cart-icon Товаров: 0 Сумма: 0 руб.
г. Нижний Тагил
ул. Карла Маркса, 44
8 (902) 500-55-04

Күнтізбелік тақырыптық жоспар тіл дамыту: «Тіл дамыту» 2 сыныпқа арналған күнтізбелік тақырыптық жоспар

Күнтізбелік — тақырыптық жоспар. Тіл дамыту — Бастауыш сынып — Bilim

  • Бастауыш сынып
  • admin
  • 11.09.2015
  • 0
  • 4
  • 45664

Тіл дамыту

     Тақырыптық- күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі, Жалпы білім беретін мектептің оқу     бағдарламасына,Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына негізделіп жасалды.

«Тіл дамыту»  Алматы «Алматыкітап». 2013ж    

авторы:    Ә. С. Әмірова, К. Анартаева

Пәні: Тіл дамыту

Сағат саны: 32 сағат аптасына 1 сағат         

Түсінік хат

                Тіл дамыту – сөздік қорын байыту, тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу, сөздің грамматикалық формасын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту.

               «Тіл дамытуды» оқытуда қойылатын талаптар:

*қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп өмірмен байланыстыру;

*оқылған әңгіме, ертегі, тақырыптарды түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта білу;

*жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына енгізу;

*сурет топтамалары бойынша өз шығармашылығымен әңгіме құрастыра білу;

*монологты және диалогты сөйлеудің екі түрін пайдаланып, оқылған шығарманы баяндау;

*оқылған шығарма, ертегі, көрген мультфильмдегі басты кейіпкерлерді ажыратып, олар туралы өздігінен қорытынды жасау;

*тіл дамыту дәптеріндегі тақырыптық жүйемен берілген тапсырмаларды орындай білу;

*тілдегі дыбыстарды анық, таза, дұрыс айтып, бір – бірінен ажырата білу.

Тіл  дамыту

Р/с

Іс – әрекеттің тақырыбы

Бағдарламалық мазмұны

Қолданылатын көрнекілік

Сағат саны

Мерзімі

1

Білім еліне саяхат

Мектептегі оқушылар туралы баяндау, суреттер арқылы білім ордасы туралы түсінік беру.

Мектеп ауласы,мерекеге сай безендіріледі.

1

 

2

Жомарт күз

Күз туралы білімдерін тиянақтау.Күз сыйына,адамдар еңбегіне құрметпен қарауға баулу,молшылық,береке сөздерінің мағынасын түсіндіру,сөздік қорын молайту.

Күз егін көрінісі,күзгі еңбек.

1

 

3

Бау-бақшада

Бау-бақша туралы әңгімелеу,жұмбақтар шешкізу арқылы сөздік қорларын толықтыру.

Бау-бақшаны жинап жүрген сурет.

1

 

4

«Нан қайдан келеді?» ертегісі

Өткен ертегілерді еске түсіру және аттарын атай білуге үйрету.Ертегі мазмұнын сұрақтар бойынша әңгімелету.Сөздік қорын молайту,диалогті сөйлеуге төселдіру.

Наубайхана,наубайшы,

диірмен,егіс даласы туралы суреттер,піскен нан түрлері.

1

 

5

Менің отбасым

Отбасы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру.Отбасы туралы әңгімелеу,диалогті түрде сөйлесе білуге,грамматикалық тұлғада таза анық сөйлеуге дағдыландыру.

Отбасы суреті,ертегі оқып отырған әже.

1

 

6

Біздің үй

Сурет бойынша үй бөлмелерін ажыратып айтуға және өз бөлмесіндегі жиһаздарды атап,жұмбақтар шешуге,әңгімелеуге төселдіру.

Коттедж суреті,бала бөлмесіндегі заттар.

1

 

7

«Қасқыр,түлкі, әтеш» ертегісі

Ертегі мазмұнын баяндап әңгімелеуге,берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.

Үстел үсті театры,қасқыр,түлкі,әтеш ойыншықтары.

1

 

8

Үй құстары және үй жануарлары

Үй құстары және үй жануарларын атап,олардың пайдасы туралы баяндау.Сурет бойынша әңгімелеу.Үй құстарына және үй жануарларына  деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Тауық балапанымен,су құйып жатқан бала суреті және төрт түлік мал туралы суреттер.

1

 

9

Жабайы аңдар. «Тапқыр қоян» ертегісі

Жабайы аңдардың тіршілігі туралы әңгімелеуге сурет бойынша сөз,сөйлемдер құрастыруға үйрету.Ертегі желісі бойынша баяндау,сұрақтарға толық жауап беруге төселдіру.

Орман қөрінісі,аң патшасы арыстан ортада,айналасында жабайы аңдар.

1

 

10

Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі.

Ойыншықтар айтысы

Өзінің сүйікті ойыншықтары туралы баяндауға, көрмеге әкелген ойыншығын сипаттауға үйрету. «Ойыншықтар айтысы» әңгімесі арқылы өз ойыншығына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,күтіп ұстауға тәрбиелеу.

«Ойыншықтар айтысы» ертегісі бойынша үстел үсті театрын ұйымдастыру,

ойыншықтар көрмесі.

1

 

11

Елордасы-Астана

Астананың көрікті жерлерін атау,өздерінің Астанадан көргендерін баяндау. Өлең жолдарын дауыс ырғағына сай айтқызу.Сөздік қорын молайту.Өзінің қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Астана көрінісі,Бәйтерек,

үш бидің ескерткіші,

мұхит аралы.

1

 

12

«Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі

Ертегімазмұныбойыншадиалогтіәңгімелесу.Айтысөнерініңерекшелігінтүсіне білуге,өзбетіменертегініайтабілугежаттықтыру.Суретбойыншаәңгімеқұрастыруғаүйрету.

Ертегі мазмұны бойыншасурет.

1

 

13

Қысқы киімдер (Сюжетті рөлдік ойындар)

Киімдердің түрлерін ажыратуға,қай мезгілде киетіні туралы ойын арқылы және қысқы киімдерді атап,сөйлемдер құрастыруға үйрету. Ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу.

Балаларға арналған киім дүкенінің суреті,киімдер үлгісі.

1

 

14

Көңілді қыс және қысқы ойындар

Қыс айларында ойнайтын ойындарды атау,қызықтарын сұрақ-жауап ойыны арқылы әңгімелету, бір-біріне қамқор,дос болуға,ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Қыс көрінісі, жұмбақтар,шана,шаңғы,коньки суреттері.

1

 

15

Тәулсіздік төрімде

Тәуелсіздік сөзіне түсінік беру.Өлең жолдары арқылы қазақ елінікі екенін баяндау. Өз еліміздің рәміздерін суреттеу.Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.

Карта,еліміздің рәміздері,Алматы,

Астана суреттері.

1

 

16

Қошкелдің

Жаңа

жыл

Жаңа жыл мерекесін естеріне түсіре отырып,жаңа жылда көргендерін әңгімелету.Аязата,Ақшақарға қандай өлең,тақпақтар дайындағанын мәнерлеп айтқызу.Өлең жолдарын анық айтуға дағдыландыру.

Безендірілген шырша.

1

 

17

Құстардың

тіршілігі

Құстардың тіршілігімен таныстыру. Олардың ерекшеліктерін сипаттап,оларға деген аяушылық,қамқорлық сезімдерін ояту.

Ұяға жем салып жатқан балалар суреті.

1

 

18

Жабайы

Жануарлардыңқысқы

тіршілігі

Жабайы аңдардың қысқы тіршілігін суреттер бойынша әңгімелету.Жұмбақтар шешкізу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.Аңдарға қамқорлық сезімін ояту.

Ұйықтап жатқан аю,індегі түлкі суреті,т.б.

1

 

19

Көшедегі

көліктер

Көше көліктері туралы баяндау. Көліктің не үшін қажет екендігін әңгімелеу.Көлік түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығы туралы әңгімелеу.Көлік жүргізушілерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Қала көрінісі, машинаның түрлері.

1

 

20

«Жеті

Қазынаның

бірі» ертегісі

Балаларға таныс ертегілерді естеріне түсіруге,аттарын атауға көмектесу,диалогпен сөйлеуге үйрету.Сөздік қорын молайту.

Аң патшасы арыстан,

айналасында ит және адам суреті.

1

 

21

Мамандықтыңбәрі

жақсы

Әртүрлі мамандық туралы білімдерін кеңейту. Суреттерді қолдана отырып әңгімелеу арқылы тілін дамыту.Үлкендердің әр мамандық иелерінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Компьютер, ғарышкер,

дәрігер, құрылысшы суреттері.

1

 

22

«Бір уыс мақта» әңгімесі

Ы.Алтынсариннің әңгіме,ертегілерін еске түсіру,бір уыс мақтаның құстарға тигізген пайдасы туралы баяндау.

Анасы,қызы және мақта суреттері немесе

үстел-үсті театры.

1

 

23

Көктем

Көктемгі тіршілік,көктемгі еңбектер туралы түсініктерін тиянақтау. Табиғаттың әсемдігін,сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.

Алғашқы бүршік жарған ағаштар,алғашқы гүлдер.

1

 

24

Аналар

мерекесі

Әр адам үшін басты тұлға-ана туралы түсініктерін тиянақтау.Ана туралы жаттаған тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйрету.Анасы туралы пікірін тиянақты,еркін жеткізе білуге талпындыру.

Аналар мерекесіне көрініс және үнтаспаға жазылған аналардың дауысы.

1

 

25

Хайуанаттар

Бағындағы

қызықтар

Балаларды оқиғалы суреттерді құрастыруға дағдыландыру. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстырып айтуға баулу.Аңдарға қамқорлық жасауға үйрету.

Хайуанаттар бағындағы аңдар туралы суреттер, ойындар.

1

 

26

Наурызға шашу. Наурыз

мерекесі

Наурыз мерекесі туралы әңгімелеу.Наурыз мерекесі туралы ертегілер арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту.Мерекелік көңілін көтеру.

Ағаш отырғызып жатқан балалар,наурыз көжеге салынатын заттардың суреті.

1

 

27

«Алтын сақа» ертегісі

Сурет бойынша ертегінің мазмұнын айтуға баулу. Ертегінің не себепті «Алтын сақа» деп аталатыны туралы түсіндіру.Балаға көмектескен кейіпкер туралы баяндау.

Ертегі желісі бойынша кестеге бөлінген суреттер.

1

 

28

Ынтымақ

мерекесі

Қазақстан көп ұлтты мемлекет жайында әңгімелеу.1 Мамыр ынытымақ,достық күні екенін түсіндіру.Ұлттық киімдер мен салт-дәстүрлер туралы баяндау.Өз ұлтының салтын,дәстүрін жалғастыруға тәрбиелеу.

Әр ұлттың өкілдерінің мереке кезінде түскен фотолары.

1

 

29

Жеңіс мерекесі

9 Мамыр жеңіс күні туралы мағлұмат беру. Батыр ағалар мен апалардың есімдерін атай білуге үйрету.Еліміздің мақтаныштары туралы әңгімелету арқылы өз Отанын сүйе білуге,қорғауға тәрбиелеу.

Мәңгілік алау,жеңіс шеруі бейнеленген сурет.

1

 

30

Біз мектепке барамыз

Кітап,мектеп деген сөздерге сөз,сөйлемдер құрастыру.Сурет бойынша сөйлемдерге толық жауап беруге үйрету.

Балабақшамен қоштасу сәтінен көрініс.

1

 

31

Жаз

Жайқалған жаз,піскен жеміс-жидектер туралы әңгімелету.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *