cart-icon Товаров: 0 Сумма: 0 руб.
г. Нижний Тагил
ул. Карла Маркса, 44
8 (902) 500-55-04

Ай мен айша шерхан мұртаза – Шерхан Мұртаза. «Ай мен Айша» кітабынан бір үзік

Шерхан Мұртаза. «Ай мен Айша» кітабынан бір үзік

Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» кітабы – қалың оқырманның сүйікті шығармасына айналған қазына. «Ай мен Айшаны» оқып отырып, адамға азық болар қанатты сөздерді тердік. 

Тарпаң тағдыр табанына адамды бір салмасын. Бір салса, тас керең боп, айқайласаң да, арызыңды есітпейді. 

***

Айша кейде осындай. Мейірімі түседі. Кейде суға салып сабайды. Құдайым Айшаның көңілін көл қылсын. Қазір көңілі шалқар сияқты. Мүмкін, Төскейдің арша сасыған жұпар ауасы, әуедегі бозторғайдың шырылы, бөдененің бытпылдығы, сары торғайдың сарнауық әні – бәрі-бәрі Айшаға Алланың рахым-шапағатын мол себелеген шығар, бұл жолы ұрыспады. Мұндай кәусар ауаны үзіп-жұлқып жұтпай, сіміре беру керек саумал қымыз сияқты.

***

Көңілсіз әңгіме үзіліп қалғанда, дарбазаның алдында жем іздеп құрқылдап жүрген екі-үш тауықтың үні естілді.

Сонда менің көз алдыма Шоңқара диірмені келді. Оның айдын суында неміс диірменшінің үйрек-қаздары қаптап жүреді. Ауласында тұмсығы салбыраған түйетауықтар… шыңғырған торайлар, қорсылдаған мегежіндер…

Ал мұнда болса, екі-үш тауық жем таба алмай шұрқырайды. Қазақтың тауығына дейін ебедейсіз бе… Былайырақ көгалға шықса, құрт-құмырсқа, шұбалшын, көбелек деген қаптап жүрген жоқ па, соны теріп жесе қайтеді. Е, ол үшін жүгіру керек, көбелек оңайлықпен ұстатпайды…


Тұла бойы тұнған намыстан жаралған қайран қазақ. Намысы мол, айласы аз, бағы да сол, соры да сол.

***

Дүниенің жаратылысында жазық жоқ, мүкісі жоқ. Дүниені бүлдіретін – өзіміз. Ең ақылды жаратылған жан – ол адам. Ақылды азапқа айналдырған да – адам. Жаратылыста жазық жоқ. 

***

Адам бейшараны қуанту үшін көп нәрсе де керек емес екен ғой. Көңіл жетсе, бәрі жетеді екен ғой. 

***

Мадақтасаң да, қарғасаң да Жарық Дүние деген − осы. Жарық Дүниеге ешкім өз еркімен келмейді. Тағдыр айдап келе қалса, оған ата-анасы, жанашыр, жақындары қуанады. Шамасы келсе, тойхана жасайды. Бесік тойы, тұсаукесер тойы, тағы-тағылар өмір бойы жалғасып барып, Жаназамен тәмәм-тауыс болады.

***

− Адамның миына жала жаппа! – деді мұғалім ышқынып, Жолдасбекке заһар шаша қарап. – Әркімнің құдайы адамның басында. Ми миллиардтаған клеткадан тұрады. Солардың тым құрыса, мыңнан бірі жұмыс істесе, әрқайсың бас-басыңа пайғамбар болар едіңдер. Құдай бас болғанда, сол бас сорлатып, ми клеткаларын түгел оятпайды. Ми клеткаларымыз ұйқыдан түгел оянса, біз қазіргідей хайуанат қатарынан бір-ақ адым алда жүрмей, ғарышта, басқа планеталарда жүрер едік. Онда анау батыстағыдай жабайылар соғысы болмас еді. Соғыс салу, адамдардың бірін-бірі өлтіруі, қан төгуі – сол жабайылықтан. Неге жабайы? Өйткені адам миының клеткалары түгел жұмыс істемейді. Сендер де оятпайсыңдар миларыңның клеткаларын! – деп, Иса мұғалім шыңғырып жіберді. – Оңбаған, жалқаулар! Мысалы, Мұртаза баласы Барсхан… Өз туған секундынан бастап, дәл қазіргі секундтқа дейін, қанша секунд екенін есептеп шығара алмайды. Не деген сұмдық! Әлі тас дәуірінде жүр. – Енді маған жақындап келіп: – Сен туған секундтан бері, тоқсан тоғыз триллион… Оп-оңай.

Мен қазір Иса мұғалім сонда айтқан цифрлардың құйрығын ұмытып қалдым. Менің миым ұстап қалатын сан емес! Сонда Жолдасбек:

− Ағай, басқа планетада адамдар бар ма? – деп әңгіменің арнасын басқа сайға бұрып жіберді. Қу ғой.

Неге екенін біз қайдан білейік, мұғалім селк ете қалып, Жолдасбекке оқты көздерімен қарап алып:

− Бар, – деді. – Бір ғана планетада емес. Көбінде бар. Олар бізге бір кезде келеді. А, бәлкім, келіп те жүрген шығар. Мен солардың келуін аңсаймын. Мен олармен түсімде сөйлесіп, өңімде іздеймін. Мен солардың арасында өмір сүргім келеді. Мына сендер сияқты есектің миын жегендердің арасында жүру азап! Жалпы, жер бетіндегі адам дегендердің ортасында өмір сүру – азаптың азабы. Бірін-бірі өлтіру, бірін-бірі тонау, бірін-бірі алдау, бірін-бірі көре алмау, бірін-бірі ғайбаттау, бірінің үстінен бірі жамандап, жала жауып, арыз жазу… тілдеу, қандай жиіркенішті?! Сондықтан мен басқа планеталардың адамдарын үздіге-үздіге күтемін. Әсіресе Ай толғанда ұйықтамай, далаға шығып, аспанға қараймын да жүремін. Олар Жерге Ай толғанда ұшып келеді. Түсімде айтқан: Ай толғанда барамыз деп. Сондықтан ұйықтап, қара басып қалмайын деп сақ жүремін, олар келгенде мен ұйықтап қалып, жолыға алмасам – онда өлгенім. Қалайда кездестіруім керек! Айтуым керек оларға: Жер бетінде тәртіп жоқ. Әділдік жоқ деп. Билікке, байлыққа таласқан озбырлар көп деп. Иман жоқ. Қан төккіш қарақшылар көп деп. Жер бетіндегі тағы, тағы толып жатқан жиіркенішті лас қылықтарды оларға түсіндіруім керек. Бәлкім, олар Жер бетіндегі адамдарды жөнге салар, иманды қылар. Айуандық мінез өзгеріп, Жер бетіндегі адамдар ақылды болар. Мен оларды сағынып, аңсап күтемін.

massaget.kz

Кітап — Ай мен Айша

Шерхан Муртаза. Ай мен Айша

БІРІНШІ КІТАП

(роман – диалогия)

− Сен қайдан келдің? – дегенде, бір данышпан:

− Мен балалықтың елінен келдім, – деген екен.

Ересектерде сол «балалықтың елінен» келмеген ешкім жоқ.

Анадан ешкім сақал-мұртымен тумайды.

Мен де солардың бірімін.

Анамның аты Айша еді.

Аз ба, көп пе – алпыстан астым.

Аз ба, көп пе – ірілі-уақты кітап жаздым.

«Халық жазушысы» атандым. Жазғанымның бәрі алтын дей алмаймын. Бірақ солардың көбі және дәмділері тек балалық шақтың нәрінен, балауса балғын шақтың әсерінен туған. Өсе келе, көпті көрдім, дүниенің шартарабын араладым. Бірақ соның бәрі мені балалық шағымдай байыта алмады.

Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді.

Мысырда болдым – Мысыр түсіме кірмеді.

Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкістан, Иран бардым.

Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркта болдым – олар да түсіме кірмеді.

Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым – оны да түсімде көрмедім.

Түсімде ылғи балалық шағымды көремін.

Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін.

Түсімде ылғи туған үйімді керемін.

Түсіме ылғи Айша кіреді. Мұртаза түсіме сирек кіреді, өйткені ол кеткенде, мен бес-ақ жаста едім. Елесі еміс-еміс қана.

Егде тартқанда бүгін көргенің ертең естен шығады.

Ал енді бала кезде көргенім, естігенім бүгінгідей әлі есімде. Ендеше, текке күшене бермей, соны неге жазбаймын? Ата-бабамның, Айшаның аруағы жар бола көр!» – деп қолыма қалам алдым.

БОЗАЛА ТАҢ

Анасының құрсағынан шыға салып, алғаш көргенін есіне сақтап қалатындар бар дейді. «Мен туғанда үйдің іші қып-қызыл еді», – деп айтыпты дейді біреулер.

Білмеймін. Өз басым ондай алғыр данышпан емес екенім анық. Өйткені: Есім қай уақытта кірді, тұңғыш рет көрген-білгенімнен есімде не қалды?» – деп, ары үңілем, бері үңілем, ештеңе таппаймын. Үш жас, төрт жас – бәрі бұлдыр, бұлыңғыр. Тек, Әйнек апам мені арқасына көтеріп келе жатқанда, бір аяғымның калошы түсіп қалып, кемпір байғұс келе жатқан ізімен қайта қайтып әлгі түсіп қалған калошты іздегені еміс-еміс есімде. Әйнек апамның арқасына жармасқаныма қарағанда, әлі өз бетіммен еркін жүгіріп кете алмайтын кезім болуы керек.

Ал Мұртазаның Гришка дейтін орыспен сөйлескенін анық білемін. Біздің үйдің күншығыс жақ қабырғасы. Мұртазаның үстінде өңірін қара шибарқытпен көмкерген жосалы сары тон, басында дәл сондай теріден тігілген телпек. Оның жиегі қара қозының елтірісі. Сақалы сарыдан қызғылттау.

Қасында – Гришка. Мұртаза қойтастың үстіңде отыр. Гришка түрегеп түр. Сірә, көктемнің әлі дүмбіл кезі болар. Өйткені күншуаққа сүйсініп, тамға арқамды сүйеп, мен де шоқиып отырмын.

Гришка – ұста. Ағаш ұстасы. Біздің үйдің алдындағы Әміреқұлдың үйі қазір ұстахана. Күнбатыс жақ бөлмесі ағаш ұстаханасы, күншығыс жақ бөлмесі – темір ұстаханасы. Бір жағында – Гришка, бір жағында – Нәметқұл.

Қазіргі әңгіме сол Нәметқұл туралы екенін шамалаймын. Мен әдейі тыңдамасам керек, бірақ жанында екі үлкен кісі сөйлесіп отырса, құлағыңды қалай тығындап қоясың. Гришка қазақшаға судай. Гришка айтады:

− Нәметқұлдың Зылиқасы өлгелі бір жылдан асып барады. Нәзипа дейтін қызы да шетінеп кетті. Баласы Байбосын екеуі ғана. Енді бірдеңе істемесек болмайды, Мүреке.

− Оның рас, – дейді Мұртаза. – Мен де көптен ойлап жүрмін. Мына қырғыз жақта менің Нұралы дейтін жездем бар. Сол айтады, біздің ауылда байы өлген, басы бос бір әйел бар. Нәметқұлға қол келеді дейді.

− Онда, тездетіп сөз салыңыз, обал болды, – дейді Гришка.

Ал енді, осы Гришканың бір ұл, бір қызы бар. Ұлы менен үлкендеу, аты – Гришка. Орыстар қызық. Әкесі Гришка, баласы да Гришка. Немене, ат жетпей ме? Айша осыны айтып еді, Мұртаза:

− Әкесі атым өшіп қалмасын деп, баласына өз атын береді, – деді. Атым өшіп қалмасын дейді, ә? Әліме қарамай, мен: «Мұртаза ше? Ондай уайымы жоқ па? Менің атым онда неге Барсхан? Неге мені де Мұртаза деп атамаған?» – деймін.

Кейін-кейін, Мұртаза дүниеден өткеннен көп кейін, мен бұл сұрақты Айшаға айтып едім, ол:

− Сен барда, Батырхан барда Мұртазаның аты өшпейді, – деді. Heгe екенін білмеймін, Құрмашты атамады.

Гришканың қызының аты – Наташа. Менімен жасты. Ағаш ұстаханаға барғанымда, үлкен Гришка ұзын тақтайды сүргілеп, үскілеп жатады. Содан шиыршықталып жіп-жіңішке жаңқа ұшып түседі. Оны Наташа сап-сары шашына байлап, әшекейленіп алады. Менің басыма да орап қояды да, сықылықтап күледі.

Содан соң, кіші Гришка, Наташа, мен – үшеуміз Бердімбет сайының қабағына барып, шытыргүл тереміз, жабайы үпілмәліктің қырмызы гүлін, меңдуананың қауашағын жұлып аламыз. Меңдуананың күлгін гүліне көк көбелек қонып отырады. Соны ұстамақшы боламыз. Көбелек ұшып кетеді. Айда кеп қуамыз. Ұстатпай, қисалаңдап ұшады. Біз де қисалаңдап жүгіріп жүріп, кейде

qamba.info

Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы

Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы

Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы» заңы мен стандарт талаптарына сай терең білім беріп, шығарманың идеялық-тақырыптық мәнін ашу, кейіпкерлер болмысын танытудағы жазушы шеберлігін таныту; оқушылардың білімді өз беттерінше игере білу дағдыларын дамыту, оқушылардың өзіндік көзқарасын, жеке пікірін қалыптастыру; адамгершілікке,туған жерді сүюге, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа материалды игеру, көркем шығарманы талдау

Сабақтың технологиясы: Қ.О.Бітібаеваның «Жаңа білімді меңгерту және қисынды жобалау технологиясы».

Сабақ әдісі: талдау, жинақтау, сұрақ- жауап, пікірлесу, ұжымдық, топтық жұмыстар.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақ көрнекілігі: жазушы портреті, шығармалары, интерактивті тақта

Әдебиет теориясы: роман, мемуар

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

Топ мақсатын айқындау.

ІІ. Ш. Мұртаза өмірінен мәлімет

а) туған жері, өскен ортасы

ә) білімі мен атқарған қызметтері

б) қайраткерлігі

ІІ Жаңа сабақ

Әдеби теориясы: Роман – ХІ-ХІІ ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар атауынан шыққан.

Күрделі, дамыған сюжетті, көбінесе қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кесек тұлғалы эпикалық әдеби шығарманың бір түрі.

Роман өмірді, соның әр алуан құбылыстарын, адамдар арасындағы қарым-қатынастарын кең қамтып суреттейді.

Әдеби теориясы: Мемуар (француз сөзі еске алу) – автордың өздері қатысқан немесе куә болған тарихи оқиғалар, қоғам қайраткерлерінің өнегелі өмірі туралы көркем естеліктер жазбасы.

Шығарманың мемуарлық романға тән сипаттарын анықтау

  • Өз өмірі: бас кейіпкер Барсхан автордың прототипі

  • Кезең: балалық шағы

  • Қоғам: 1937 жылғы “Қызыл қырғын”, соғыс жылдарындағы қазақ аулының жай-күйі

  • Адамдар арасындағы қарым қатынас: қиянат-намыс, зорлық-мейірім, жауыздық-ізгілік

Негізгі проблемалары, талдау сұрақтары
  • Романда қандай оқиғалар болды?

  • — Кімдердің басында болды?

  • — Қалай болды? (осы сұрақтар төңірегінде оқушылармен ой бөлісу)

Оқушы жұмыстары

Негізгі проблемалары

Жазушы шеберлігі

1 топ. Кеңес үкіметі кезеңіндегі адам мен қоғам арасындағы қайшылық.

1937 жыл «Қызыл қырғын»

«Ұрлық қылмаса, кісі өлтірмесе, үкіметті боқтамаса… Неге сотталады? «Халық жауы дейді». Бір адаммен, екі адаммен жауласалық. Ал тұтас халықпен қалай жауласуға болады.

Солақай саясат

Әділеттіліктен аттан өтіп, беттің арынан таспа тіліп, түйіндеп тастайтың саясат деген сайқал бар. Саясат – тақ үшін талас.

Имандылықтың жойылуы

Жетім – жесірді қорлап, зорлағанның кінәсі батпан-батпан ауыр. Имансыздар білер еді, иман сабағы жоқ.

Сабақ айтатындарды сабады, қамады, атты, шапты.

Ұлыларға тіл бітсе – алапестер аласталып, заман түзелер еді…

Адам еңбегінің, ерлігінің бағаланбауы

Шолақ Сияқұлдың, соғыс мүгедегі Калининге хаты.

«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» деген ұранның өмірде іске аса бермеуі.

2 топ.Соғыс жылдарындағы қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі

Қиыншылық

Медреседе оқып жүргенімде айтар еді: бұл дүниеде жазықсыз азап шеккен адам, о дүниеде жұмақта болады деп. Болса-болар. Тамұққа, тозаққа жіберсе де аса өкінбеспін. Өйткені ондағы тамұқ мұндағы тозақтан қиын емес- ау.

Аштық

Қара арпа, ақ талқан тағзым саған

Аналар еңбегі

Шіркін, сол кездің әйелдері-ай! Азамат орнына азамат та болды, Ақыл ес айтар ақылман да болды. Отқа да түсті, суға да түсті. Бірақ бүк түсіп, белі сынбады. Егер олар сынғанда, елде ешкім қалмас еді.

Тамызық, оттықтың жоқшылығы

Айшаның там-тұмдап жиған отыны таусылды. Жол-жөнекей отын арқалай келеді.

Бір тал ши. Ол – құдірет. Ол таусылса ше? Таста от бар, от болса жаны – бар. Адам кеудесіндегі от мың күн жанып, бір түн өшеді. Ал тас тамырындағы от мәңгілік.

Жем-шөптің жоқшылығы

Жуалының бораны. Аш ешкінің бақырғанын құдай сізге естіртпей-ақ қойсын. Аш ешкі албастыдан айнымайды.

Еуропалықтар шайтан суретін ешкі бейнесінде салатыны тегін емес болуы керек.

Өмір заңдылығының бұзылуы

Бала балаға тән аз дәуренді басынан кешіру керек. Егер балалық дәуренің шала болса, сол жетіспей қалған сыбағаңды кейін де аңсап тұрасың.

3 топ. Адами құндылықтар

Туған жер құдіреті

Құстар отаншыл. Жұмыртқа жарып, үрпек балапан болып, дүниеге жеткенше асығады. Жол-жөнекей қанша қасірет шексе де, сол былтырғы ұясына жетіп жығылу зор арман.

Намыс

Көк бөрі туралы аңыз. Көк бөрі ит сияқты жарымсақтануды білмейді, үрмейді, қыңсылап жыламайды да.

Жүдесең, жүндей түтіліп кетесің.

Мейірім

Заман қанша тасбауыр болса да, сол кездегі адамдар, Жуанқұл сияқты бірлі-жарымы болмаса, мейірімді, бауырмал еді.

Еңбекқорлық

Қазақтың басты байлығы- мал. Малдың басын құрап, көзін тауып, ерінбей-жалықпай еңбек еткендер бай болады.

Еңбекпенен құт келеді,

Құт келеген үйден жұт кетеді.

Құт пен жұт-күн мен түн сияқты көне күндес.

Ізгілік

Адам адам болған соң хайуанаттан артық жаратылып, ақыл-есті болған соң, бірінен биік тұру керек.

Тектілік

Жеті атасын білмеген – жетім, түп атасын білмеген – тексіз.

Отбасы

Бабалар өсиеті сен болашақ азаматсың, отбасының иесісің, алтын діңгексің, болашақ анасың, болашақ әкесің деген ұғым.

Имандылық

Бұл жалған дүниедегі ізгілігің болса – ізгілігің, залымдығың болса – залымдығың ұмытылмайды.

Алланың таразысы, космос компьютеріндей қылаудай қате жібермей, бәрін шотқа салып отырады.

Кейіпкерлер әлемі

Кейіпкерлерді талдау

Айша бейнесі

Эпиграф: Жылу – Анадан!

Жылу – Алладан!

Жылу – Күннен!

Бөлімдері

Іс-әрекет

Қырау қанат балапан

Мұртаза ұсталып, Айша балаларымен жалғыз қалды, тағдыр тәлкелігіне ұшырады

Бір тарының қауызы

Мұртазаны іздеп түрмеге барды

Саусақ сорғыш бала

Емшектегі баласын тастап, колхоз жұмысына шықты.

Ай шуақ түндер

Шамсыз, қараңғы, ұзақ кеште балаларына әңгіме айтты, ана тәрбиесі.

Аққыз

Қаны тасып, қатты ауырды.

Үш ешкінің қайғысы.

Аш малдары үшін колхоз шөбін ұрлады.

Жалақсары финагент

Жылмақай финагентті өткір тілімен қуып шықты. Намысын қорғады.

Айлы түн, арықта сусап тыйылды

Күнкөріс қамымен тары егіп, суарды.

Артына бұрылып, мөңіреген сиыр

Тасбеттің кесірінен үйінен айырылып, Әулиеатаға көшті.

Безгек

Ауырған Барсханды аналық мейіріммен емдеді.

Тескетаудың қуысында,

Бір Алланың уысында

Жоқшылықпен күрес жолында, тігін машинасын әкелу барысында жүк поезынан құлай жаздады.

Ай мен Айшаның көз жасы

Туған үясына оралды.

Қорытынды: Айша – тағдыр талқысында жігері мұқалмай, балаларына өмірлік адами мәнді жұмыстарға араласуына бағыт-бағдар берген, намысқой, жігерлі, төзімді қазақ әйелі.

Барсхан бейнесі

Эпиграф: Ана сүтін ақ ішкен ақ ұлға

Дүниенің төрт бұрышы болар тұлға

Бөлімдері

Іс-әрекет

Боз ала таң

Әкесімен бірге 1 май мерекесіне барды. Балалық еркелігі

Қырау қанат балапан

Әкесінен айырылып, ерте есейді

Бір тарының қауызы

Түрмедегі әкесімен кездесуге барды

Саусақ сорғыш бала

Жасы алтыда, бауырын қарау міндеті жүктелді. Ойын қызығына түсіп, анасынан таяқ жеді.

Бақа жұтқан жылан

Жыланнан бақаны құтқарды.

Ноха

«Халық жауының баласы» деп мектепте қабылданбай, Ноханың көмегімен мектепке алынды.

Жалаңаш қасқыр, қоңыраулы еліктер

Ана әңгімелерін қызыға тыңдады.

Киіз доп

Өзегі талып жүрсе де, ойыннан қалмады.

Қара арпа, қара бие

Колхоз жұмысына, өгіз соқаға шықты.

Аққыз

Айша ауырғанда басқарма атын мініп, емшіге баруы,ұйқысыз түн өткізді.

Өскенбай

Жылқы күзетті. Ат құлағында ойнады.

Шолақ Сияқұл

Соғыстан жаралы келген жауынгерлердің өтініші бойынша хат жазды.

Шақпақтас

Оттық әкелу жолында боранда үсіп кете жаздады.

Көк ала үйрек

Аштықтан қиналды.

Шалдар ысқырады

Кеселді болған Сүлейменге қымыз әкелуге барды. Тасбеттің қорлығына ызаланып, айыр ала ұмтылды.

Қаратаудың «Күйік» деген асуы бар

Туған жерін қимай қоштасты, нағашы ағаларының аулында қонақта болды.

Тентек көше

Үйсіз қалып,туған жерінен көшті.

Молотов мектебіне қабылданды.

Алғашқы сынақ

Әдебиет, тарихқа жүйріктілігін, дүниетанымының мол екенін көрсетті.

Көк қалпақ.

Ұстаз Мұхаметжан Қаратаев сабағын тыңдады

Шолақтаудың шойын жолы.

Ауру нағашы апасы Зибаға көмектесуге ұмтылысы сәтсіз болды.

Қарашай қамбашы

Өз қоймасына өзі түскен қоймашыны әшкерелемеді.

Қалайы қасық

Қорлық пен мазаққа төзбей Сейсеннің маңдайын жарды.

Сұңғыла соғыс

Қауын егіп, арамшөп жұлып, айдалада жападан-жалғыз еңбек етті, еңбегі еш болды.

Арыз

Безгек ауруымен ауырды. Әнге, әуенге құмарлығы оянды.

Ерулік

Фабрикадан жүн иіртіп, алғаш рет ақша тауып, анасын қуантты.

Құмарпаздар ойыны

Кірпіш тасып, ақша тапты. Оны шарик-малик ойынында ұтқызды.

Фамилия дауы

Өз тегін әкесінің аталуы бойынша сақтап қалды.

Төрт күрек тіс

Әлімжеттікке қарсы төбелес

Шақпақтың желі

Айша мен бауырлары туған жеріне оралды, өзі оқуын жалғастыруға кетті.

Қорытынды: Барсхан қиын-қыстау күндерді басынан өткізсе де, өмір ерте есейткен ақылды, еңбекқор, өжет, туған жеріне, адамдарға деген ізгілігін жоғалтпаған кейіпкер.

Қорлық-азапқа жаны қас, балаға тән аңқаулығы бар, ойын баласынан ойлы балаға айналған.

Жуанқұл, Тасбет

Эпиграф: Басшы ақылсыз болса – елге азап

Жуанқұл

Бөлімдері

Іс-әрекет

Қара арпа

Баланы түнгі арпа күзетіне қойды, халық жауының баласы деп аузын аштырмады.

Қара арпа, қара бие

Егіндікте масақ қырыққан екі баланы (Қорғанбай, Барсхан) қамбаға қамап, соттатамын деп қорқытты.

Сүдігерде изен ызыңдайды

Ақжол күшікті атып тастады.

Жілігімді жағайын

Айша аштықтан, суықтан бейнет көргенде, көмегін Айшаның киіз үйіне айырбастады.

Шалдар ысқырады

Жағдайы жақсы үйінде қымызы бар. Дімкәс Сүлейменге бір жұтым қымыз бермеді.

Тентек көше

Жаңадан көше саламыз деген желеумен Айшаны отбасымен үйінен қуды, далада түнетті.

Тасбет

Бөлімдері

Іс-әрекет

Аққыз

Шешесі ауырып қасында қалған Барсханды қамшының астына алды. Контра деп тілдеді.

Мал дөктірі шығыпты, малың ауру деген сылтаумен сиырын тартып ала жаздады.

Шалдар ысқырады

Ұятсыз. Әр маяның түбіне бір жатады. Мұқтаждық қысқанда «тырқ» еткізіп жел жібереді.

Қырман басында әртүрлі тілдеулер айтып, Айшаны боқтайды.

Жұмыстан себепсіз кетті контра түрмемен сес көрсетеді.

Қорытынды: жүректерінде мейірім жоқ, имансыз, обал-сауаптың не екенін білмейді. Сол кездегі атқамінерлердің жетім-жесірлерге істеген қиянаты көп болатын.

Айша мен Барсханның тілеулестері

Эпиграф: Адамдардың маған істеген жақсылығы – Алланың нұры

Қапаста қалмағаным – соның арқасы

Нәметқұл

Мешел болып қалған Батырханды қамқорлыққа алды.

Нәметқұл бөдене аулауға ертіп шықты. Еңбекке баулыды.

Ноха

Барсханға әліппе, дәптер, қалам, қарындаш әкелді.

Қамқа

Жоғалған ешкілерін табуға көмектесті.

Аққыз

Ауырған Айшаға емшілік шарапаты тиді

Арыз

Нағашылары Сәли, Қали, Бөпетайлардың қамқорлығын көп көрді.

Хасен Өзденов

«Көйлегің тозғақ, өмірің озғақ болсын» киіммен көмектесті.

Салыстыру

Осыған ұқсас шығармаларды еске түсіру, салыстыру.

Пәнаралық байланыс

Тарихи деректер

1929-1933 ж. нәубат – жаппай ұжымдастыру, мал-мүлікті кәмпескелеу, қуғынға ұшыраушылар, көрнекті тұлғалар, ауылнай-билер, діни қызметкерлер, сонымен қатар тіпті Кеңес өкіметін орнатуға тікелей қатысқандар малшы-қосшыларда бар. Үш миллион қазақ аштан қырылған.

Қазақстан 1937 жыл – “халық жауларын” ұстау. Көрнекті тұлғалар, “Алаш” партиясы өкілдері қуғындалды, атылды.

1941-1945 ж. – Қазақстан – тыл, соғысқа аттану, майданға көмек

Берілген білімді бекіту

Мақсат: берілген білімді оқушының қай дәрежеде қабылдауын пайымдау.

Тест

1. Сияқұл алғашқы хатын кімнің атына жазды?

А) Сталин

В) Калинин

С) Ворошилов

D) Молотов

2. Заман соққан жел. Біз – қаңбақ. Троптың қандай түріне жатады?

А) теңеу

B) эпитет

C) метафора

D) символ

3. «Ай мен Айшаны» жазғанда жазушының жасы нешеде болды?

А) 30-40 аралығы

B) 40-50 аралығы

C) 50-60 аралығы

D) 60-70 аралығы

4. Ш.Мұртазаның туған жері?

А) Мыңбұлақ

B) Көксай

C) Ақсай

D) Әулиеата

5. Түрмеден Мұртаза не жіберді?

А) сыйлық

B) тамақ

C) кітап

D) ине

6. Барсханның алдына жан салмайтын ойыны?

A) доп ойнау

B) тығылыспақ

C) демалмас

D) жүзу

7. «Үйшік-үйшік» ойынын ұйымдастырушыны белгіле

А) Тұрымтай

B) Әсем

C) Мүнира

D) Жолдасбек

8. Барсханның туған күні?

А) 28.09

B) 28.10

C) 21.09

D) 27.10

9. «Мұхтар Әуезов: Абай» кітабын Барсхан қайдан алды?

А) Дүкеннен

B) Кітапханадан

C) Нәметқұлдан

D) Досмырза Нұрпейісовтен

10. Кетпе деп кәріқыз, ошаған, тікен, алабота, қарасора, тобылғы, аяққа шырмауық оралды. Табиғат ана көз жасын төкті. Троптың қай түріне жатады?

А) теңеу

B) кейіптеу

C) метафора

D) эпитет

Сабақты қорытындылау

Проблемалық сұрақтар:(Өзіндік сыни баға беру)

Шығарманың «Ай мен Айша» аталуы…

Жазушының балалық шақта алған тәрбиесі қазіргі азаматтық ұстанымына әсер етті ме?

Қамқаның «Тәңіртаудың басындай болмасаң да, бауырындағы тасындай бол» деген батасы орындалды ма?

Қандай тәлім-тәрбие алдыңдар ?Не ұнады,не ұнамады?

Бағалау

Үйге тапсырма: Жазушының тіл шеберлігі

«Ай мен Айша» романының көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.

infourok.ru

«Ай мен Айша». Қыз бала шашын неге жерге тастамау керек?

Шерхан Мұртазаның шоқтығы биік туындыларының бірі — «Ай мен Айша» романы. Шығармадағы ананың кешкен күнінен сол заманғы қасіретті, қиындықты, әділетсіздікті көресіз. Көре отыра бір-бірін көре алмайтын аз-ақ қана қазақтың осы бір керітартпа қасиетіне нағлет айтасыз. Сол заманғы тұрмысты Айшаның күнделікті күйбелең тірлігі арқылы-ақ оқырманға жеткізе білген Шерхан Мұртазаның шерлі шығармасын оқымасаңыз, атаулы кітапты табуға асығыңыз. Тіпті болмаса, елден қалмай электронды нұсқадағы кітапты ақтарыңыз. Аймен сырласқан Айшаның өмірін көз алдыңызға елестете отыра, осы мақаланы бейбіт заманда оқып отырғаныңызға шүкіршілік айтарыңызға сенімдіміз. Осы бір шығарманың іші қызықты-қызықты қысқаша қазақ дәстүріне, тарихына, ырым-салттарына негізделген оқиғалармен толыққан. Айшаның толқындай қолаң шаштарының өзі осы туындының 4 бетін өзіне арнатыпты. Осы жолдардың қысқаша мазмұнын назарларыңызға ұсынамыз.

Мұртаза қайтыс болғаннан кейінгі Айша өзгелер үшін өн бойын өрнектемейтін болды. Жарының көзі тірісінде Әйнек әжей Айшаның шашын тарасып, бұрымын өріп, шолпысын тағып беретін. Соңғы жылдары Әжей де қартайыңқырап, Айшаның шашын бес күн тарап, он күн өретін заманға сағынышпен қарайтын болды. Жалғыз басты әйелге күнделікті күйбің тіршілік айна алдында сыланып отыруға мүмкіндік бермейді. Қораздың айқайынан оянып жаңа күнге, ескі қара жұмысқа кеткеннен кеш жарымда бірақ оралатын Айша ұзын қалың қара шашына қараудан қалды. Тілерсекке түскен қос бұрымға қызылшада жүріп тікен жабысып кейде тіпті киіздей болып сіресіп қалады. Бір күні жұмыстан ерте оралған Айша қара шашын жумаққа қамданып қара қазанға су ысытты. Үш баласы үш жақтан жабылып жүріп аналарының қолаң шашын тарқатып, бірі су құйып, бірі су жылытып, бірі жер сүйреген қара шашты ұстасып Айшаның қияметті жұмысын жұмыла бітірді. Мүйіз тұмсық тарақпен қалың шашты тарау да қиын жұмыс. Бір бұрымын Айша, екінші бұрымын қызы Құрмаш екі жақтап тарап жатып, қалың шашқа шыдас бермей мүйіз тарақтың тістері де бырт-бырт сынап жатыр. «Құдай маған осынша шаш бергенше, бармақтай бақ берсеші» деп өткен өкініштерін еске алып тараққа оралған өлі шашты шүйкелеп орап жатыр. Алақанда айналдырып, жерде бір шаш қалдырмай дөңгелеткен Айша бір уақытта босағаның маңына жарты сапты пышақпен шұқыр қазып, түйенің құмалағындай көлемді өзінің өлі шашын жерге көмді. Анасының бұл қылығын түсінбеген балалар, бұның сырын білмекке сұрақ қойды. Ал, Айшаның жауабы мынау:
— Менің сендерден де басқа балаларым бар ғой. Үшеуі де нәресте кетті. Құттыбай, Елтай, Сәткүлді айтам. Әйел баласы шашын беталды тастамас болар. Тарақтан түскен шаш әлдеқалай отқа күйсе, о дүниеде балалары шырылдайды дейді. Анасының шашының отқа күйген иісін танып қояды екен де: «Анамыз тозақ отына түсіп кетті-ау!» деп шыр айналып шырылдайды екен. Тозақ отына анасын құтқарып алмақ болып, өздері де сол тамұқ өртіне түсіп кете жаздайды екен. Қыз баласы шашты тараған сайын аяқ астында қалдырудан сақтанғаны дұрыс. Өлі шашты жинап алғаннан кейін, шашыңыздың өртенуінен барынша сақтанған дұрыс. Айшаның заманындағы нанымды бүгінгі тұрмыс еріксіз бұрмалары анық. Десек те, барынша шашты аяқ астында қалудан сақтаған дұрыс болар.

massaget.kz/layfstayl/debiet/proza/50329/
Massaget.kz сайтынан

kerekinfo.kz

Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы (8-сынып)

Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы

Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы» заңы мен стандарт талаптарына сай терең білім беріп, шығарманың идеялық-тақырыптық мәнін ашу, кейіпкерлер болмысын танытудағы жазушы шеберлігін таныту; оқушылардың білімді өз беттерінше игере білу дағдыларын дамыту, оқушылардың өзіндік көзқарасын, жеке пікірін қалыптастыру; адамгершілікке,туған жерді сүюге, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа материалды игеру, көркем шығарманы талдау

Сабақтың технологиясы: Қ.О.Бітібаеваның «Жаңа білімді меңгерту және қисынды жобалау технологиясы».

Сабақ әдісі: талдау, жинақтау, сұрақ- жауап, пікірлесу, ұжымдық, топтық жұмыстар.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақ көрнекілігі: жазушы портреті, шығармалары, интерактивті тақта

Әдебиет теориясы: роман, мемуар

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

Топ мақсатын айқындау.

ІІ. Ш. Мұртаза өмірінен мәлімет

а) туған жері, өскен ортасы

ә) білімі мен атқарған қызметтері

б) қайраткерлігі

ІІ Жаңа сабақ

Әдеби теориясы: Роман – ХІ-ХІІ ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар атауынан шыққан.

Күрделі, дамыған сюжетті, көбінесе қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кесек тұлғалы эпикалық әдеби шығарманың бір түрі.

Роман өмірді, соның әр алуан құбылыстарын, адамдар арасындағы қарым-қатынастарын кең қамтып суреттейді.

Әдеби теориясы: Мемуар (француз сөзі еске алу) – автордың өздері қатысқан немесе куә болған тарихи оқиғалар, қоғам қайраткерлерінің өнегелі өмірі туралы көркем естеліктер жазбасы.

Шығарманың мемуарлық романға тән сипаттарын анықтау

  • Өз өмірі: бас кейіпкер Барсхан автордың прототипі

  • Кезең: балалық шағы

  • Қоғам: 1937 жылғы “Қызыл қырғын”, соғыс жылдарындағы қазақ аулының жай-күйі

  • Адамдар арасындағы қарым қатынас: қиянат-намыс, зорлық-мейірім, жауыздық-ізгілік

Негізгі проблемалары, талдау сұрақтары

  • Романда қандай оқиғалар болды?

  • — Кімдердің басында болды?

  • — Қалай болды? (осы сұрақтар төңірегінде оқушылармен ой бөлісу)

Оқушы жұмыстары

Негізгі проблемалары

Жазушы шеберлігі

1 топ. Кеңес үкіметі кезеңіндегі адам мен қоғам арасындағы қайшылық.

1937 жыл «Қызыл қырғын»

«Ұрлық қылмаса, кісі өлтірмесе, үкіметті боқтамаса… Неге сотталады? «Халық жауы дейді». Бір адаммен, екі адаммен жауласалық. Ал тұтас халықпен қалай жауласуға болады.

Солақай саясат

Әділеттіліктен аттан өтіп, беттің арынан таспа тіліп, түйіндеп тастайтың саясат деген сайқал бар. Саясат – тақ үшін талас.

Имандылықтың жойылуы

Жетім – жесірді қорлап, зорлағанның кінәсі батпан-батпан ауыр. Имансыздар білер еді, иман сабағы жоқ.

Сабақ айтатындарды сабады, қамады, атты, шапты.

Ұлыларға тіл бітсе – алапестер аласталып, заман түзелер еді…

Адам еңбегінің, ерлігінің бағаланбауы

Шолақ Сияқұлдың, соғыс мүгедегі Калининге хаты.

«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» деген ұранның өмірде іске аса бермеуі.

2 топ.Соғыс жылдарындағы қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі

Қиыншылық

Медреседе оқып жүргенімде айтар еді: бұл дүниеде жазықсыз азап шеккен адам, о дүниеде жұмақта болады деп. Болса-болар. Тамұққа, тозаққа жіберсе де аса өкінбеспін. Өйткені ондағы тамұқ мұндағы тозақтан қиын емес- ау.

Аштық

Қара арпа, ақ талқан тағзым саған

Аналар еңбегі

Шіркін, сол кездің әйелдері-ай! Азамат орнына азамат та болды, Ақыл ес айтар ақылман да болды. Отқа да түсті, суға да түсті. Бірақ бүк түсіп, белі сынбады. Егер олар сынғанда, елде ешкім қалмас еді.

Тамызық, оттықтың жоқшылығы

Айшаның там-тұмдап жиған отыны таусылды. Жол-жөнекей отын арқалай келеді.

Бір тал ши. Ол – құдірет. Ол таусылса ше? Таста от бар, от болса жаны – бар. Адам кеудесіндегі от мың күн жанып, бір түн өшеді. Ал тас тамырындағы от мәңгілік.

Жем-шөптің жоқшылығы

Жуалының бораны. Аш ешкінің бақырғанын құдай сізге естіртпей-ақ қойсын. Аш ешкі албастыдан айнымайды.

Еуропалықтар шайтан суретін ешкі бейнесінде салатыны тегін емес болуы керек.

Өмір заңдылығының бұзылуы

Бала балаға тән аз дәуренді басынан кешіру керек. Егер балалық дәуренің шала болса, сол жетіспей қалған сыбағаңды кейін де аңсап тұрасың.

3 топ. Адами құндылықтар

Туған жер құдіреті

Құстар отаншыл. Жұмыртқа жарып, үрпек балапан болып, дүниеге жеткенше асығады. Жол-жөнекей қанша қасірет шексе де, сол былтырғы ұясына жетіп жығылу зор арман.

Намыс

Көк бөрі туралы аңыз. Көк бөрі ит сияқты жарымсақтануды білмейді, үрмейді, қыңсылап жыламайды да.

Жүдесең, жүндей түтіліп кетесің.

Мейірім

Заман қанша тасбауыр болса да, сол кездегі адамдар, Жуанқұл сияқты бірлі-жарымы болмаса, мейірімді, бауырмал еді.

Еңбекқорлық

Қазақтың басты байлығы- мал. Малдың басын құрап, көзін тауып, ерінбей-жалықпай еңбек еткендер бай болады.

Еңбекпенен құт келеді,

Құт келеген үйден жұт кетеді.

Құт пен жұт-күн мен түн сияқты көне күндес.

Ізгілік

Адам адам болған соң хайуанаттан артық жаратылып, ақыл-есті болған соң, бірінен биік тұру керек.

Тектілік

Жеті атасын білмеген – жетім, түп атасын білмеген – тексіз.

Отбасы

Бабалар өсиеті сен болашақ азаматсың, отбасының иесісің, алтын діңгексің, болашақ анасың, болашақ әкесің деген ұғым.

Имандылық

Бұл жалған дүниедегі ізгілігің болса – ізгілігің, залымдығың болса – залымдығың ұмытылмайды.

Алланың таразысы, космос компьютеріндей қылаудай қате жібермей, бәрін шотқа салып отырады.

Кейіпкерлер әлемі

Кейіпкерлерді талдау

Айша бейнесі

Эпиграф: Жылу – Анадан!

Жылу – Алладан!

Жылу – Күннен!

Бөлімдері

Іс-әрекет

Қырау қанат балапан

Мұртаза ұсталып, Айша балаларымен жалғыз қалды, тағдыр тәлкелігіне ұшырады

Бір тарының қауызы

Мұртазаны іздеп түрмеге барды

Саусақ сорғыш бала

Емшектегі баласын тастап, колхоз жұмысына шықты.

Ай шуақ түндер

Шамсыз, қараңғы, ұзақ кеште балаларына әңгіме айтты, ана тәрбиесі.

Аққыз

Қаны тасып, қатты ауырды.

Үш ешкінің қайғысы.

Аш малдары үшін колхоз шөбін ұрлады.

Жалақсары финагент

Жылмақай финагентті өткір тілімен қуып шықты. Намысын қорғады.

Айлы түн, арықта сусап тыйылды

Күнкөріс қамымен тары егіп, суарды.

Артына бұрылып, мөңіреген сиыр

Тасбеттің кесірінен үйінен айырылып, Әулиеатаға көшті.

Безгек

Ауырған Барсханды аналық мейіріммен емдеді.

Тескетаудың қуысында,

Бір Алланың уысында

Жоқшылықпен күрес жолында, тігін машинасын әкелу барысында жүк поезынан құлай жаздады.

Ай мен Айшаның көз жасы

Туған үясына оралды.

Қорытынды: Айша – тағдыр талқысында жігері мұқалмай, балаларына өмірлік адами мәнді жұмыстарға араласуына бағыт-бағдар берген, намысқой, жігерлі, төзімді қазақ әйелі.

Барсхан бейнесі

Эпиграф: Ана сүтін ақ ішкен ақ ұлға

Дүниенің төрт бұрышы болар тұлға

Бөлімдері

Іс-әрекет

Боз ала таң

Әкесімен бірге 1 май мерекесіне барды. Балалық еркелігі

Қырау қанат балапан

Әкесінен айырылып, ерте есейді

Бір тарының қауызы

Түрмедегі әкесімен кездесуге барды

Саусақ сорғыш бала

Жасы алтыда, бауырын қарау міндеті жүктелді. Ойын қызығына түсіп, анасынан таяқ жеді.

Бақа жұтқан жылан

Жыланнан бақаны құтқарды.

Ноха

«Халық жауының баласы» деп мектепте қабылданбай, Ноханың көмегімен мектепке алынды.

Жалаңаш қасқыр, қоңыраулы еліктер

Ана әңгімелерін қызыға тыңдады.

Киіз доп

Өзегі талып жүрсе де, ойыннан қалмады.

Қара арпа, қара бие

Колхоз жұмысына, өгіз соқаға шықты.

Аққыз

Айша ауырғанда басқарма атын мініп, емшіге баруы,ұйқысыз түн өткізді.

Өскенбай

Жылқы күзетті. Ат құлағында ойнады.

Шолақ Сияқұл

Соғыстан жаралы келген жауынгерлердің өтініші бойынша хат жазды.

Шақпақтас

Оттық әкелу жолында боранда үсіп кете жаздады.

Көк ала үйрек

Аштықтан қиналды.

Шалдар ысқырады

Кеселді болған Сүлейменге қымыз әкелуге барды. Тасбеттің қорлығына ызаланып, айыр ала ұмтылды.

Қаратаудың «Күйік» деген асуы бар

Туған жерін қимай қоштасты, нағашы ағаларының аулында қонақта болды.

Тентек көше

Үйсіз қалып,туған жерінен көшті.

Молотов мектебіне қабылданды.

Алғашқы сынақ

Әдебиет, тарихқа жүйріктілігін, дүниетанымының мол екенін көрсетті.

Көк қалпақ.

Ұстаз Мұхаметжан Қаратаев сабағын тыңдады

Шолақтаудың шойын жолы.

Ауру нағашы апасы Зибаға көмектесуге ұмтылысы сәтсіз болды.

Қарашай қамбашы

Өз қоймасына өзі түскен қоймашыны әшкерелемеді.

Қалайы қасық

Қорлық пен мазаққа төзбей Сейсеннің маңдайын жарды.

Сұңғыла соғыс

Қауын егіп, арамшөп жұлып, айдалада жападан-жалғыз еңбек етті, еңбегі еш болды.

Арыз

Безгек ауруымен ауырды. Әнге, әуенге құмарлығы оянды.

Ерулік

Фабрикадан жүн иіртіп, алғаш рет ақша тауып, анасын қуантты.

Құмарпаздар ойыны

Кірпіш тасып, ақша тапты. Оны шарик-малик ойынында ұтқызды.

Фамилия дауы

Өз тегін әкесінің аталуы бойынша сақтап қалды.

Төрт күрек тіс

Әлімжеттікке қарсы төбелес

Шақпақтың желі

Айша мен бауырлары туған жеріне оралды, өзі оқуын жалғастыруға кетті.

Қорытынды: Барсхан қиын-қыстау күндерді басынан өткізсе де, өмір ерте есейткен ақылды, еңбекқор, өжет, туған жеріне, адамдарға деген ізгілігін жоғалтпаған кейіпкер.

Қорлық-азапқа жаны қас, балаға тән аңқаулығы бар, ойын баласынан ойлы балаға айналған.

Жуанқұл, Тасбет

Эпиграф: Басшы ақылсыз болса – елге азап

Жуанқұл

Бөлімдері

Іс-әрекет

Қара арпа

Баланы түнгі арпа күзетіне қойды, халық жауының баласы деп аузын аштырмады.

Қара арпа, қара бие

Егіндікте масақ қырыққан екі баланы (Қорғанбай, Барсхан) қамбаға қамап, соттатамын деп қорқытты.

Сүдігерде изен ызыңдайды

Ақжол күшікті атып тастады.

Жілігімді жағайын

Айша аштықтан, суықтан бейнет көргенде, көмегін Айшаның киіз үйіне айырбастады.

Шалдар ысқырады

Жағдайы жақсы үйінде қымызы бар. Дімкәс Сүлейменге бір жұтым қымыз бермеді.

Тентек көше

Жаңадан көше саламыз деген желеумен Айшаны отбасымен үйінен қуды, далада түнетті.

Тасбет

Бөлімдері

Іс-әрекет

Аққыз

Шешесі ауырып қасында қалған Барсханды қамшының астына алды. Контра деп тілдеді.

Мал дөктірі шығыпты, малың ауру деген сылтаумен сиырын тартып ала жаздады.

Шалдар ысқырады

Ұятсыз. Әр маяның түбіне бір жатады. Мұқтаждық қысқанда «тырқ» еткізіп жел жібереді.

Қырман басында әртүрлі тілдеулер айтып, Айшаны боқтайды.

Жұмыстан себепсіз кетті контра түрмемен сес көрсетеді.

Қорытынды: жүректерінде мейірім жоқ, имансыз, обал-сауаптың не екенін білмейді. Сол кездегі атқамінерлердің жетім-жесірлерге істеген қиянаты көп болатын.

Айша мен Барсханның тілеулестері

Эпиграф: Адамдардың маған істеген жақсылығы – Алланың нұры

Қапаста қалмағаным – соның арқасы

Нәметқұл

Мешел болып қалған Батырханды қамқорлыққа алды.

Нәметқұл бөдене аулауға ертіп шықты. Еңбекке баулыды.

Ноха

Барсханға әліппе, дәптер, қалам, қарындаш әкелді.

Қамқа

Жоғалған ешкілерін табуға көмектесті.

Аққыз

Ауырған Айшаға емшілік шарапаты тиді

Арыз

Нағашылары Сәли, Қали, Бөпетайлардың қамқорлығын көп көрді.

Хасен Өзденов

«Көйлегің тозғақ, өмірің озғақ болсын» киіммен көмектесті.

Салыстыру

Осыған ұқсас шығармаларды еске түсіру, салыстыру.

Пәнаралық байланыс

Тарихи деректер

1929-1933 ж. нәубат – жаппай ұжымдастыру, мал-мүлікті кәмпескелеу, қуғынға ұшыраушылар, көрнекті тұлғалар, ауылнай-билер, діни қызметкерлер, сонымен қатар тіпті Кеңес өкіметін орнатуға тікелей қатысқандар малшы-қосшыларда бар. Үш миллион қазақ аштан қырылған.

Қазақстан 1937 жыл – “халық жауларын” ұстау. Көрнекті тұлғалар, “Алаш” партиясы өкілдері қуғындалды, атылды.

1941-1945 ж. – Қазақстан – тыл, соғысқа аттану, майданға көмек

Берілген білімді бекіту

Мақсат: берілген білімді оқушының қай дәрежеде қабылдауын пайымдау.

Тест

1. Сияқұл алғашқы хатын кімнің атына жазды?

А) Сталин

В) Калинин

С) Ворошилов

D) Молотов

2. Заман соққан жел. Біз – қаңбақ. Троптың қандай түріне жатады?

А) теңеу

B) эпитет

C) метафора

D) символ

3. «Ай мен Айшаны» жазғанда жазушының жасы нешеде болды?

А) 30-40 аралығы

B) 40-50 аралығы

C) 50-60 аралығы

D) 60-70 аралығы

4. Ш.Мұртазаның туған жері?

А) Мыңбұлақ

B) Көксай

C) Ақсай

D) Әулиеата

5. Түрмеден Мұртаза не жіберді?

А) сыйлық

B) тамақ

C) кітап

D) ине

6. Барсханның алдына жан салмайтын ойыны?

A) доп ойнау

B) тығылыспақ

C) демалмас

D) жүзу

7. «Үйшік-үйшік» ойынын ұйымдастырушыны белгіле

А) Тұрымтай

B) Әсем

C) Мүнира

D) Жолдасбек

8. Барсханның туған күні?

А) 28.09

B) 28.10

C) 21.09

D) 27.10

9. «Мұхтар Әуезов: Абай» кітабын Барсхан қайдан алды?

А) Дүкеннен

B) Кітапханадан

C) Нәметқұлдан

D) Досмырза Нұрпейісовтен

10. Кетпе деп кәріқыз, ошаған, тікен, алабота, қарасора, тобылғы, аяққа шырмауық оралды. Табиғат ана көз жасын төкті. Троптың қай түріне жатады?

А) теңеу

B) кейіптеу

C) метафора

D) эпитет

Сабақты қорытындылау

Проблемалық сұрақтар:(Өзіндік сыни баға беру)

Шығарманың «Ай мен Айша» аталуы…

Жазушының балалық шақта алған тәрбиесі қазіргі азаматтық ұстанымына әсер етті ме?

Қамқаның «Тәңіртаудың басындай болмасаң да, бауырындағы тасындай бол» деген батасы орындалды ма?

Қандай тәлім-тәрбие алдыңдар ?Не ұнады,не ұнамады?

БағалауҮйге тапсырма: «Ай мен Айша» романының көркемдік ерекшелігіне талдау жасау

infourok.ru

Ш.МҰРТАЗА ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ АЙША БЕЙНЕСІ | Наукові конференції

Автор: 

Ләззат Омарқұлова, Анастасия Рединская (Тараз, Қазақстан)

Қазіргі замандағы әдебиетте әжелер мен аналар жайында қалам тартқан жазушылар ішінде Шерханның алатын орны ерекше. «Оның шығармаларындағы басты ерекшелік: адам баласының жан күйзелісін, ыза мен кектен тығырыққа тірелер шарасыз күйін аса шебер сүйреттеуі; қазақы мінез-құлық пен табиғат көріністерінің адам жанымен астасып қаз-қалпында сөзбен бейнеленуі. Жазушы шығармаларында философиялық тұжырымдар жасамайды немесе ұнамсыз құлықтарды шымшылап әзіл-оспақтың астына алмайды, кейіпкерлерін көркемсурет галереясындағы көріністей көз алдыңнан тізбектейді».[1.81 б.]

Қылышынан қаны тамған сонау заманда ұлтымызға Тұрар тұлғасының жаңа қырларын Шерхан дер кезінде таныта білді. Тұрардың қайта оралуына Шерханның «Қызыл жебе» романы жол салып берді десек қателеспеспіз.

Қалың қазаққа Тұрар есімін мәшһүр еткен соң да оның заманға лайық шығармалары шыға бастады. Солардың бірі – жазушының өз анасы жайында «Ай мен Айша» шығармасы.

Жазушының өзінен «Ай мен Айшада» Ай образын жасаудағы себебіңіз не?» деп сұрақ қойғанда, Ш.Мұртаза: «…Кітаптың атында неге ай тұр десеңіз… Ол, енді, біржағынан тағдырдың ұқсастығы сияқты, біздің анамызбен, әсіресе соғыс кезіндегі жесірлік, қиыншылық көрген аналардың тағдырына ұқсас.

Гейнеде бір өлең бар. Генрих Гейне деген ақында ай туралы әдемі бір сонеті бар. Мағынасы былай: Күнге ғашық ай, сұлу, күн де оған ғашық сияқты көрінеді. Шүпірлеген көп бала тараған. Ол – жұлдыздар. күндердің күнінде арасынан әлдебір қара мысық өтті ме, әлдеқандай сызат бітті ме, екеуі содан екі жақта. Бірі – шығыс жақта, бірі батыста. Күн шықса ай батады. Ай шықса күн батып кетеді. Өмірбақи бір-біріне жолыға алмайды, осынау мұңлы сарыны бар. Ал адам баласының тағдырын алсақ, ері жаңағы трепрессияға ұшырап, не болмаса майданға кетіп келмей қалғандардың көбісі солай. Балалар қалды. Ері жоқ бір-біріне жете алмаған дүние. Жалпы, дүниенің философиясы сол. Ай деген арман болса, күн деген қиял болса, соны қуасың да жүресің. Қашан жетесің, белгісіз, соған байланысты алынған ат». [2.127-128 б.]

«Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романы әуелі «Жалын» журналында (1995,№5-12) жарық көріп, әдебиет сүйер қауымнан жақсы бағасын алды. Бұл өмірбаяндық шығарма. Ол: «Сен қайдан келдің ?- дегенде бір данышпан: — Мен Балалықтың елінен келдім,- деген екен», — деп басталады. Ендеше, біздің автор да сол балалыққа саяхат жасап, кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен сол туған еліне сапар шегеді.

«Түсімде ылғи балалық шағымды көремін.

Түсімде күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін.

Түсімде ылғи туған үйімді көремін.

Түсіме ылғи Айша кіреді. Мұртаза сирек кіреді, өйткені ол кеткенде, мен бес-ақ жаста едім. Елесі еміс-еміс қана» — деген лирикалық кейіпкер дүниенің төрт бұрышын араласа да, қандай сұлу табиғат, бай елде болса да, ол үшін Ақсу-Жабағылының орны бөлек».[3.656-657б.]

Бұл романын ата-бабасының, Айшаның аруағына сиына отырып бастайды. Жарын халық жауы деп айдап алып кеткен соң, үш баласын жетілдіру мен заман тауқыметі өз басына қалған ана өмірі көркем суреттелген. Өмірінде талай қиыншылық пен азапты көргенмен ана жүрегі болашақтан тек жақсылықтан үміт күтеді. Бала Шерханды балалары үшін отқа түскен анасы алдындағы қарыздан қалай құтылам деген ой ертеден-ақ мазалаған еді:

«Ал мен болсам жатып аламын да ойланамын: анасы үшін о дүниедегі балалар отқа түсе жаздағанда, бұ дүниедегі біз сияқты пәндалар не бітіріп жүрміз ? Не жақсылық жасадық анамызға ?!

Мен паркке бара жатқанда, Қазыбек би көшесі мен Қонаев көшесінің қиылысында бір мәшке итті машина басып кетті. Жаңадан күшіктеген екен. Күшіктері арыққа төселген құбырдың ішінде қалған. Машина соларды таптап кетеді-ау деп, ана сорлы моторлы тажалға қарсы ұмтылған.

— Ана сүтін ақ ішкен адал ұлға, Дүниенің төрт бұрышы болар тұлға!- дер еді Айша…

Ана қарызынан қалай құтыламыз?!»[4. 99 б.]

Айша балаларына әрі ана, әрі әке, әрі әже болған нар адам болған.

«Сонда үш жетімін ұйықтату үшін, Айша неше алуан ертегі, қиссаларды айтады. Біз үшін бұл бір қадір түндері – Алланың ақ нұры жауған түндер. Анда –санда Айша осылай өзгереді. Ұзақ түнде бізге әр түрлі әңгіме айту арқылы өзі де азаптан арылып, уайымы жеңілдеп қалатын сияқты».[4.32 б.]

«Ізбайша, Әзиза, Айшалар – құдай қосқан қосағынан ерте айырылып, өмірдің бар тақсіретін тартқан тауқыметі көп, балалары үшін жанын отқа да, суға да салған итжанды аналар.

Романға нәр берген бір жетістік – ұлттық характерге мән беру. Қазақ халқына ғана тән ұлттық ерекшеліктер жазушы кейіпкерлерінің бойынан көптеп кездеседі. Қазақ әйелдерінің ата-ене, өзінен жасы үлкен қайынаға, абысынымен бірге қайын сіңлі, қайын інілердің атын атамай, оларға ат қоюы, не болмаса бас әріпін өзгертіп айтуы –ұлттық әдет-ғұрыпымыздың бір нышаны. Айшаның ата-бабадан қалған керегені отқа жақпай сақтауы, елден кетерде бүкіл аруақтан кешірім сұрап, шаңырақпен қимай қоштасуы, «Мына иесіз қалып бара жатқан шаңыраққа бас-көз болып жүрерсің» деп, иесіз үйді көршісі Баянға тапсыруы – кие тұтқан шаңырақты қандай жұт келсе де, көздің қарашығындай сақтау біздің ұлтымызға тән қасиет екендігін көрсетеді. Үйдің оты сөнуін шаңырақтың шайқалуына балайтын қазақтың от анасын қадірлеуі – бес жасар Барысханның ойнап келіп, жетілік шамға түкіріп, отты өшіре жаздағаны үшін оңбай жазалануы арқылы бейнеленген.

Көркем шығармаға аңыз-әңгімелерді, ертегілерді енгізу – қазақ прозасының табысы. Ал «Қоңыраулы еліктер», «Жалаңаш қасқыр» аңыздарына жан бітіріп тірілту арқылы ізгілікке тәрбиелеуге көңіл бөлу – жазушы жетістігі. Ұзақ түнді қысқартып, аш құрсақ балаларды алдандыру үшін айтқан Айшаның аңыздары, ертегілері – атадан балаға жалғасып келе жатқан рухани мұрамыз. Оның ата-бабалары, туған жер, тарих туралы әңгімелері болашақ жазушыға таусылмас қазына болғаны рас. Бұл романда көп кітап оқып, көп білгендіктен «молда» атанған Мұртаза мен әңгімешіл, ақынжанды Айшадан туған Барысханның Махамбеттің «Қызғыш құсына» еліктеп шығарған тырнақ алдысы да сол тұстағы зұлматтың тепкісін әшкерелегендей.

Шығарманың шешімі – Айшаны елден безуі. Оны елден, туған жерден, ата-баба қонысынан бездірген Тасбет пен Жуанқұл. Олар- кешегі Рысқұлды елден бездірген Дауылбай мен Саймасайдың жалғасы».[3. 658-659 б.]

Бал балалықтың дәмін татып үлгермеген бұл шығармалардың авторлары үшін аналары мен әжесінің аяулы алақаны жанға дауа, тәнге шипа болғаны шығармаларынан-ақ көрініп тұр. Адам өміріндегі ең тәтті кез осы балалық шақ болса, оны еске ала шығарма жазбаған жазушы кем-кем шығар. Ұрпағына осы кезеңде қазақи тәрбиені үлестірген ана мен әжеден айналарсың. Мүмкін бұл әрекетті уақытысында жасағандықтан, қазақтың маңдайына біткен әдебиеттің майданында өз орны бар азаматтары бүгінгі дәрежеге жеткен шығар.

Әдебиет:

  1. Оңғарсынова Ф. Шераға 60 жаста. Жұлдыз тағдырлы жазушы. Алматы. Атамұра. 1993.

  2. Тарази Ә., Мұсалы Л. Көркемдік құпиясы. Алматы: Санат. 2000.

  3. Қазақ әдебиеті тарихы. ІХ том. ред. басқ. С. Қирабаев. Алматы. 2005.

  4. Шерхан Мұртаза. Алты томдық шығармалар жинағы. Алматы: Қазығұрт. 2002.

oldconf.neasmo.org.ua

Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-диологиясында замана шындығының бейнеленуі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ТАҚЫРЫБЫ: Шерхан Мұртазаның Ай мен Айша роман-диологиясында замана шындығының бейнеленуі.

Орындаған: ИМАНГАЛИКОВА ЖАНЕРКЕ
Тобы: ФИ-201
Тексерген: Сабырбаева Раушан Койшановна

Семей 2015ж

Шерхан Мұртазаның Ай мен Айша роман-диологиясы
Шерхан Мұртаза Ай мен Айшаны жазуға Қара маржан романының, Қызыл жебе атты бес кітаптан тұратын роман-эпопеяның, көп-көп айшықты әңгімелердің авторы, белгілі драматург, аудармашы, Қазақстанның республикалық жетекші газет, журналдарының, радио, теледидарының абыройлы басшысы болып, Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты аталған соң кірісті. Енді өзі ел тұлғасы боп қалыптасқан кезде туғызды. Сол бай тәжірибенің нәтижесі Ай мен Айшадан айқын көрінеді. Шебер қалам жүздеген новелланы шашыратып алмай, үйлесімін тауып, басын біріктіріп, сом полотно жасайды. Бас кейіпкер өмірі барша новелланың алтын арқауы іспетті. Барсхан, қайсар шешесі Айша бұрынғы мекені тағдыр тауқыметімен Мыңбұлақтан Әулие-Атаға барып қоныстанып, бірсыпыра жылдан соң құтты мекеніне қайта оралады. Шеңберлі композиция (кольцевое построение) шығарма болмыс-бітімін тұтастандыра түскен. Шерхан Мұртаза Ай мен Айша романының Жолашарында бала күнінде көргенін, естігенін ортаға салғысы келгенін айтады. Ал, шығарманы бастан аяқ оқып шыққаныңда, Ай мен Айшаның идеялық-эстетикалық мән-мағынасы әлде қайда кең де терең екеніне көз жеткізесің. Роман қазақ ауылының өткен ХХ ғасырдың отызыншы, қырқыншы, елуінші жылдардағы сүрәмат тұрмысы, ауыр ахуалы, әлсіз үміт жетегінде жүріп, тоталитарзим мен шовинизм қазған ордың жар қабағында тұрса да, құлап кетпей, әупірімдеп күн көріп, не машақаттың бәр-бәрімен жансебілдікпен алысқанын суреттейді. Әлі ат жалын тартып үлгермеген жас бала қыл көпір үстінде жүргендей күй кешеді, бірақ тегі мықты, қабылан характерлі ол, әлі келсін, келмесін жамандықтың жағасына жармасады, алысады, жұлысады, қалайда беріспеуге тырысады.
1. РОМАН НЕЛІКТЕН АЙ мен АЙША деп аталынды?
Себебі, автор романда Айшаның басынан өткен азап та, ауыр тағдырды аймен салыстыра бейнелеп көрсете білген. Айша мұңайса, ай да мұңайып, айша қуанса ай да жадырап, Мұртазаны алып кеткенде бала шағасымен Айша қиналған кезде Ай да тұнып тұрған қара бұлтқа кіріп кеткенінен байқауымызға болады. Мысалы романның мына тұстарынан көре аламыз:
Түн ортасы болар, мен Айшаның айқайынан ояндым. Елегізген шынысыз шамның сәулесімен сорайып-сорайып бөтен біреулер көрінеді. Олар Мұртазаны итеріп-итеріп алдарына салып алып кетті. Айша айқайлап арттарынан шықты. Дірдек қағып мен де шықтым. Серейіп-серейіп үш-төрт адам сай жаққа қарай кетіп бара жатыр. Сайдағы көпір сықырлады. Айша сайдың қабағына дейін қалмай барып еді. Мұртазаның даусын анық естідім:
— Қайт! Балалар қорқып қалады! — деді.
Түнгі аяз бұл дауысты қайталап шыққандай болды. Сықыр-сықыр дыбыс алыстап, Айшаның аяғының асты ғана қаршылдайды.
Айша есіктің алдында ербиіп тұрған мені көтеріп алып, бауырына қысып, аспандағы топ-толық Айға қарап:
— О, жаратқан, басқа-басқа, мына үрпек балапандай үш нәрестенің не жазығы бар еді? — деді.
Толықсып тұрған Ай бір аунап түскендей болды.
Мен ілезде есейіп шыға келдім.
2.Роман- диологияның басты кейіпкері Барысханғаа мінездеме: Барсхан — Шерханның өзі. Яғни прототипі. Романнан іздестіретінің сол Барсханның бәрімізге белгілі Шерхан Мұртазадай асыл азаматқа айналуының бастапқы сүрлеудері. Барсхан Ойына не келсе соны істейтін, жанып тұрған шамның бүйірі томпақ шишасына түкіріп қалып шырт еткізіп сындыратын, сол тентектігі үшін шешесі Айшадан таяқ жейтін бес жасар ойын баласы кенет есейеді. Міне, осы тұстарда роман жанрының өзгешелігі, жеке адамның тағдыры мен дара санасын өзін тудырған аймақпен ғана емес, тұтас қоғаммен, қала берді исі адамзатпен байланыстыратын қасиеті күшіне ене бастайды. Өстіп көркем құрал қуатымен Кеңес кезінің қоғамдық бет-бейнесі жеке адамның тағдыры арқылы ашыла бастайды. Қоғам өмірі кең өрісті суреттелмесе де, бар назар Барсхан мен оның төңірегіне түссе де, баланың ендігі өмірі, қимыл-әрекеті, жан әлемі оны туғызған қоғамдық ортаның тұрпатын, ішкі мазмұнын әшкерелейді. Жеке адамның тағдыры адам өмірі сол қауымның бар тірлігімен қабысып жатқандықтан, замананың эпостық кең құлашты шындығына кенелеміз.
Жазушы бес жасар геройының бұл жолғы есеюінің жөн-жобасын бала түсінігіне шақтап берген. Жүрек шымырлататын, көзге жас алдыратын зардабының бір қырын ғана көрсеткен.
Мен ілезде есейіп шыға келдім.
Енді мені қорғайтын Әке жоқ екенін сұңғылалықпен сезіп қойған сияқты едім.
Жаңа ғана жарқырап тұрған Ай бұлттың ішіне сүңгіп кетті де, жетімдіктің алғашқы түні жан-жақтан қаптап келе жатты.
Айша мені жетім қалған үйге жетектеп кіргізді.
1937-жылы жалмауыз жыл еді.
Қанатына қырау қатқан жас балапан мен едім.
Енді асықтан ұтыла беретін болдым. Бұрынғыдай ешкім болыспайды. Келтірілген эпизод Қырау қанат балапан атты шағын новелланың үзіндісі, тамшысы. Сол қиттай тамшы — романның бар тұрқы-тұрпатының айнасы сықылды. Шап-шағын әңгімеде қилы-қилы мәселе қамтылған. Және сарынында Барсхан баланың даусымен қатар, үлкен жазушы, бүгінгі ел тұлғасы Шерхан Мұртазаның үні қоса қабат естіліп отырады.Бала әкесінен айрылды. Бұған дейін Қарны тоқ, қайғысы жоқ, киімі бүтін бес жасар ойын баласы еді. Ауыл ағайын енді қырын қарай бастағанын бірден … жалғасы

stud.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *