cart-icon Товаров: 0 Сумма: 0 руб.
г. Нижний Тагил
ул. Карла Маркса, 44
8 (902) 500-55-04

Қазақ әдебиеті 7 класс – Қазақ әдебиеті «Көксерек»(7 класс)

Қазақ әдебиеті "Көксерек"(7 класс)

ПӘН МҰҒАЛІМІ: Жубанова Амангул Ермековна

ПӘНІ:Қазақ әдебиет

КЛАСЫ:7

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:М.Әуезов өмірі мен қызметі. «Көксерек» әңгімесі

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: әңгімені бірлесе талдау.

Күтілетін нәтиже:Оқушының жеке ой-пікірінің құндылығы артады,-Ақпараттарды қабылдайды, талқылайды, сабақта қолдана алады;

ТҮЙІНДІ ИДЕЯ: әңгіменің идеясын түсінеді.

РЕСУРСТАР:Оқулық,АКТ-қолдану,кесте қағаздар, слайд,плакаттар,маркер.

МҰҒАЛІМ ЖАЗБАЛАРЫ:

Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)

Сабақтың барысы: ІҰйымдастыру:

Психологиялық тренинг «Өтінемін»

Үй тапсырмасын сұрау:

Ә) Кубизм
Кубизм әдісі бойынша әр топ кубиктің көрініп тұрған қырындағы тапсырманы таңдап, орындайды.
І топ – суреттеңіз
ІІ топ – қолданыңыз
Жаңа материалдың таныстырылымы (оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуі үшін қолданылатын жұмыс түрлері)

Топтастыру стратегиясы.
Енді осы талқылап жатқан әңгімеміздің негізгі көтерген мәселесі, идеясы қандай екен, соған біршама ой жіберейік. Ол үшін барлығымыз дәптерімізді ашып, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашамыз.

І топ. “Көксерек” әңгімесінің тақырыбы мен идеясына талдау жаса
ІІ топ. "Көксерек" әңгімесінің тақырыбы мен идеясын ашатын мақалды тап.
Жаңа материалды қолдану.І топ - Әңгіме бойынша Көксеректің ауылдағы өмірі мен тағылық өмірін салыстыр
ІІ топ - Дала тағылары мен адамдар іс - әрекетіндегі айырмашылық
а) Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме?
Екі топ ұжым болып кезек жауап беріп, әр топ өз пікірін дәлелдеп қорғап шығуы керек.

қта қолданылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т.б.

Қорытынды (оқушылардың оқып-үйрену нәтижесін анықтау үшін бағалау тәсілдерін (кері байланыс) қолдану

Қымбатты балалар, сабағымызды табиғатпен бастап едік, табиғатпен аяқтайық. Жер - бәріміздің ортақ үйіміз. Ол аңға да, адамға да жетеді. сыйысып, сыйласып, тату өмір сүрейік. Болашақта еліміздің ертеңін ойлар осындай күрделі мәселелерді шеше алатын азамат болып өседі деп сенім білдіремін.!
Тіршілік иесіміз бәріміз де,
Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.
Сақтайықшы табиғат заңдылығын

Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!
Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!
Үйге тапсырма:
1. 2 - 3 абзац үзінді оқу: кері байланыс: ИСЕРТ,Бағалау:жұптық

infourok.ru

Қазақ әдебиеті Абай Құнанбаев 7-класс

қазақ әдебиеті 7-класс

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: оқушыларды халқымыздың біртуар перзенті Абайдың өмірбаянымен,шығармашылық жолымен таныстырып,білім мен ғылымға баулып,жаман мен жақсының не екенін түсіндіре отырып,ажырата білуге үйрету.

ә )Дамытушылық: оқушылардың Абай шығармаларымен жұмыс істеуі арқылы өнерге деген әуестігін,танымдық көзқарасын,жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелік: оқушыларды бірегей тұлғаның өнегелі де өсиетті,сөз маржандары арқылы Отансүйгіштікке,имандылыққа,білімді,өнерлі болуға,тілімізді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы,кітаптар,интерактивті тақта

Оқыту әдісі: әңгімелеу,баяндау,өзбетінше жұмыс,топпен жұмыс

Сабақтың барысы :

1) Ұйымдастыру оқушылармен амандасу,кезекшімен диалог,жаңа сабаққа психологиялық дайындау.Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.

2) Үй тапсырмасын сұрау Махамбет Өтемісұлы Тарланым өлеңі.Оқушылар тақырып бойынша өз түсінгендерін және "Тарланым" өлеңін жатқа айтады.Оқушыларға қосымша сұрақтар беріледі.Оқушылар сұрақтарға "иә" немесе "жоқ" деп жауап береді.

1 М.Өтемісұлы 1804 жылы туылды.

2 Махамбет-лирик ақын

3 Тарланым өлеңі Исатай Тайманұлынан арналған

4 Махамбет өлеңдері ерлік пен елдікті,қаһармандықты жырлайды

5 Махамбет 1846 жылы дүние салды

3) Жаңа сабақ.

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынғы Қарқаралы ауданына қарасты Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келді.Шын аты-Ибраһим.Әжесі еркелетіп" Абай" деп атап кеткен.Абай бала кезінен ерекше зеректігімен көзге түскен.Болашақ ақын жас кезінен өлең,әңгімеге әуес болып әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аңыз-әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын.Ауыл молдасынан арабша сауат ашқанАбайды әжесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді.Абай Ахмет Ризаның медресесінде оқиды.Медреседе оқытылатын дін сабақтарынан басқа араб,парсы тілдерін жақсы меңгереді.Бос уақытын кітап оқуға жұмсайды.Әкесі Құнанбай Абайдан үлкен үміт күтеді.Сондықтан оны оқудан шығарып алып,ел басқару ісіне баули бастайды.Әкесінің жанында жүріп,Абай сол кездегі атақты адамдарды көреді,шешен-билерден сөз айтуды үйренеді.Халқына пайдалы болудың жолын ол білімнен,оқудан,кітаптан,орыс мәдениетінен іздейді.Абайдың өлең шығару дарыны бала кезден байқалған.Ақынның шығармалары,негізінен,үш саладан тұрады:өзі шығарған өлеңдері қара сөздері және аудармалары.Ұлы ақын орыс әдебиетінің классиктері Пушкиннің,Лермонтовтың,Некрасовтың,Толстойдың,Салтыков-Щедриннің шығармаларын оқиды.Абай Лермонтовтан жалпы саны 27 шығарма аударған.

Абай Құнанбайұлы−ақын,ағартушы,философ,композитор,аудармашы,саяси қайраткер,қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы.Ақынның 1890 жылмен 1898 жылы арасында жазылған шығармалары қара сөз деп аталады.Өзінің шығармашылығында ақын қара сөзге ерекше мән берген.Абайдың жалпы саны 45 қара сөзі бар.

Ұлы ақын адам мінезіндегі орынсыз мақтан,ойсыздық,салғырттық,күншілдік,көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айтады.Естігенді есте сақтау,көргеннен үлгі-өнеге алу,жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау,ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды.

Абай−қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы.Ұлы ақын жаратылыстың құпиясына,табиғат пен қоғамның,адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл,данышпан ақын,тарихи тұлға.

4)Оқулықпен жұмыс Абай өлеңдерін кітаптан мәнерлеп оқу.

5)Тақтамен жұмыс Тірек сызба бойынша тапсырманы орындау.

Абай туралы мен не білемін? Не білдім?

6)Сөздікпен жұмыс Оқушылар тақтадағы сөздіктерді дәптерлеріне көшіріп жазады.Қазақша сөздердің орысша баламаларын оқиды.

  • арқауы-основа

  • ғалам-мир

  • ойсыздық-бездумье

  • күншілдік-зависть

  • кемеңгер-мыслитель

  • көрсеқызарлық-жадность т.б

7)Қорытынды

Бүгінгі сабақты Сағынғали Сейітовтың мына өлең жолдарымен аяқтаймын.

Көрікті көңілде жыр, қолда қалам

Өмірдің өріне өрлей басқан қадам

Қазақтың өлеңінің ұлы атасы

Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты-Адам.

8)Оқушыларды бағалау

9)Үйге тапсырма:сөздік жаттау,Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығы туралы оқып келу

қосымша: " Абай−ұлы ақын әрі ойшыл" тақырыбында реферат дайындау.

infourok.ru

Қазақ әдебиеті "Кейіпкерлер әлемі" (7 класс)

ПӘН МҰҒАЛІМІ: Жубанова Амангул Ермековна

ПӘНІ:Қазақ әдебиет

КЛАСЫ:7

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:Кейіпкерлер әлемі

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:. Әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс - әрекетіне, автор көзқарасына бойлау;Кейіпкер әлемі бір-бірінен ажырату, топтық жұмыс жасауға үйрету.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

-Оқушының жеке ой- пікірінің құндылығы артады; кейіпкерлерді бір-бірінен ажырата алады,әңгімені талдайды.

ТҮЙІНДІ ИДЕЯ:қасқыр -табиғат тағысы

РЕСУРСТАР:Оқулық,АКТ-қолдану,кесте қағаздар, слайд,плакаттар,маркер.

МҰҒАЛІМ ЖАЗБАЛАРЫ:

Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру. Психолгиялық тренинг «Бір тілек»

Фигуралар арқылы топқа бөлу.

Талдау.
• Шығарманың авторы кім? Мұхтар Әуезов.
(Тірек – сызба бойынша сөйлеу)
• Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
Тақырыбы: Қасқырдың мінез - құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттері
Идеясы: Табиғат пен адам арасындағы байланыс, түсіністік
• Тақырыбы бойынша видео материал көру «Қасқырлар» (алған әсерлерімен бөлісу)
• Тірек – сызба бойынша сөйлеу.
• Шығарманың композициялық жоспарын құру.
1. Оқиғаның басталуы — Қасқыр мекені. Бөлтіріктер тағдыры.
2. Байланысы - Көксеректің ұяластарымен табысуы.
3. Дамуы - Қарадыр еліндегі мазасыздық
4. Шарықтау шегі - Құрмаштың қазасы
5. Шешімі - Көксеректің жазасын тартуы.
Жаңа материалдың таныстырылымы (оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуі үшін қолданылатын жұмыс түрлері)

Топтасыру арқылы жаңа тақырыпты ашу.

Әңгімедегі сөздер беріледі.(сол арқылы топтасу)

«Ой қозғау» Жалғау.
• Видео материал «Көксерек» 1 минут
Көксерек әңгімесі желісі бойынша көркем фильм түсірілген болатын.

Жаңа материалды қолдану (сабақта қолданылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т.б. )

• Топтық тапсырмалар орындау. (жеке оқушылар карточкамен жұмыс жасайды)
1 - топ.
Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе - кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз.
1. Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4. Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
6. Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?
2 - топ. Бес жол өлең стратегиясы. Синкуэй әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.
1. Қасқыр
2. Жыртқыш, қомағай.
3. Ұлиды, шабуылдайды, жортуылдайды
4. Қасқыр - түз тағысы, перзенті.
5. Бөрі, көкжал.
1. Аңшы
2. Қырағы, сақ
3. Атады, көздейді, аулайды,
4. Аңшы қансонарда аңға шығады.
5. Мерген.
Венн диаграммасы.
. Самғау.
Қорытынды

(оқушылардың оқып-үйрену нәтижесін анықтау үшін бағалау тәсілдерін (кері байланыс) қолдану)

Кері байланыс: ББҮ әдісі

Бағалау: топтық бағалау.

Үй тапсырмасын беру. Кейіпкерлер әлемі

infourok.ru

Қазақ әдебиеті сабақ жоспары "Көксерек" (7 класс)

Қысқа мерзімді жоспарлау. Қазақ әдебиеті.

Сыныбы 7 б

Күні 21.01.2014

Сабақтың тақырыбы

Мұхтар Әуезов «Көксерек». Адам және табиғат

Мақсаты

Әңгіменің мазмұнын меңгерту. Рухани адамгершілік сезімдері қалыптасқан тұлға дамуына ықпал ету. Тіл байлығын дамыту.

Күтілетін нәтижелер

Әңгімені түсіндіре біледі. Кейіпкерлерге мінездеме бере алады және шығарманы талдай алады.

Керекті жабдықтар

Оқулық, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, түсті бояулар, қарындаш.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Тапсырма мазмұны

 Оқушы әрекеті

Бағалау

Кіріспе 5 мин.

Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Оқушыларды 3 топқа бөлемін.

Оқушыларға бағалау парақтарын таратамын.

(Табиғат, Адамзат, Түз тағылары) треннинг арқылы топқа бөлу.

Алдын-ала бағалау парақтарын ұсыну

Оқушылар топқа бөлінеді,топ ережелерін бекітеді, назар салып тыңдайды.

Өзара критериалды бағалау өлшемдерімен танысады.

Тұсаукесер

10 мин.

Модуль:

СТО, АКТ,

Диалогты оқыту

Әр топқа Блум өлшемдерінің деңгейіне сай келетін тапсырма дайындап келемін.

Топтық жұмыс. І топ (Табиғат тобы) Шығарманың шығу тарихы

ІІ топ (Адамзат тобы) /Білу/Шығарманы комп құрл.талдау

ІІІ топ (Түз тағылары тобы) /білу/ Интернеттен түз тағылары (қасқыр) туралы мәлімет

 Жұптасып, топтасып жұмыс істейді, әр оқушы өз ойларын қосады, бірігіп атқарған жұмыс нәтижесін бір оқушы көрсетеді..

Негізгі бөлім

20 минут

Дәптерлеріне жаңа тақырыпты жазғызу, тақырып туралы қысқаша бейне материал көрсету, назарларын оқулыққа, тақырыпқа аудару. Постермен жұмыс.

Пікірталас

3 топқа бірдей сұрақ

І топ (Табиғат) Құрмаштың бөлтірік асырауы дұрыс па? Көксеректің Құрмашты өлтіруін қалай бағалайсыңдар? Жазушының идеясы не деп ойлайсыңдар?

ІІ топ (Адамзат)

ІІІ топ(Түз тағылары)

Талдау.“Кім кінәлі” (проблемалық сұрақтар)

1.Көксерек Құрмаштан гөрі  ақ қасқырмен неге тез бауырласты?

2. Қасқырлар іс-әрекеті мен адамдар іс-әрекетінде  ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ?

3. Құрмаштың өліміне кім кінәлі?

4. Қасқырларды қолға үйретуге бола ма?

Ыстық орындыққа Көксеректің өзін шақырайық.

Оқушылар сұрақтары: 1) Көксерек, сен неге ит сияқты асырауға көнбейсің?

2) Адамдармен жауласудағы басты мақсатың не?

3) Құрмашты неге өлтірдің?

4) Өмірге өз қалауыңмен келер болсаң қасқыр болған жақсы ма әлде ит боп өмір сүрген жақсы ма?

Ендеше келесіге осы Көксеректің құрбаны болған Құрмашты ортаға шақырайық. Оқушылар сұрақтары:

  1. Көксеректі неге асырадың?

  2. Көксерек үлкейгенде өзіңе тап береді деп қорықпадың ба?

Топтастыру↓
Көксерек, ит – құс, түз тазысы, өте ызалы, долы, жыртқыш, жасыл көз, ызақор, жорытушы, қомағай, көкжал

Сурет сал білетін оқушыға Көксеректің суретін салғызу

Әр топтағы оқушылар өздеріне берілген тапсырма бойынша дайындалады. Пікірталасады. Оқуында кедергісі бар оқушылар топтастыру әдісі бойынша тапсырмаларын орындайды.

Қорытынды

10 минут

Бағалау критерийлерімен жұмыстану. Үй тапсырмасын беру.

Рефлексия жаздыру. Тақырып бойынша сабақтың өтуі туралы.

Бағалау критерийлері бойынша оқушылар бірін-бірі қалай бағалағанын түсіндіріп береді.

Рефлексия толтырады

Түрлі стикерлер, бағалау парақтары.

Сабақтың өзіндік талдауы .

.

Сабақ бойынша өзгертулер

Бағалау парағы.

1 оқушынының

аты-жөні

2 оқушынының

аты-жөні

3 оқушынының

аты-жөні

4 оқушынының

аты-жөні

5 оқушынының

аты-жөні

  1. Білу

Тақырып мазмұнын жартылай біледі. «1» балл;

Тақырып мазмұнын толықтай біледі,баяндауда қиындықтар бар. «2»балл;

Тақырып мазмұнын толық біледі,баяндай алады. «3» балл.

2. Түсіну:

Тақырыпқа қатысты кейбір тұжырымдарды білмейді. «1» балл.

Тақырыпқа қатысты тұжырымы бар,бірақ ойын нақты жеткізе алмайды. «2» балл

Өзіндік тұжырымы бар,ойын сауатты жеткізеді. «3» балл

3. Қолдану

Мәтінмен жұмыс жасауда кемшіліктер бар. «1» балл

Мәтінді талдайды,тәрбиелік мәнін ашуда кедергілер бар «2» балл

Шығарманың мазмұнын игере отырып, идеясы неде екені бойынша өз пікірін толық айта алады. «3»балл

Қорытынды: 3-4 ұпай «3» баға, 5-7 ұпай «4» баға, 8-9 ұпай «5» баға

Назар аударыңыздар! Бағалау парақтарына сабақ басталарда аты-жөндеріңізді жазып, кестемен танысып алыңыздар

infourok.ru

7 класс әдебиет тоқсандық жиынтық бағалау

Материал жайлы қысқаша түсінік: Материал мұғалімдерге көмекші құрал ретінде керек.Жаңартылған білім мазмұны бойынша СМК дағы ТЖБ ны өзертіп жасағанмын

«Қазақ әдебиеті» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары7-сынып

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1. «Қыз Жібек » жырының тақырыбын анықтаңыз. А) әділдік В) даналық С) махаббат Д) ел бірлігі [1] 2.Өлең шумағында кімнің бейнесі сипатталған?Айдаса-қойдың көсемі,Сөйлесе -тілдің шешеніАрғымағын жаз жіберіп,күз мінген,Күз жіберіп,жаз мінген,Екі жылда бір мінген,Жолдасын жолай іздеген,Өзіне тиген дұшпанынҚарт бурадай тіздеген А) Қазтуған В) Есім хан С) Жиембет Д) Күлтегін [1]

3.Берілген үзіндіде қазақ салт-дәстүрінің қай түрі көрініс тапқан? Ойыл да Қиыл,Жем Сағыз,Қайран саланың жатқан аңғары -ай,Ақ шалмалы пірлердіңМешітке жаққан шамдары -ай!Бұл қоныстан кетпесең,Мұны талақ етпесең,Атаңанәлет кәпірдіңПайдасына қалмаса игі еді,Ноғайлы қазақ жұртымныңКейінгі туған балдары-ай! А) сыңсу В) жоқтау С) естірту Д) қоштасу [1] 4. Берілген үзінді қай шығармадан алынған?Арқаға қарай көшермін,Алашыма ұран десермін,Ат құйрығын кесермін,Ат сауырын берермінАлыста дәурен сүрермінҚарамасаң,ханым,қарамаСенсіз де күнімджі көрермінА) Қазтуғанның қонысымен қоштасуы В) Еңсегей бойлы Ер Есім С) Күлтегін жыры Д) «Қыз Жібек» жыры [1]

5.Өлең шумағы кімнің сөзінен алынған? «Басыр,басыр,басыр-ау,Аққа құлпы жасыл -ау,Басыңды көтер,ей,Жібек, --------- келді қасыңа -ау!Қыз басыңмен алшаңдап,Бүйте берме,ей,Жібек,Жұртқа тиер кесірі-ау!Қыз Жібек мінген күймесін,Күймеге тағып түймесін,Бүйте берме,ей ЖібекКесірің жұртқа тимесін!» А) Төлеген В) Жиембет С) Күлтегін Д) Қазтуған [1] 6. «Күлтегін » жырындағы Күлтегіннің бойынан қандай ерлік қасиеттерін байқадыңыз? Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем). ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ [2] 7. Төлегеннің әкесі Базарбайдың теріс бата беру себебі неде? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем). ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------2]

8. Төлегеннің бойынан қандай қасиеттерді көре алдыңыз? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (5-6 сөйлем). ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------[2]

9. Жиембет жыраудың Есім ханға сес көрсете тіл қатуының себебі неде? Айтқан сындарымен келісесіз бе? Ойыңызды 5-6 сөйлем арқылы жеткізіңіз. ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------[2] 10. Еділді алса-Елді алар,Енді алмаған не қаларЖайықты алса-Жанды алар,Жанды алған соң нең қалар?Ойылды алса-Ойды алар,Ойлашы сонда не қалар?...- деген жолдардағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем). ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------[2] 11. Өлең жолдарындағы тарихи оқиғаларды негізге ала отырып, «Қазтуған және заман» тақырыбына 100-120 сөз көлемінде өз көзқарасыңызды білдіріп әдеби эссе жазыңыз. --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- [5]

Балл қою кестесі

Жауап Балл Қосымша ақпарат
1. С1
2 А1
3 Д1
4 А1
5 А1
6Күлтегіннің бойындағы ерлік қасиеттерді анықтайды1
Өз ойын 3-4 сөйлеммен білдіреді1
7Базарбайдың теріс бата беру себебін түсіндіреді1
Өз тұжырымын 3-4 сөйлеммен түйіндейді.1
8Төлегеннің бойындағы қасиеттерді анықтайды1
Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді1
9Жиембет жыраудың Есім ханға сес көрсету себебін анықтайды1
Орынды пікір білдіріп,дәлел келтіреді1
10Өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілді анықтайды1
Қолданысқа жеткізеді1
11Шығармадағы басты мәселені анықтайды1
Мәтіннен дәлел келтіреді1
Үзіндідегі ойды тұжырымдайды.1
Өз көзқарасын білдіреді.1
Жазба жұмысының көлемін сақтайды (100-120 сөз).1

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

  • Берілген өлең жолдары қай шығармадан алынған?
  • ....Орыс-бүркіт,біз -түлкі,Аламын деп талпынды,Орыстан қорлық көрген соң,Отырып билер алқынды.Мың-мың жылқы айдаған,Сары қазы шайнаған,Қымызын судай сапырған,Арқаның жазын шақырған,Жылқының етін жемес -ті,Жағаласқан мына жауКетірер сонда сиқыңды А).Ш. Қанайұлының «Зар заман» В) Ж.Жабаев «Зілді бұйрық» С) Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы Д) Жиембет «Еңсегей бойлы Ер Есім» [1] 2. Берілген өлең шумағы кімнің сөзі?-қашырма төре,қаныңды,Кіргізейін жаныңды,Қатағаннан жеңілсем,Талап алғын малымды!Іздегенім осы еді,Іздегенім табылды.Қатаған сөзден жаңылып,Өз-өзінен жаңылды.Қызып тұрған темірге,Өзі келіп қарылды. А) Жамбыл В) Қатаған С) Сүйінбай Д) Шортанбай [1]

    3.Ж. Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңі қай жылғы тарихи оқиғаға байланысты жазылған? А) 1917ж. Қазан төңкерісі В) 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс С) 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысы Д) Романовтар әулетінің 300 жылдық мерейтойы [1]

    4.Берілген өлең жолдарындағы бұйрықтың не туралы екенін анықтаңыз. «Верныйдан» жандаралдар бұйрық қылды, Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. «Отыз бір - он тоғызды алад» деген Суық хабар халықты бұлқындырды. А) еркінен тыс болыстыққа сайлау В) майданға ерікті жасақ құру С) патша әскерлерін жасақтау Д) тыл жұмысына қол жинақтау [1]

    5.Сүйінбай Аронұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келген? А) 1815 жылы Алматы маңындағы Қарақыстақ ауылыВ) 1846 жыл Жамбыл облысы,Жамбыд тауының етегі С) 1818 жылы, Түркістан қаласы Д) 1570 жылы, Батыс Қазақстан облысы [1]

    6. Шортанбай Қанайұлының бейнесіне портреттік сипаттама жасаңыз? Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем). --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------[2]

    7. «Верныйдан» қадам баспай қаласынаКемпір -шал жылап жатыр баласына,Ешбір ем табылмады іздесе де,Халықтың жүректегі жарасына ... деген өлең жолдарының мәнін ашыңыз (3-4 сөйлем) ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- [2] 8.Өлең неліктен «Зар заман» деп аталған? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (5-6 сөйлем)------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- [2] 9. Зар заманның аяғы-Заманың кетті баяғы,Ықылас-ниет қалмады,Үлкенге билік салмады,Жарлының жалғыз сүйенішіМал болыпты таяғыАйырылмай дерт болдыКедейге қылған қорлығың...Абақты тұр қасыңда,Қазылған қара көріңдей... деген өлең шумақтарына тарихи дәлелдер келтіре отырып түсіндіріңіз (5-6 сөйлем). ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ [2]

    10. Билер жейді параны Сақтап қойған сүріңдей.Заманның түрі бұзылдыТекеметтің түріндей... деген өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем)------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------[2]

    11. «Зар заман және Шортанбай» тақырыбына шолу жасап,мәліметтерге сүйене отырып, 100-120 сөз көлемінде өз көзқарасыңызды білдіріп эссе жазыңыз --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- [5]

    Балл қою кестесі

    Жауап Балл Қосымша ақпарат
    1. А1
    2 С1
    3 В1
    4 В1
    5 А1
    6Шортанбай Қанайұлының портретіне сипаттама жасайды1
    Өз ойын 3-4 сөйлеммен білдіреді1
    7Ж.Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңінің мәнін ашады1
    Өз тұжырымын 3-4 сөйлеммен түйіндейді.1
    8Өлеңнің «Зар заман» атаду себебін анықтайды1
    Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді1
    9Өлең шумақтарына тарихи дәлелдер келтіреді1
    Орынды пікір білдіріп,дәлел келтіреді1
    10Өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілді анықтайды1
    Қолданысқа жеткізеді1
    11Шығармадағы басты мәселені анықтайды1
    Мәтіннен дәлел келтіреді1
    Үзіндідегі ойды тұжырымдайды.1
    Өз көзқарасын білдіреді.1
    Жазба жұмысының көлемін сақтайды (100-120 сөз).1

    Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

  • «Батыр Баян» дастаныныңдағы көркемдегіш құрал түрін тап.
  • Адасқан аққу құстай мен бір пақырАрқаның аруы боп жүрсем -дағы,Алыста туған,өскен жерім жатыр А) Аллитерация В) Ассонанс С) Анафора Д) Эпифора [1]
  • «Апырым-ай,алаш арын жоқтамастан
  • Жөңкіліп бұл қайтудың мәні қалай?» деп кім айтушы еді?А) Абылай хан В) Баян батыр С) Ноян батыр Д) Қавлмақ қызы [1]

    3. «Көксерек» әңгімесінде -Қураған -ай неңді алып ем?! Не жазып ем?... Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді,менің құлыным? деп кім айтты? A) Әжесі Ә) Қасен Б) Бейсембай В) Үлкендер [1]

    4. Қасым Қайсенов қай жерде дүниеге келді? А) Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы В) Солтүстік Қазақстан облысы С) Шығыс Қазақстан облысы,Ұлан ауданы. Д) Жамбыл облысы. [1]

    5. «Батыр Баян» дастанының тақырыбын анықта А) Ел намысын қорғау В) Туған жерге сүйіспеншілікС) Махаббат жолында күрес Д) Ел бірлігі [1]

    6. « Егер мен Ноянның орнында болсам»... өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем)-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- [2]

    7. Түйелі адаммен қақтығыста жараланған көксеректің әркеті мен бейнесін талдаңыз (5-6 сөйлем)--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------[2]

    8. Партизандар қатарында болған Серіктің бойындағы тапқырлығы мен қырағылығын шығармадан нақты дәлелдер келтіре отырып анықтаңыз, өз ойыңызды 5-6 сөйлеммен білдіріңіз------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------[2]

    9. «Тәмпіш қара» повесіндегі шығарма кейіпкерлерінің қайсысы көбірек ұнады? Неліктен? Шығарма эпизодтарын қолдана отырып,өз ойыңызды дәлелдеңіз (5-6 сөйлем)-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- [2]

    10.Үзіндідегі көркемдегіш тәсілдердің қолданысын түсіндіріңіз (3-4 сөйлем). Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге?Тобына көк бөрідей кірдім неге?Тәтті бал,балауса тал жас сұлудыКөр болғыр,екі көзім,көрдім неге?Садақпен жүрегінен тартып кетпей,Жыландай бауырыма сап келдім неге?-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- [2]

    11. « Көксерек» әңгімесінің қазақ әдебиетіндегі орны мен ерекшелігіне мән бере отырып, эссе жазыңыз. Сөз көлемі – 100-120 сөз------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------[5]

    Балл қою кестесі

    Жауап Балл Қосымша ақпарат
    1. В1
    2 В1
    3 А1
    4 С1
    5 А1
    6Деректер келтіреді1
    Өз ойын 3-4 сөйлеммен білдіреді1
    7Көксеректің әрекеті мен бейнесін талдайды1
    Өз тұжырымын 5-6 сөйлеммен түйіндейді.1
    8Серіктің тапқырлығы мен қырағылығын анықтайды1
    Өз көзқарасын 5-6 сөйлеммен білдіреді1
    9Шығармадағы жағымды кейіпкерді табады1
    Орынды пікір білдіріп,дәлел келтіреді1
    10Өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілді анықтайды1
    Қолданысқа жеткізеді1
    11Шығармадағы басты мәселені анықтайды1
    Мәтіннен дәлел келтіреді1
    Үзіндідегі ойды тұжырымдайды.1
    Өз көзқарасын білдіреді.1
    Жазба жұмысының көлемін сақтайды (100-120 сөз).1

    Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

    1.Үзінді қай шығармадан алынған? Қанымыз бір, Жолымыз да шиырлас. Енді сенің кесіріңнен Маған да Туған жердің топырағы бұйырмас А) «Тәуелсізбін»В) «Нарынқұм зауалы» С) « Қонақтар»Д) «Ескерткіш» [1]

    2. «Қонақтар» шығармасынының кейіпкерін тапА) Қасен аңшыВ) Ықылас С) Ерғабыл шалД) Махамбет батыр [1] 3.А. С. Пушкин қазақтың қандай жырын жазып алған? А) Қозы Көрпеш-Баян Сұлу В) Қыз Жібек С) Айман-ШолпанД) Еңлік -Кебек [1]

    4. Берілген үзінді арқылы автор қандай мәселені көрсетеді? – Ертең жүруіміз керек.Отпускамыз бітті,көке -ау! Онсыз да кешігетін болдық.Курорттан қайтарда сіздерге соға алмай кетеміз бе деп әбден састым өзімА) Сапабек жұмысының ауырлығыВ) Ата-анасына көңіл бөлмеуС) Ата-ананың сағынышыД) Туған жер алдындағы парыз [1]

    5.Өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілді ажыратҚалай жүрмін- құламай?!-қазды менің түбімді.Сөз айтып ем –Шыдамай!Қырқып алды тілімдіҚай жерде мен тайқып ем?!-Сынап тағы бағымды-Ойымды мен айтып ем,Отқа салды жанымды А) Ассонанс В) АнафораС) Риторикалық сұрақД) Эпитет [1]

    6. - Жастардың бәрі сол,Ереке,-деді Абыл күрсініп.-Менің әлгі кішкентайым, Құдай-ау,немене дейді...бірдеңе боламын дейді « Мені бақпайсың ба?»-десем,Хе-хе-хе, « Бақпаймын» дейді Т. Әбдіковтің «Қонақтар» шығармасынан алынған үзіндіде қандай өзекті мәселе алға тартылған? Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем). --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------[2]

    7. Адам емес ,Ең бірінші, надансың,Ел дәстүрін қорлаған.Нақ мынадай қасиетсіз оқиғаБұрын қазақ топырағында болмаған... Шығарма үзіндісін оқи отырып,кейіпкердің іс -әрекетіне талдау жасаңыз (5-6 сөйлем). ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------[2]

    8. Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» шығармасындағы әке мен бала арасындағы әңгіменің жараспау себебі неде? Ерғабыл шалдың баласына не себепті көңілі толмады? (3-4 сөйлем). --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------[2]

    9. «Дабысым ұлы Россияға кетер жалпақ,Тіл біткен жүрер менің атымды атап...» деген жыр жолдарындағы ақын үнінен нені байқадыңыз? Автор бейнесін талдаңыз (5-6 сөйлем)------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------[2]

    10. Мына жолмен өткен жұрттың аузынан Махамбеттің жырын тыңдап жат енді. Мүмкін,сонда ұғынарсың қатеңді. - деген жолдардағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем). -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- [2]

    11.Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас жайлы шағын сыни шолу жазыңыз (100-120 сөз). ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

    Балл қою кестесі

    Жауап Балл Қосымша ақпарат
    1. В1
    2 С1
    3 А1
    4 В1
    5 С1
    6Шығармадағы өзекті мәселені анықтайды1
    Өз ойын 3-4 сөйлеммен білдіреді1
    7Шығармадағы кейіпкердің әс-әрекетіне талдау жасайды1
    Өз тұжырымын 5-6 сөйлеммен түйіндейді.1
    8Серіктің тапқырлығы мен қырағылығын анықтайды1
    Өз көзқарасын 5-6 сөйлеммен білдіреді1
    9Өлең жолдарынан ақын ойын анықтайды1
    Орынды пікір білдіріп,дәлел келтіреді1
    10Өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілді анықтайды1
    Қолданысқа жеткізеді1
    11Шығармадағы басты мәселені анықтайды1
    Мәтіннен дәлел келтіреді1
    Үзіндідегі ойды тұжырымдайды.1
    Өз көзқарасын білдіреді.1
    Жазба жұмысының көлемін сақтайды (100-120 сөз).1

    ziatker.kz

    "Әдебиет әлемі" тақырыбындағы тәрбие сағаты, 7-10-класс

    Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мсктеп-интернат-колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Балмағамбетова А. Ж.

    «Әдебиет әлемі»

    (қазақ әдебиетінен кластан тыс шара)

    Мақсаты: Оқушылардың оқырмандық талғамын қалыптастыру. Танымдық іс-әрекеттерінің белсенділігін дамыту. Рухани жан-дүниесін байыту. Оқушыларға   әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармаларын насихаттау, туған елге, жерге деген сезімдерін қалыптастыру, отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.

    Керекті құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, кітаптар көрмесі, музыкалық орталық, сұрақтар салынған конверттер, әдебиет өкілдері суреттері

    Өтетін орны: кітапхана

    1-жүргізуші: (Н. Тілендиевтің «Аққу» әуені) Құрметті Әдебиет сүйер қауым! «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Әр адамның ең жақын досы – кітап болғанда, сол нәрлі достық ең әуелі әдебиет кітабымен достасудан басталады» деп қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай рухани қазынамыз, қайнар бұлағымыз әдебиет әлемінің парақтарына үңілмекпіз. «Әдебиет әлемінде» атты сыныптан тыс іс-шарамызға қош келіпсіздер!

    2-жүргізуші: Қазақ халқы кітапты киелі, қасиетті, құдіретті зат деп бағалаған. «Ой маржаны – кітапта», «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы», «Кітаппен кеңес, білімдімен теңес», «Білім тозбайды, білімді азбайды» деп кітапты жоғары бағалап, әулиеге балап, кітап сөздерін жаттап, ойында сақтай білген. Кәне, кім айтады? Менің қолымдағы қандай кітап?

    Балалар: Қазақ әдебиеті!

    2-жүргізуші: Дұрыс. Өте жақсы! Бүгін балалар осы қазақ әдебиетінен оқып білген білімдеріңді ортаға саласыңдар және әдебиет өкілдерімен жақын танысасыздар. Әдебиет дегеніміз не?

    1-жүргізуші: Әдебиет (арабша — асыл сөз) — сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы. Әдебиет атауы көбінесе, көркем әдебиет мағынасында қолданылады. А.Байтұрсынов оған “бір нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері”, “Сөз өнері” деп баға берген.

    2-жүргізуші: Қазақ әдебиеті  — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

    1-жүргізуші:

    Қазақ әдебиетінің кезеңдері:

    1. Көшпелі тайпалық әдебиет

    2. Ежелгі дәуір әдебиеті

    3. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті

    4. XIX ғасыр-XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиет

    5. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті

    6. Тәуелсіз қазақ әдебиеті

    Ал жанрлық жағынан бөлсек:

    1. ауыз әдебиеті

    2. жазба әдебиеті

    2-жүргізуші: Енді осы қазақ әдебиеті өкілдеріне тоқтала кетейік:

    Абай Құнанбаев

    Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының , қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы.

    (А.Құнанбаев туралы слайд)

    1. Абай қарасөзін оқитын 10а класс оқушысы Дағысов Жайылхан

    2. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» 9б класс оқушысы Базарбаев Арал

    «Желсіз түнде жарық ай» клипі

    1-жүргізуші:

    Жамбыл Жабаев

    Жамбыл – екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғасырдың Гомері», «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» деген ұлы тұлға.

    (Жамбыл Жабаев туралы слайд)

    1. «Ленинградтық өренім» өлеңін оқитын 8б класс оқушысы Қалымбетов Ибраһим

    2. «Абайдың суретіне» өлеңін оқитын 8ә класс оқушысы Елемес Саят

    (Көрермендерге сұрақтар қойып, жауаптары тыңдалады )

    2-жүргізуші:

    Көрермен оқушыларымызға арналған сұрақтарымыз бар. Араларыңыздан 5 оқушы ортаға шықса дейміз. Бұл сұрақтар жалпы қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты болмақ ( 5 оқушы жүргізушілер жанына келіп тұрады. Жүргізуші оларға сұрақтар қояды. Білген оқушы қол көтеріп жауап береді)

    1. Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар? (42 әріп, 37 дыбыс бар)

    2. Қазақ тілінде неше қосымша бар? (2-еу: жалғау, жұрнақ)

    3. Тілімізде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?

    (12 дауысты, 25 дауысыз)

    4. Туған жер, Отан туралы мақал-мәтел айт

    5. «Көксерек» повесінің авторы кім? (М. Әуезов)

    6. Төрт түліктің пірлерін атап бер:

    Қой атасы-Шопан ата,

    Сиыр атасы- Зеңгі баба,

    Жылқы атасы-Қамбар ата,

    Түйе атасы- Ойсыл қара,

    Ешкі атасы-Шекшек ата

    7. «Қазақ хрестоматиясы» кімнің кітабы? (Ы. Алтынсарин)

    8. Қазақ тілі білімі және алфавитінің негізін қалаған кім? (А. Байтұрсынов)

    9. «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деп кім айтқан? (Б. Момышұлы)

    10. «Үш ағартушыны» ата (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев)

    1-жүргізуші:

    Мағжан Жұмабаев

    Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі. Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен. Жарты ғасырдан аса оның есімін де, шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан.

    (Мағжан Жұмабаев туралы слайд)

    1. «Сағындым» өлеңін оқитын 8ә класс оқушысы Қазбеков Нұркен

    2. «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқитын 9б класс оқушысы Әділбек Ғани

    3. «Толқын» өлеңін оқитын 8ә класс оқушысы Бержанов Рахат

    2-жүргізуші:

    Жұбан Молдағалиев

    Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.

    (Ж. Молдағалиев туралы слайд)

    «Мен – қазақпын» поэмасынан үзінді оқитын 7 «Ә» класс оқушысы – Орынғалиев Қуанышбек

    1-жүргізуші:

    Сырбай Мәуленов

    Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелгендердің жуан ортасында дүр тұлғалы Сырбай ақынның орны өзгеше. Сырбай – сыршыл ақын.

    (Сырбай Мәуленов туралы слайд)

    1. «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңін оқитын 8б класс оқушысы Аликулов Нұрдәулет


    2-жүргізуші:

    Мұқағали Мақатаев

    «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті.

    (Мұқағали Мақатаев туралы слайд)

    1. «Туған жер» өлеңін оқитын 7ә класс оқушысы Балжан Бекзат

    Клип

    (Көрермендерге сұрақтар қойып, жауаптары тыңдалады )

    1-Жүргізуші:

    Көрермен оқушыларымызға арналған тағы да бірнеше сұрақтарымыз бар. Араларыңыздан келесі 5 оқушы ортаға шықса дейміз. ( 5 оқушы жүргізушілер жанына келіп тұрады. Жүргізуші оларға сұрақтар қояды. Білген оқушы қол көтеріп жауап береді)

    Сұрақтар:

    11. «Бес арыс» кімдер? (Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев,

    М. Дулатов, Ж. Аймауытов)

    12. «Үш бәйтерек» кімдер? (І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Сейфуллин)

    13. Қазақ тарихындағы тұңғыш драмалық туынды (М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы)

    14. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? ( 9 сөз табы бар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, одағай, шылау, еліктеу сөздер)

    15. Сөйлем мүшелерін санамалап айтып бер (бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, толықтауыш, анықтауыш)

    16. Қазақ тілінде неше дауысты, неше дауыссыз бар? (12 дауысты, 25 дауыссыз)

    17. Қазақ тілінде сөз таптары нешеу? (9 сөз табы бар: зат есім, сын е,

    сан е,етістік, есімдік, үстеу, одағай, еліктеу сөздер, шылау)

    18. Қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы роман? (Міржақып .Дулатұлының «бақытсыз Жамал» романы)

    19. Бақтығұл мен Тектіғұл қай жазушы шығармасының кейіпкерлері?

    (М. Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» әңгімесінің кейіпкерлері

    20. «Қазақ солдаты» романының және «Ұлпан» повесінің авторы кім?

    (Ғ. Мүсірепов)

    2-жүргізуші:

    Қадыр Мырза Әли

    Қадыр, негізінен, ұлттық ақын. Ұлттық ақын болғанда, қазақ халқының ақыны. Оның туған халқының арғы-бергі өмірі, тіршілігі туралы жазған өлеңдері өте көп. Сол өлеңдерінің барлығын жинақтап айтсақ, қазақ халқы өмірінің көркемдік шежіресі, әдебиеттегі образды тарихы деуге болады.

    Қадыр ақынды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі. Мұндай даусыз данқ, татаусыз танымалдылықтың сыры – Қадыр талантының қарапайымдылығында

    1-жүргізуші:

    Фариза Оңғарсынова

    Қазақ поэзиясындағы шоқтығы биік есімдердің бірегейі – Фариза Оңғарсынова. Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады. Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, қайталанбас тұлға, поэзия падишасы, ақын Фариза Оңғарсынова – адалдық, намысқойлық, жаны да, ары да таза  ерлерге лайық биіктерде ғана көрінген ақын.

    (Фариза Оңғарсынова туралы слайд)

    1. «Ауыл қандай!» өлеңін оқитын 8б класс оқушысы Сережадин Рустам

    2. «Отан деген не?» өлеңін оқитын 8б класс оқушысы Тұралин Оралхан

    2-жүргізуші:

    Мұхтар Шаханов

    Мұхтар Шаханов – ұлт және тіл жанашыры. Еліміз үшін көп еңбек сіңіріп, қоғам өмірі мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың түрлі қасиетін өз өлеңдеріне арқау еткен.

    (Мұхтар Шаханов туралы слайд)

    1. «Ерлікке тағзым» өлеңін оқитын 8а класс оқушысы Алмат Әділет

    2. «Рух пен тіл» өлеңін оқитын 9б класс оқушысы Қадыралы Ерболат


    Клип

    1-жүргізуші:

    Әдебиет – өмір айнасы. Әдебиет – өмір тарихы. Әдебиет қашанда халықпен бірге мәңгі жасайды. Әдебиетті жаңғыртып, кеңейту – сіздердің қолдарыңызда!

    Құрметті Әдебиет сүйер қауым!

    Осымен «Әдебиет әлемі» атты әдеби кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Көріскенше күн жақсы!

    infourok.ru

    Қазақ әдебиеті. - Литература - 7 класс

    6сынып Әдебиет

    Тақырыбы

    Кіріспе

    Мақсаты

    Қазақ әдебиеті қызметі туралы ұғымдарын қалыптастыру

    Күтілетін нәтиже

    Әдебиет қызметі туралы ұғымдар қалыптаса ды

    7 модульдің қолданылуы

    АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

    Қолданылатын әдіс-тәсілдер

    Кім жылдам,Миға шабуыл,Жигсо, Ойлан тап,Эссе

    Қолданылатын ресурстар

    Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

    Сабақ барысы

    Мұғалімнің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Ұйымдастыру кезеңі

    Тренинг

    Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-3 дейін санау арқылы топқа бөлу

    Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту.

    Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

    Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар таратып беру

    «Сандарды бейнеле» ойыны

    арқылы психологиялық ахуалды жақсарту

    Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

    Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

    Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

    Фигуралар арқылы топтар өзара бағалайды.

    Әртоп өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеу.

    Білу

    Миға шабуыл

    Интерактивті тақтаға «Қайталау–оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі,

    Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.

    1.Әдебиет деген не?

    2.Қандай ақын-жазушыларды білесіңдер?

    3.Әдебиеттің қандай салаларын білесіңдер?

    Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.

    Түсіну

    Постермен тақырыпты қорғау

    Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату

    1-топ.Әдебиет әлемі

    2-топ.Ауыз әдебиеті

    3-топ.Әдебиет өкілдері

    Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

    Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап отаға топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды

    Қолдану

    Жигсо пайдалану

    Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрет керек

    Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу

    Топпен жұмыс жасау

    Талдау

    Ойлан тап

    Әр топқа тапсырма бойыншатапсырмалар таратылады

    Әр топтан оқушы шығып жаттығулар орындайды

    Жинақтау

    Эссе

    Білім туралы топ бойынша Эссе жазу, жинақтайды, бір-бірін бағалайды

    Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу

    Бағалау

    Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату

    Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек

    Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды

    Рефлексия

    Екі жұлдыз , бір тілек

    Стикерлерді толтыру

    Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)

    ББҮ кестесін толтыру

    Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.

    Үйге тапсырма

    Өлеңді мәнерлеп оқу.

    «Әдебиет әлемі»тақырыбына кітапша , альбом жасау.

    multiurok.ru

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *