат ету. Мұны таппаған біреу, үш күн ораза ұстау» (әл-Мәида, 89).


«Әй мүміндер! Меншіктеріңдегі құл-күңдер, әлі ержетпеген балаларың, осы үш мезгілде (жандарыңа) рұқсат сұрап кірсін: Таң намазының алдында, киімдеріңді шешкен түскі уақытта және кешкі намазынан кейін. Сендер үшін осы үшеуі ұялатын мезгіл. Бұлардан кейін (басқа уақытта) сендерге де оларға да айып емес. Өйткені, сендер бір-біріңе кіріп, шығуларыңа керексіңдер. Осылайша Аллаһ, сендерге аяттарын баян етеді. Аллаһ толық білуші, хикмет иесі» (Нұр, 58)


Хафиз әл-`Аләи осы аят хақсында «әл-Мажму`» кітабында былай деген: «Әдетте осы үш уақытта адамдар киімдерін шешетініне байланысты, Аллаһу Тағала рұқсат сұрауды әмір етті. Бұл мәселедегі шариғи үкім адамдардың дәстүрі болып табылатын нәрсеге (дініне) сай бекітілген еді!».


Тура соны, имам әл-Қуртуби де өз тафсирінде айтқан 12/304. «Әй мүміндер! Сендер үшін әйелдерге зорлықпен мұрагер болуларың халал емес. Және бергендеріңнің бір бөлімін алып қалу үшін оларды зорламаңдар. Бірақ олар ашық арсыздық істесе басқа. Сондай-ақ олармен бірге ғұрыпқа сай өмір сүріңдер!» (Ниса, 19). Тағы да Аллаһ айтты: «Ал кімнің баласы туылса, шешесін тамақ және киіммен, дәстүрге (дініне)  сай асырауға тиіс» (Бақара, 233).
Шейх Ибн әл-Қайим «әр-Рауда әл-мухиббин» кітабында: «Күйеуі, қалыптасқан әдетке сәйкес әйеліне (мал-дүниесін) жаратып, оны киіндіретіні сияқты, өз әйелімен қалыптасқан дәстүрге (дініне)  сай жыныстық қатынасқа да баруы керек».


Сүннетке келер болсақ, онда да салттар мен дәстүрлердің және әдет пен ғұрыптардың қабыл болғандығына дәлелдер таба аламыз. `Айша (Аллаһ оған разы болсын) айтқан: «Бірде Әбу Суфьянның (А.р) әйелі Хинд (А.р), Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Негізінде, Әбу Суфьян — сараң адам, егер мен оның рұқсатынсыз алмасам, өзі маған және балама жететіндей нәрсені бермейді». Сонда ол: «Өзіңе әрі балаңа әдетке сай келетін нәрсені ал!», — деп жауап қайтарды» (әл-Бухари 5364, Муслим 1714).
Осы хадистің пайдаларын атап өтіп, имам ән-Нәуәуи: «Шариғатқа қарсы келмеген кейбір мәселелерде, салтқа сүйену керек», — деді («Шарх Сахих Муслим» 2/8.).
Имам әл-`Изз ибн `Абд ус-Сәләм былай деген: «Бұл хадис, әдет пен ғұрыптың орындалуына бір дәлел» («Қауә’ид әл-ахкәм» 1/61).


Бұл орайда, қолданыстағы салт пен дәстүрге дәлел ретінде, Ибн Мас`удтың келесі сөздерін де келтіруге болады: «Бүкіл мұсылмандар жақсы деп есептейтін нәрсе, Аллаһтың алдында да жақсы. Ал бүкіл мұсылмандар жаман деп есептейтін нәрсе, Аллаһтың алдында да жаман болып табылады» (Ахмад 1/379, Таяласи 23, Бәззәр 130. Хаким, Заһәби, Ибн Хаджар, Сахауи және шейх әл-Әлбәни сахих деген).


Сахабаның бұл сөздері, мұсылмандардың бір ауызды пікірде (ижма`) адасуы мүмкін емес екендігіне дәлел болып табылады. Бүкіл мұсылмандар жаманды жақсы деп, немесе жақсыны жаман деп есептеуі мүмкін емес, өйткені хадистерде айтылғандай олардың барлығы түгелдей адасуға жиналмайды. Сондықтан Ибн Мас`удтың бұл сөздерін, әс-Суюти мен Ибн Нужәйб, және де әс-Сархаси сияқты ғалымдар мен көптеген имамдар салт пен дәстүрлер және әдет пен ғұрыптардың қолданыстағы дәлелі етіп алды. («әл-Ашбаһ», «әл-Мәбсут» 12/45).
Имам әл-Кәсәни айтқан: «Шариғатта тікелей нұсқауы жоқ нәрсе, салт пен дәстүрге қайтарылады, өйткені салт дәлел болып табылады!» («Бадәи’ әс-сәнаи’» 5/223).
Имам Ибн `Абидин былай деген: «Шариғатта, әдет және ғұрыптармен санасады, өйткені оған арналған үкімдер бар». Сондай-ақ ол, имам әс-Сархасидің келесі сөздерін жеткізді: «(Шариғатқа қарсы келмеген) әдет және ғұрыппен бекітілген нәрсе, шариғатпен бекітілгенмен тең!» («Расәил Ибн ‘Абидин» 2/114).


Әдет және ғұрыпқа айрықша орын бергенде, орындалатын кейбір шарттар:
1. Салт пен дәстүр, Құран мен Сүннеттің мәтіндеріне, ғалымдардың бір ауыздан келіскеніне (ижма`) немесе шариғатта бекітіліп қойған үкімге қарама-қайшы келмеуге тиіс.
Имам әс-Сархаси: «Құран мен Сүннетке қарсы келген кез-келген салт есепке алынбайды», — деп айтқан («әл-Мәбсут» 1/146.).


2. Әдет пен ғұрып, сирек кездесетін емес, сол қоғамдық ортада кең тараған болуы керек.
Имам әс-Суюти айтқан: «Салт және дәстүрмен тек, егер олар кең тараған (қоғамдық ортада мойындалған) болса ғана санасады, ал егер олар айқын болмаса, есепке алынбайды» («әл-Әшбахһ уә-ннәзаир» 87).


3. Ол, бізге бұрынғылардан жеткен, бірақ қазіргі таңда да қолданыстағы дәстүр болуы керек. Өйткені, салт пен дәстүрлер және әдет пен ғұрыптар уақыттан — уақытқа, мекеннен — мекенге, халықтан — халыққа  ауыса береді.
Бұл жайында имам әш-Шатыби «әл-Муәффақат» кітабында 2/220 айтқан.
Ғалымдар салттарды екіге бөлген: дұрыс және бұрыс.


Жақсы әрі дұрыс салт дегеніміз — бұл, (белгілі қоғамдағы) барлық адамдарға әйгілі, Құран мен Сүннеттің мәтіндеріне және ғалымдардың бір ауыздан келіскеніне (ижма`) қайшы келмейтін, игі амалдардан тыймайтын әрі зиянды істерге себеп болмайдын әдет пен ғұрыптар («Нәзария әл-‘урф» 36-37).


Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шариғатқа қайшы келмейтін, өз халқының әдеті мен ғұрыптарына қарсы болмаған, оларды өзі де ұстанған еді. Шейх Солих әс-Садлән айтқан: «Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде адамдардың өз тұрмыстарына сай жасаған амалдарына  тыйым салмағаны, ол амалдарға рұқсат етілгенін білдіреді. Сондықтан адамдар Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мақұлдаған іс-әрекеттерді жасаған, тіпті Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) өзі оларға қатысқан. Бұл да олардың рұқсат етілгенін білдіреді. Ислам да, адамдардың ежелгі (шариғатқа қарсы келмеген) істерін мақұлдады» («әл-Қауә’ид әл-кубра» 345).
Ислам ұлттық салт-дәстүрді жоққа шығарады немесе қабылдамайды деген атүсті пікірлер ата дінімізді жете түсінбегендіктен туады. Бұл көзқарас бір ұлттың тамырына балта шабу ғана емес, сонымен бірге дінді бұзушылық болып табылады.


Ата дініміз бен ұлттық құндылықтар арасына сына қағудың, оларды бірін біріне қарсы қоюдың салдары ауыр. Біріншіден, бұл діни құндылықтарды заман талаптарына бейімдеуге, әсіресе, білім-ғылымды дамытуға кедергі. Екіншіден, бұл жағдайда мемлекет қауіпсіздігін қорғау, жас ұрпақты мемлекетшіл етіп тәрбиелеу де қиынға соғады. Халықтық, яки дәстүрлі дін -ұлттық мүдде мен мәдениетті жоққа шығармайды және оларды алмастыра да алмайды. Еліміздегі дәстүрлі Ислам діні Қазақстан халқы игілігіне, ел бірлігіне қызмет етіп келе жатқаны осының айқын куәсі.
Негізі, салт бір ұлттың, қоғамның, қауымның болмысын, табиғатын айқындайтын көрініс. Салтына қарап адамдардың қай ұлттың өкілі екендігін айыру қиын емес. Дәстүр болса — рухани сенім айнасы. Адам дінсіз бе, жоқ әлде дін ұстанама? Егер дінде болса қай діннің өкілі? Яғни — дәстүр адамның рухани бейнесі.


 Мысалы: ауылға келін түскенде, жақын туыстармен таныстырып, жырға қосып өсиет-өнегемен бірге қуанышты күнге лайық жарасымды әзіл-күлкімен оның бетін ашу — салтымыз. Ал, шариғатымызға сай жұбайлардың некесін қию — дәстүр.  Атап айтқанда, Ислам шариғатымен дәстүрлер жалғасады. Дәстүр арқылы миллиондаған мұсылмандар қатарынан орын алып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) абройлы үмметінің ішінде болмақпыз.

Керімбек Ахметжан,

Тараз қалалық «Әулие ата»
 мешітінің бас имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.

asyldin.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *