Сабақ жоспары диктант қазақ тілі 11 сынып: 11 сыныпқа арналған диктант мәтіні жүктеу
Диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы
Жалпы білім беретін мектебінің 9 — 11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен диктант жинағыАндатпа
Берілген жинақ көздейді: сөз қорын арттыру, лексикалық бірліктерін белсендіру, сауатты жазудың дағдыларын дамыту, коммуникативтік құзыреттерін дамыту және жетілдіруге, тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сай және оқытылатындардың болашақта заманауи қоғамда табысты биімделуге мүмкіндік береді.
Түсініктеме
Авторлар әр сынып бойынша мұғалімдердің күнделікті практикалық жұмыстарына керекті материалдарды іріктеп ғылымдық, тәрбиелік мәні бар мәтіндерді календарлық талаптарға бейімдеп топтады. Ондағы мақсат — шәкірттердің білім — деңгейін, өтілген материалдарды меңгерудегі жетістік, ой қылықтарын айқындауға көмектесу.
Мәтін құрамына: есеп, бейнелеу өнері, дене шынықтыру, экономика сабақтарында кездесетін жазылуы қиын термин сөздер енген.
Диктант өзінше ерекшелігі бар сабақ: өткізу тәсілі жағынан да, дидактикалық мақсаты жағынан да.
Мақсат, мазмұны жағынан: анықтау, қайталау, жинақтау немесе білім сапасын анықтау сабағы деп жүрміз.
ІҮ. Диктантты тексеру
1. Жұмыс келесі сабаққа тексеріліп әкелінуі керек.
2. Диктанттың соңында орфографиялық, пунктуациялық қате саны көрсетіледі. Белгілерді оқушы «оқып түсіне білуі керек. Бақылау жұмысын тексерудегі шартты белгілер.
Белгілер мәні
/ — емле қатесі
V — тыныс қатесі
/ — азат жол артық қойылған
? — түсініксіз
/ — қайталанған ойлар, стильдік қателер, сөз қалдырған
/ — жүйе үзілген
V. Диктантты бағалау
Бағдарламада диктанттан кейінгі жүргізілетін қатемен жұмыс — талдау сабақтарына сағат бөлінбегендіктен, оны жылдық, тоқсандық, тақырыптық қайталау сабақтары есебінен алып, өткізіп отыру аса қажет.
Әріп диктант 4 — 8 сыныптар аралығында өткізіледі. Мақсат — оқушыларға өтілген дыбыстар мен әріптерді меңгертіп, олардың бір — бірінен айырмашылықтарын, ерекшеліктерін білдіру, бұл диктант түрі оқушылардың сауатын ашумен қатар олардың есту қабілетін дамытады.
Буын диктант барлық сыныптарда өткізуге болады. Бұл оқушыларға буынды, оның жасау жолдарын меңгеруіне көмегін тигізеді. Оқушылар буынға бөліп жазу арқылы қазақ тілі дыбыстарының жазылу (дауысты дыбыстың жеке тұрып та, дауыссыз дыбыстармен бірігіп те буын құрай алатын) ерекшеліктерімен танысады.
Сөз диктанты — барлық сыныптарда жүргізіледі. Мақсат — оқушыларға сөздің белгілі ұғымды білдіретінін, яғни бір мағынасы болатынын түсіндіру. Жоғарыда айтылған диктант түрлеріне қарағанда сөз диктанты күрделі болады. Сөз диктантын жүргізу арқылы оқушыларға қазақ сөздерінің, тиянақты ұғым беретіндігін білдіру көзделеді. Сонымен қатар әр сөзде неше буын бар екендігі, қанша әріптен құралатындығы да айтылады.
Сөйлем диктанты 4 — 11 сыныптарда жүргізіледі. Мақсат — оқушыларға қазақша сөйлем түрлерін танытып, оны өз беттерінше құра білуге дағдыландыру. Мұнда сөйлемнің ұзақ болмауын ескерген жөн. Қазақ тілінде сөйлемдер неше сөзден құралғандығы, бас әріп сөйлемнің басында келіп, сөйлем ішіндегі әр сөз бөлек жазылатындығы, сөйлемнің соңына нүкте, сұрақ, леп белгілерінің бірі қойылатындығы айтылады.
Көру диктанты барлық сыныптарда жүргізіледі. Диктанттың негізгі мақсаты,- оқушылардың көру, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы қазақ сөздерін сауатты жазуға үйрету. Көру диктантына әріп, буын, жеке сөздермен бірге кейбір жазылуы қиын сөз, сөз тіркестері, қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер, жұмбақ, жаңылтпаш, мақалдар, шағын мәтіндер алынады. Диктант мәтінді тақтаға күні бұрын жазылады., Оқушылардың мәтінді екі — үш рет оқып — шығып, бірер минут асықпай қарап алғаннан кейін, оны сол көргені бойынша жадына сақтауларына уақыт беріледі. Содан кейін мәтін жазылады. Оқушылар оқығанын еске түсіріп, дәптерге жазады. Кей жағдайда қазақ тілінің ережелерін де жазғызуға болады.
Өздік диктанты барлық сыныптарда өткізіледі. Оқушылар өтілген мәтіннің немесе тақтаға ілінген суреттің мазмұнын не көрген оқиғалары жайында жазуына болады. Сондай — ақ өздері білетін әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін, жеке сөйлемдерді, жаттап алған өлең, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш, қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестерді естеріне түсіріп жазады, Қазақ тілінің кейбір ережелерін де жаздыруға болады. Кейде оқушыларға өздік диктантты жазбастан бұрын оған қандай материалды қайталап келу керектігі ескертіледі.
Сөздік диктантты барлық сыныптарда және сабақтың барлық кезеңінде жаздыруға болады. Ол әрбір жаңа мәтін, сурет, жаттығу жұмыстарынан кейін өткен материалдарды пысықтаудың, қайталаудың ең тиімді жолы болып табылады.
Терме диктанты да барлық сыныптарда өткізіледі. Оқушылар мәтінді тұтас жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өздеріне берілген тапсырмаға лайықты ережелері бар сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады. Мұғалім кейбір оқушыларға бұрынғы жазу жұмыстарында жіберген қателеріне байланысты тапсырма беруі мүмкін. Бұл диктантты белгілі бір тақырыпқа немесе ережеге байланысты өткізу арқылы оқушылар мәтін ішінен өздеріне қажетті сөз, сөз тіркестерін таба білуге жаттығады.
Оқушылардың сауаттылығын есепке алып, білімін, бағалау үшін оқу жылының әрбір тоқсанында бақылау диктанттары жүргізіледі. Ондағы сөз саны мынадай өлшемде белгіленеді.
5 — сынып үшін 90 — 100 сөз;
7 — сынып үшін 110 — 120 сөз;
8 — сынып үшін 120 — 150 сөз;
9 — сынып үшін 150 — 170 сөз;
10 — сынып үшін 170 — 180 сөз;
11 — сынып үшін 190 — 210 сөз.
Диктант мәтінінде әрбір өтілген ережеге байланысты кем дегенде 2 — 3 орфографиялық және тыныс белгілерінің объектілері болуы тиіс. Бір диктант құрамында ұшырасатын орфографиялық және тыныс белгілерінің саны мынадай өлшемнен аспауы тиіс.
5 — сынын үшін — әр түрлі орфограмма саны 12, тыныс белгісі 2/3;
6 — сынып үшін — әр түрлі орфограмма саны 16, тыныс белгісі 3/4;
7 — сынып үшін — әр түрлі орфограмма саны 20, тыныс белгісі 4/5;
8 — сынып ушін — әр түрлі орфограмма саны 24, тыныс белгісі 10;
9 — сынып үшін — әр түрлі орфограмма саны 24, тыныс белгісі 15;
10 — 11 сыныптар үшін — әр түрлі орфограмма саны 26, тыныс белгісі 18 — ден аспау керек.
№1 Аса білімді адам
Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі тарихында Ахмет Байтұрсыновтың да орны сондай.
А. Байтұрсыновтың артында қалдырған бай мұрасына қарағанда, оны жоғары оқу орнын бітірген адам ден ойлауға болады. Шындығында, ол екі — ақ оқу орнында оқыған. Бірі — Торғайдагы екі кластық орыс — қазақ училищесі. Екіншісі — Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын қазақ мектебі. Еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалім болып бастайды. Ол қазақ балаларының өз тілінде сауат ашуына арнап тұңғыш әліппе жазады. Оны 1912 жылы Орынбор қаласында бастырып шығарады. Осыдан кейін қазақ тілін мектепте пән ретінде оқытуды қолға алып, оқулық жазуға кіріседі. 1915 жылы “Тіл құрал” деп аталатын оқулығы жарық көрді.
97 сөз, Ө. Айтбаев.
№2 Атыраудың алтын адамы
Атырау облысы Жылыой ауданындағы Аралтөбе ден аталатын қорымнан 2000 жылы белгілі археолог Зейнолла Самашев тапқан ескерткіш осылай аталып жүр. Сол жерде қазылған үш зираттың бірінен адамзат тарихы үшін екінші алтын адам табылды.
111 сөз, Газеттен.
№3 Аналар мерекесі
Бар әлемге шуағын шашқан көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі — халықаралық әйелдер күні. Немістің революционер қызы Клара Цеткиннің ұсынысымен қабылданған осы мерекені бүкіл дүниежүзі атап өтеді. Аналар мерекесінің көктемнің алғашқы айында болуында бір сыр бар сияқты. Дүниедегі тіршілік атаулыға нәр беретін табиғат — ананың ардақты жанға көрсеткен ерекше бір ықыласы мен құрметі сияқты.
94 сөз, Газеттен.
№4 Атақаз
Қанат терезе алдында отыр. Көшеде ойнап жүрген балаларға жаутаңдай қарайды. Далаға жүгіре шыққысы келеді. Бірақ есік алдында басы қайқаңдап атақаз тұр. Осы бір атақаз қызылкөз пәле болды. Өзінен Болат та, Жанат та, тіпті Қанаттың қабаған күшігі Ақтөс те қорқады. Міне, бүгін тағы да, үйге кіргізбей тұр. Ысылдап, мойнын созып, ұмтылып келеді. Қанат бойындағы бар күшін жинап алды. Қарнын тістей берген қаздың қылша мойнына жабыса кетті. Қыса түсті. Буынған атақаз жандәрмен болды. Ол бұраңдап, әлсірейін деді. Есін жиған Қанат жібере салды. Мойны босаған қаз балапанына қарай қаша жөнелді. Енді Қанатқа тиіспеді.
№5 Еркелік
Менің ағам да соғысқа кеткен. Бірақ қасымда атам мен әжем бар. Атқа мінсе алдынан түспеймін. Жақын маңдағы ауылдарды аралаймыз. Алысыраққа шықса, жолын тосып, қарауылдап жүремін. Көз ұшынан сұлбасы көрінгеннен — ақ жүгіремін. Егер мен андамай қалсам, атам ауыл шетіне жақындағанда көлденеңдей тоқтап тұрады. Әжем немесе сыртта мал сауып, шаруа жайлап жүрген басқа біреу көріп, хабарын айтады. Meн шапқылай жөнелемін. Ат үстінен еңкейіп, көтеріп алады. Мені ердің алдына отырғызады, тізгінді береді. Ақжал көк жорға төгілте жортады. Алыс жолдан оралған екі жолаушы бірге келеміз. Ойынның шарты сондай. Еркелік. Ал атам осылай еркелеткенді ұнатушы еді.
№6 Ерланның кірпісі
Ерлан жайылымнан қайтқан бір қора қойды айдап келе жатыр еді, олар кенет дүр етіп үрке жөнелді. Қараса, кішкене кірпіден үркіпті. Оны тақиясына салып, үйіне әкелді де, тамақ берді. Үйшік жасап, соған орналастырды.
Күндер өте берді. Ерлан оны сүт беріп асырады. Кірпі үйге тез үйренеді. Пыс — пыс етіп, аулада емін — еркін сайрандап жүретін болды.
Есік алдында Ерланның атасы отырғызған үлкен қарағай бар еді. Сол қарағайдың басына кептер ұя салып, балапан шығарған. Бір күні әлгі кірпі сол қарағайға қарай жылжып бара жатқан жыланды байқап қалып, тарпа бас салды. Кірпі жыланды осылай мерт қылып, балапандарды құтқарып қалды.
92 сөз, Газеттен.
№7 Тассу бұлағы
Тассу сүтті бұлақ. Ауыл қонған күні атам бастауын шөп — шалам, лай топырақтан аршытқан соң тіпті бұрқырап кетеді. Кішігірім өзенге парапар. Мөлдір. Таза. Жылғаны бойлап, сай табанына жайылып, жер тамырына нәр құйып жатыр. Көз жетер аймақ қалың көк шалғын. Орманға енгендей, күп беріп түстік те кеттік. Төбең көрінбейтін жерлері де бар. Тереңіне сүңгіп, тығылып ойнадық, жыға құлатып, тарам — тарам жол салдық. Бірақ ойынның ең қызығы бұлақ арнасында. Төменіректе шымы сөгілген оппалар көп. Суы бастаудағыдай емес, жылы, бойлауға келмесе де, тізеден жоғары. Шалпылдатамыз да жатамыз. Балшықтан үй соғамыз, шиден шарбақ тоқимыз. Содан соң балық іздеуге кірісеміз.
90 сөз, М. Мағауин. “Доңыз жылғы балалық”.
№8 Қашқындар
Тассуды бойлай қонған төрт — бес үйден шыққан балалар опыр — топыр ойнап, бақадай шулап жатқан қызық күндердің бірі. Түстері жат, өндері жабырқау, киімдері жалба — жұлба бір той кісі дәл төбемізден өсіп шыға келгенде бәріміз де абдырап қалдық. Қашқындар! Қашқындар! Атам айтқан. Шұбарайғырды жағалап, Өгізтауды етектеп келе жатыр деген. Бестен — оннан бөлінген өңшең жаяу. Қазақ балалары. Қарағандыдан, әлде Балқаш пен Қоңыраттан бұзудан (ФЗУ) қашқан. Үйлеріне қарай. Ешкімге тимейді. Бірақ көзге түспеуге тырысады. Жеті адам. Қашқындар бұлақ жағасына сылқ отырды.
— Тассу! — деді Сағым көзі қаймыжықтана жасаурап. Мен де ойнайтын едім той осылай. Суы бал, шөбі дәрі қайран Тассу!
90 сөз, М. Мағауин.
№9 Абайдың сүйікті ұлы
Абайдың көңілі Әбдірахманның оқу бітіріп, үйлену кезінде біраз жай табады. Алаңсыз өмірге, ақындыққа бүтіндей берілген кезде Әбдірахманнан хат келді. “Мағауияны жіберіңіз”. Абай Әбіш ауруына қатты алаңдайды. Үсті — үстіне хат жазып, хабарласып тұрады. 1895 жылы қараша айында Әбіш қайтыс болады. Сүйегін уақытша Алматыға жерлеп, Мағауия елге келеді. Бірнеше ат даярлатып, Шәкәрім, Майқан, Солтабаев Ысқақ, Байтуов Тәнеке дегендерді жібереді. Олар Әбсемет үйіне түсіп, Әбіштің сүйегін былғары табытқа салып, қайта жолға шығады. Сүйек елге келген соң бетін ашып, Абай баласының маңдайынан иіскеп, шеше — бауырларына көрсетіп, қоштастырады. Ақшоқы қыстағындағы Құнанбай бейітіне жерлейді. Абай сүйікті ұлы Әбішті осылай соңғы сапарға аттандырады.
93 сөз, М. Бейсебаев.
№10 Жануарлардың қысқы ұйқысы
Қар түсісімен жануарлар қысқы ұйқыға кетеді. Қандай жануарлар қысқы ұйқыға жатады?
Қыста ұйықтайтын жануарлар өте көп. Олар: аю, борсық, жанат, кірпі. суыр, қарақас, жарқанат, саршұнақ.
Балықтар да ұйықтайды. Олар су түбіндегі балдырлардың, тұнбалардың арасынан орын тауып алады да, сол жерде жата береді. Бақалар да тұнбаларға орналасады. Олар қысқы ұйқыға жатқанда мұз қатып қалса, бір қызығы күн жылынып, мұз ерігенде тіріледі.
Жылан, кесірткелер қысқы ұйқыны жапырақтың астында, індерінде, жер жарықтарында, ағаш түбіңде өткізеді. Суырлар тереңдігі екі — үш метр ін қазады. Қосаяқтар тереңдігі екі жүз жиырма сантиметрге жететін жеке — жеке індер қазып, ұйқысын сонда өткізеді.
94 сөз, Газеттен.
№11 Ана
Жер бетіндегі ең әдемі сөз ана. Адам алғашқы сөзін де осыдан бастайды. Жер бетіндегі тілдердің бәрінде де осы сөз ерекше қастерлі.
Ананың қолы ең қасиетті, аялы қол, ол нені болса да атқара алады. Ананың жүрегі ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі ешқашан сөнбейді, оның көзінен еш нәрсе де қалтарыс қалмайды.
Сенің жасың қаншада болса да, мейлі, бес жас болсын, мейлі, елу жас болсын, саған әрқашан да ана керек, оның аясы, мейірімі керек. Сенің анаңа деген сүйіспеншілігің неғұрлым зор болса, өмірің де соғұрлым шексіз қуанышқа, шалқар нұрға бөленеді.
88 сөз, «Жыл он екі ай» журналынан.
9 — 11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен диктант жинағы. жүктеу
Диктанттар жинағы қазақ тілінен диктанттар жинағы 9 — 11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен диктант жинағы
Редакция девизі: БІЗ ҰСТАЗДАР ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІЗ ! — E-mail: 45@45minut.
kz — Тел: 8 777 087 6843Жаңа сабақтарРедакция
КАЛЫБАЕВА ЗАДАГУЛ БОРАНБАЕВНА
ЮНУСМЕТОВА НИЛУФАР АБИТБЕКОВНА
МАТЕУОВА ЗЕЙНЕГУЛ ЖАКСЫГАЛИЕВНА
КЕУІЛ СЕРІК МАКСОТҰЛЫ
ТУРГАНБАЕВА ЖАЙНАГУЛ БАРЛЫКОВНА
КАЗБЕКОВА АНАР АЙБОЛАТОВНА
КАРЖАУБАЕВА ДИНАРА СЕРИКБОЛОВНА
ЕСБОСЫНОВА АҚМЕРЕЙ СӘЛІКҚЫЗЫ
АБДИРАХМАНОВА АКМАРАЛ ЖУМАБЕКОВНА
АБДИРАХМАНОВА АКМАРАЛ ЖУМАБЕКОВНА
МУРАТБЕКОВА ГУЛЬНАРА ТОКТАСЫНОВНА
ЕРЖАН АКЕРКЕ АЙБАРҚЫЗЫ
АРТЫКОВА ЕЛМИРА ОМАРКОЖАЕВНА
ШОРМАКОВ МАДИЯР ДОСМУКАМЕТОВИЧ
ЖАНУЗАКОВА ЛАУРА АБДИКАДЫРОВНА
АХМЕТЖАНОВА АЙЗАДА КАНАЙБЕКОВНА
УМАРОВА АЙНУР КОШКУМБАЙЕВНА
ЗИКИРЯЕВ БАКБЕРГЕН ЖАНАДИЛОВИЧ
ЕРГАЛИЕВ САБИТ АЙТКАЛИЕВИЧ
ШАҒАНСАРИЕВА АЙНУР ДАУЛЕТКЕЛДИЕВНА
ТӨЛЕГЕН Ә.Е
ЖҰМАБЕКОВА ДИНАРА ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ
КЕНЖЕБЕКОВА ҚАЛИЯ ТӨРЕХАНҚЫЗЫ
ДЖУМАТАЕВА АЙМАН ЖУСИПБЕКОВНА
БЕСПАЕВ ҚАНЫШ ЖАКИНОВИЧ
КАСАРИ КУНСАУЛЕ
ДЮСЕМБАЕВА ТОЛКЫН САЛХИМБАЕВНА
МАРАТОВА АСЫЛ НҮРКЕНҚЫЗЫ
ЖАНТЕМИРОВА ЖАНАР ЖУМАГУЛОВНА
НУСИПКОЖАЕВА РИММА БОЛАТОВНА
АШАМАЕВА ГУЛИМ ЖАКАНОВНА
ЖҰМАБЕК ЖАНСҰЛТАН ЖҰМАБАЙҰЛЫ
№-02-40-2023Скачать
Понравилось это:
Нравится Загрузка. ..
Оставьте комментарий Жаңа сабақтарРедакция
БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ
Мамыр айы 2023 жыл | № 05 (43)
ЧАКЕНОВА ФАРИДА НУРИТБЕКОВНА
ЕТЕКБАЕВ ӘДІЛ САҒЫНДЫҚҰЛЫ
ЕТЕКБАЕВА РОЗА ТҰРСЫНҚЫЗЫ
БАЙТАСОВА НАЗИРА БЕКБОЛАТҚЫЗЫ
САБДЕНОВ ЕРКИНБАЙ ШУКУРБАЕВИЧ
№-05-43-2023Скачать
Понравилось это:
Нравится Загрузка…
Оставьте комментарий Жаңа сабақтарРедакция
АХМЕТОВА АЙНҰР
НАБИЕВА МОЛДИР ЖАНДАРБЕКОВНА
ЕРМАХАНБЕТОВА РАЙХАН АМИРБЕКОВНА
НУРТАЗИНА АЙЫМГУЛ НУРГАЛИЕВНА
ДАУЛЕТБАЕВА ЛАЗЗАТ КАМБАРОВНА
ӘЛИЕВА ГҮЛЖАУҺАР ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ
ТАЛПАКОВА ЭЛЬМИРА БАКТЫБАЕВНА
ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ ГҮЛЖАНАТ
ШЕРИПОВА АЙГЕРИМ БЕКТАЕВНА
ИСЛАМОВА ҰЛМЕКЕН ДӘУЛЕТҚЫЗЫ
КАЮПОВА СӘУЛЕ ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
САРСЕНБАЙ АЙЗАТ ИСАБЕКҚЫЗЫ
МЫРЗАХМЕТОВА ЖАНСАЯ КУЛМАНОВНА
ДЖИЛКИБАЕВА АЛИМА НУРЛЫБАЕВНА
ТУЛЕГЕНОВА НАЗИЛА КАМИЛЖАНОВНА
2023-28Скачать
Понравилось это:
Нравится Загрузка. ..
Оставьте комментарий Жаңа сабақтарРедакция
ОРБИШОВА ЖУМАГУЛ ЖАКСЫЛЫКОВНА
БОЛДЫРЕВА СВЕТЛАНА ВЛАДИМИРОВНА
КОСАНОВА АЙЫМ БУРХАНОВНА
2023-27Скачать
Понравилось это:
Нравится Загрузка…
Оставьте комментарий ЖаңалықтарРедакция
Айдарбек Қожаназаров: Дихандар банкрот болудың
алдында тұр
Понравилось это:
Нравится Загрузка…
Оставьте комментарий Жаңа сабақтарРедакция
АУБАКИРОВА ЗАМИРА КОШКИНБАЕВНА
АХМЕТОВА ДАМИРА ЖАРЫЛҚАСЫНҚЫЗЫ
БЕСБАЕВА АКМАРЖАН УСКЕНБАЕВНА
КУВАНДИКОВА АЛИЯ РАХМАНОВНА
КАЛБАНОВА АЙНУРА КАЛИЛАКЫЗЫ
НАУРЫЗОВА ЛӘЙЛӘ СМАЙЫЛҚЫЗЫ
ОСПАНОВА САНДУҒАШ ЖЫЛҚЫБАЙҚЫЗЫ
САДЫКУЛОВА ГАЛИЯ КАМЗАБЕКОВНА
САПАРБАЕВА ЗИНА КЕНЖЕБАЕВНА
ТАСТАНБЕКОВА ГУЛЬМИРА НАУШАНБЕКОВНА
ТӘТТІБАЕВА ГУЛЬВИРА КӨПЖАСАРҚЫЗЫ
УМИРАЛИЕВА САНДУҒАШ АДИЛХАНОВНА
АРИНОВА МАЙРА
ЖУЗБАЕВА ЭЛЬМИРА АЛИБЕКОВНА
АКШАЛОВА ГУЛЬДАНА ШАРИПХАНОВНА
adis-40Скачать
Понравилось это:
Нравится Загрузка. ..
Оставьте комментарий Жаңа сабақтарРедакция
МУСАБЕКОВА САУЛЕ СТАНБЕКОВНА
ИБРАЕВА ГАУХАР ЗИЯШЕВНА
РАХМАНОВА БАЯН ХУДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ
АЛИПБАЕВА МЕРУЕРТ УПИСАЕВНА
АЛТИБАЕВА АЙСУЛУ КИЛИБАЕВНА
МЕЙРХАНОВА АКБОТА
adis-39Скачать
Понравилось это:
Нравится Загрузка…
Оставьте комментарий Жаңа сабақтарРедакция
ЖУНУСАЛИЕВА ЗАРИНА ЖАНИБЕКОВНА
РЕЙПЕНОВА ЖУЛДЫЗ АХМУХАНОВНА
КИЯЛБАЕВА ГУЛШАТ КОНИЛОВНА
ЖАЛМҰРЗАЕВА АЙДАНА ШЫНЫБЕКҚЫЗЫ
orleutv-2023-16Скачать
Понравилось это:
Нравится Загрузка…
Оставьте комментарий Жаңа сабақтарРедакция
УРАЗОВА АЙЫМГУЛЬ БАТЫРБЕККЫЗЫ
СЕГИЗБАЕВА АСЕМГУЛЬ КУАНЫШКЫЗЫ
ҚАРШЫҒА НУРИЛА ҚАРШЫҒАҚЫЗЫ
САЛАМАТҚЫЗЫ ОРЫН
БЕКТІЛЕУОВА АНЕЛЬ РУСЛАНҚЫЗЫ
БЕКТИЛЕУОВА ЗАУРЕ КУЗЕНБАЕВНА
ҚОЖАМҚҰЛ ГҮЛДАНА МИЗАМБАЙҚЫЗЫ
ИСКАЛИЕВА ЖУМАГУЛ ТОЛЕУОВНА
КУМЫШКАЛИЕВА МАДИНА ХУДАЙБЕРДИЕВНА
АБДУРАГИМОВА СЕВИНДЖ ЗУМРЕДДИН КЫЗЫ
ЖАНКУЛИЕВА НЕСИБЕЛИ ХАЙРУЛЛАЕВНА
СЕРІКҚЫЗЫ ГҮЛНАЗ
АБСЕИТОВА РИММА ТОЛЕУТАЕВНА
КАМЕТАЕВА ЗУЛЬФИЯ АБДЫКАДЫРОВНА
adis-38Скачать
Понравилось это:
Нравится Загрузка. ..
Оставьте комментарий Жаңа сабақтарРедакция
ЯКУБОВА КАНЗИЯ ГАНИЕВНА
ЖУМАНКУЛОВА ЖУМАКУЛЬ КАСЫМБЕКОВНА
НУРТУЛЕУОВА СВЕТЛАНА КАХАРМАНОВНА
БЕРИМОВА КЕНЖЕГУЛЬ БАБАЕВНА
САТИЕВА ТАТЬЯНА ЖУМАЙКЫЗЫ
КУБАЕВА НУРСУЛУ ИБАТУЛЛАЕВНА
ЖИЛГИЛДИЕВА МАРИНА КЫРЫКБАЕВНА
БЕКТИЛЕУОВА ЗАУРЕ КУЗЕНБАЕВНА
КУЛМАЖИТОВА АКЖОНАС ӘДІЛҒАЛИҚЫЗЫ
2023-26Скачать
Понравилось это:
Нравится Загрузка…
Оставьте комментарий Жаңа сабақтарРедакция
УДК 621.317.335.
ӨТКІЗГІШТІКТІ АНЫҚТАУ
Төлеген Ә., Шоқанов А., Тілек Н.
Жетекшілер Космбаева Г.Т. Аға оқытушы
Султанова Д. Д.Аға оқытушы
Кайненова Т. С. Аға оқытушы.
Қ. Жұбaнoв aтындaғы Aқтөбe өңipлiк yнивepcитeтi
Aннoтaция:
Бұл мақалада кеуекті ортаның қысым дифференциалында сұйықтықтың өтуіне мүмкіндік беретін жыныстардың қасиеті туралы ақпарат баяндалған. Продолжить чтение «ӨТКІЗГІШТІКТІ АНЫҚТАУ»
Понравилось это:
Нравится Загрузка…
Оставьте комментарий Жаңа сабақтарРедакция
САУДАНОВА ЖАНАТ ЖУМАШЕВНА
САЯКОВА АРАЙЛЫМ МОЛДАБЕКОВНА
КАЙБАЛИЕВА МАХАБАТ МАРАТОВНА
АСЫЛБЕКОВА ЖАЗИРА БАЛТАБЕКОВНА
МАМРАИМОВА АСЕЛЬ ТОҚАНОВНА
orleutv-2023-15Скачать
Понравилось это:
Нравится Загрузка…
Оставьте комментарий Жаңа сабақтарРедакция
АМАНБАЙ ҰЛДАНА ҚУАНЫШҚЫЗЫ
РЫСПАЕВА АРАЙЛЫМ СЕРИКОВНА
САГЫНДИКОВА ГУЛСАРА ТИМИРХАНОВНА
ОРАЗЫМБЕТОВА ГҮЛБАҚЫТ ОРАЗЫМБЕТҚЫЗЫ
2023-25-1Скачать
Понравилось это:
Нравится Загрузка. ..
Оставьте комментарий ЖаңалықтарРедакция
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — 1934 жылы құрылған Қазақстандағы ірі және көне университет. Университет Алматы қаласының ортасында орналасқан және 16 факультеттен тұрады. Осындай факультеттердің бірі-ҚазҰУ-дың ең беделді және инновациялық факультеттерінің бірі болып табылатын биология және биотехнология факультеті.
Продолжить чтение «ҚазҰУ- біздің альма-матер!»Понравилось это:
Нравится Загрузка…
Оставьте комментарийМатериал іздеу
Найти:Youtube
«Республикалық 45minut.kz» газеті
Республикалық “Білім жолы Нұрлы жол” журналы
[instagram-feed]
Мои твиты«КҮНТІЗБЕ ЖОСПАРЫ — 2015-2016»
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
РЕДАКЦИЯ ТӨСБЕЛГІЛЕРІ
Рубрики
- «45minut — Vox populi»
- «45minut. kz — Электронды нұсқа»
- «45minut.org — Конкурстар»
- «Арманы асқақ оқушы» байқауы
- «Жаңа білім — Жаңа ғасыр» Республикалық конкурс
- «Интернет сұхбат»
- «КҮНТІЗБЕ ЖОСПАРЫ — 2015-2016»
- «МЕКТЕПТЕГІ БІР МЕЗЕТ»
- «Мастер класс»
- «Мектептегі бір мезет» бәйгесі
- «Отряды правопорядка»
- «Топтамалар»
- «Ekiбастұз қаласы. Семинар материалдары»
- Жаңалықтар
- 2017-2018
- ALTYNSARIN INSTITUTE
- «БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ» КОНКУРСЫ
- BAQ-SEMINAR
- DISTANCE
- БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНІҢ ОҚУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ҮЛГІЛІК ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАРЫ (1-4 СЫНЫПТАР)
- БАҚ ӨКІЛІ
- БАҚ өкілі-Тілшілер
- Бастауыш сынып
- Баяндамалар
- Биология
- Бәйге — Конкурс
- География
- Жаратылыстану
- Жаңа сабақтар
- Жаңалықтар
- Интернет сұхбат
- КОНКУРС
- Мектептен тыс үйірмелер
- Оқушылар шығармашылығы
- Педагогика
- Реферат
- Русский язык и литература КТП
- Сертификаттар
- Технология
- Түсінік хат
- Физиология
- Филология
- Хабарландыру
- Химия
- Экономика
- EEAS. EUROPA.EU
- English
- face=»Times New Roman
- konkurs
- konkurs032018
- konkurs042018
- konkurs052018
- lang=»en-US»>
- metodist.kz
- NIS
- Ғылыми жобалар
- ҚР БҒМ — МОН РК
- ҚР БҒМ БАСПАСӨЗ
- Қазақ тілі
- Қазақ әдебиеті
- Құқықтану
- Өзін-өзі тану пәні
- Ұстаздар
- SDU
- TULEKTER MEDIA
- ULAGATTY USTAZ
- USTAZ UNIVERSITY
Республикалық 45minut.kz басылымы туралы ақпарат
МББ аты: «Республикалық 45minut.kz» газеті
Куәлік: № 12341-Г 19.03.2012 ж
БАҚ қайта тіркеу: № KZ48VPY00013618. Дата: 08.08.2019 жыл
Тарату аумағы: Қазақстан Республикасы
МББ тілі: қазақша, орысша, ағылшынша
Негізгі тақырыптық бағыты: білім беретін, ғылыми, танымдық, жарнамалық
Редактор: Нағиев ІЗГІЛІК Байдрахманұлы
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңы
45minut. kz басылымы. Министрліктен берілген куәлік туралы
СЕРТИФИКАТ, АЛҒЫС ХАТ, ТОПТАМА ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ
Редакция мекен-жайы
11 микрорайон, дом 115, Актобе 030000, Казахстан
8-777-087-6843
Часы работы: понедельник — суббота
10:00 — 17:00
«ҰСТАЗДАР ӘНІ»
Педагогтің ғылыми-әдістемелік қызметі туралы куәландыратын құжаттар:
Ғылыми-практикалық конференцияларға, шығармашылық конкурстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, әртүрлі деңгейдегі педагогикалық оқуларға қатысу; мерзімді басылымдардағы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ғылыми-әдістемелік материалдар жарияланымдарының көшірмелері;
Документы, свидетельствующие о научно-методической деятельности педагога:
участие в научно-практических конференциях, творческих конкурсах, семинарах, круглых столах, педагогических чтениях различного уровня; копии публикаций научно-методических материалов в периодической печати, средствах массовой информации;Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі: http://adilet.